БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    Зайсан ауданының әкімдігі

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    1.Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарыменне болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?

    Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап « Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді » деп көзделген.

    Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.

    Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді.

    1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

    Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу.

    Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды.

    ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ.ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады.

    1. Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

    Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.

    2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады.

    Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.

    Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.

    1. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?

    Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.

    БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның100%акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті.

    БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді.

    Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.

    Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады.

    Осы платформа арқылы салымшылар:

    • инвестициялық портфельдердің құрылымымен;
    • әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен;
    • инвестициялық құралдардың құрамымен;
    • түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен;
    • инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады.

    Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады.

    1. Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?

    Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы.

    Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.

    Жүктеу
    e8422db0f118e1b87c66bb138b22b220_original.21776.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жөніндегі 10.08.2026 жылы жоспарланып, өткізілген №5 аудандық жер комиссиясы отырысының қорытындысы

    № Лот атауы Жер учаскесінің жалпы ауданы, алап түрі Жеңімпаздың аты-жөні 1 №1 лот Біржан а/о 15,2 га егіндік Мухаметкалиев Кайрат Закиевич 2 №2 лот Қаратал а/о 38,5 га егіндік Нүргеніш Қайырбек 3 №3 лот а/о Қаратал а/о 1...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елде...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН ҚҰРАМЫ

    № 597 учаскеліксайлаукомиссиясының ҚҰРАМЫ Сарытерек ауылы, Шөкей Сәкібаев көшесі, 1, «Сарытерекорта мектебі» КММ Төрайымы:Турабаева Риза Юрьевна Орынбасары:Мейрбаев Мади Канатович Хатшысы:Қуанышбекқызы Мадина Комиссия мү...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру жөніндегі 29.06.2026 жылы жоспарланып, өткізілген №4 аудандық жер комиссиясы отырысының қорытындысы

    № Лот атауы Жер учаскесінің жалпы ауданы, алап түрі Жеңімпаздың аты-жөні 1 №1 лот Біржан а/о 48,3 га егіндік Смагулов Асет Жунисханович 2 №2 лот Біржан а/о 92,8 га жайылым Шакенова Лаззат Кызылбаевна 3 №3 лот Біржан а/о...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлемелдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттықерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвест...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА

    «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-і, 2026 жылы 22 шілде күні сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскелерін жеке меншікке сату бойынша gosreestr.kz сайтында өткізген электронды аукцион нәтижесі. № Жер учаск...

    Зайсан ауданының әкімдігіЖарияланды: