Е.Т. Саржігітовтің диссертациялық жұмысын қорғау туралы
хабарлама
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ жанындағы 8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау бағыты 6D011700 / 8D01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруге арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесте «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Саржигитов Ерик Тортаевичтің«Жыраулар поэзиясын жоғары оқу орнында оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Мауленов Алмасбек Аныкбекович – филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕ АҚ, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, 10.01.02 – Қазақ әдебиеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
- Балтабаева Наргиза Смаиловна – философия докторы (PhD), «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕ АҚ, Қазақ әдебиеті кафедрасы, 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесшілер: Имангазинов Муратбек Мубыракханович – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ (Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы).
Жумакаева Береке Даулетхановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), SDU University (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Кенан Коч – философия докторы (PhD), профессор, Мугла Сыткы Кочман университеті (Мугла қаласы, Түркия Республикасы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Кыяхметова Шара Асетовна – филология ғылымдарының кандидаты, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Диссертациялық кеңестің төрағасы (Талдықорған қ., Қазақстан);
- Фазылжан Анар Мұратқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
- Юсупова Альфия Шавкетовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазан федералды университеті (Қазан қ., Ресей Федерациясы) Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшесі;
- Абызова Айна Маратовна – философия докторы (PhD), «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (Талдықорған қ., Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Калиева Альмира Кайыртаевна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ., Қазақстан);
- Саметова Жанакуль Шынгисхановна – философия докторы (PhD), «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕ АҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Жолмаханова Акерке Болатовна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕ АҚ (Қызылорда қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 28 тамыздасағат 11.00-де «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ жанындағы 8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау бағыты 6D011700 / 8D01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруге арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжайы: 040009, Талдықорған қ., І. Жансүгіров к-сі, 187а, конференция залы
(103а-ауд).
Zoom байланысы сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/9986561390?pwd=TtNFin5WGvibVr24MdWLLkIXXzMiha.1
Конференции идентификаторы: 998 656 1390
Кіру коды: 7777
Бейнежазбаға сілтеме (Youtube): https://youtube.com/live/mvZyOeTXKKY?feature=share
Сайт адресі: https://zhetysu.edu.kz/
E-mail: [email protected]
Ғалым хатшы Абызова А.М.
Тел.:+77750050551