Жамбыл облысы әкімінің 2026 жылы Байзақ ауданыСарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында
берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
АҚПАРАТ
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
1. |
Қостөбе орта мектебінің спорт залының баскетбол алаңын талапқа сай жабдықтау |
2026 жылғы 1 тоқсан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Аталған мектептің спорт залындағы баскетбол алаңын талапқа сай жабдықтау мақсатында жылжымалы баскетбол қалқаны сатып алынып, орнатылды |
2. |
Аққия ауылындағы құрылысы аяқталған мектептің білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиясының алуын жеделдетіп, ашылуын оқу жылының 4-тоқсанында қамтамасыз ету |
2026 жылғы 2 тоқсан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Қазіргі таңда, облыстық әкімдікке заңды тұлғаның атауына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы ұсынылды. Заңды тұлғанын атауы өзгергеннен кейін мемлекеттік білім беру лицензиясын алуға өтініш беріледі |
3. |
Жақаш ауылындағы «Айнұр» балабақшасын көгілдір отынмен жылыту жүйесіне келесі жылыту маусымына дейін қосу |
2026 жылғы 3 тоқсан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Қазіргі таңда «QazaqGaz Aimaq» АҚ Байзақ аудандық газ шаруашылығы учаскесінен техникалық шарт алу үшін балабақша ғимаратын тіркеу жұмыстары жүргізілуде |
4. |
Кеңес ауылындағы №3 орта мектепке және Жетібай ауылындағы Жамбыл орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру |
2027 жылғы 1 тоқсан |
Облыс әкімдігінің білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Аталған мектептер облыс бойынша бекітілген жаңғырту жоспарына енгізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары |
5. |
Аудандық «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру |
2026 жылғы 2 тоқсан |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Аудандық «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін «Каз Строй KZ» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылып, жөндеу жұмыстары басталатын болады |
6. |
Қостөбе ауылынан Сарыкемер-Тараз бағыты бойынша қоғамдық көліктерге арналған арнайы аялдамаларды орнатуды заң аясында шешу жолдарын қарастыру |
2026 жылғы 4 тоқсан |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі(жинақтау) |
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Тараз-Сарыкемер бағыты бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 аялдаманы орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде |
7. |
Бурыл-Тараз қаласы бағытында қатынайтын (№068) маршрутты қайта іске қосу мүмкіндіктерін заңға сәйкес қарастыру |
2026 жылғы 2 тоқсан |
Тараз қаласының және Байзақ ауданының әкімдері(жинақтау) |
Бурыл-Тараз маршрутты қайта іске қосу мүмкіндігін қарастыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиісті хат жолданды |
8. |
Аймантөбе ауылында орналасқан «Алди и К» ЖШС-нің қоқыс полигонына сұрыптау қондырғыларының жоспарға сәйкес орнатылуын қамтамасыз ету және полигонда өрт қауіпсіздігін тұрақты бақылауға алу |
2026 жылғы 3 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі(жинақтау), облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Аймантөбе ауылында орналасқан |
9. |
Байзақ ауылы «Байзақ» ӨК-нің (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, алаңы 4,0 га) жерінде орналасқан «Ақтөс» ит питомнигін ауылдан тыс жерге көшіру мәселесін заң аясында шешу жолдарын қарастыру |
2026 жылғы 4 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі(жинақтау), облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті(келісімі бойынша) |
Байзақ ауылының Бас жоспарына сәйкес, 4,0 гектар жер учаскесіне саябақ орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге аталған жер учаскесінде «Ақ төс» иесіз жануарларды қорғау қоғамдық қорының нысандары орналасқан. Қазіргі уақытта ҚР Жер кодексінің 84-бабына сәйкес, Байзақ ауданы әкімінің 2026 жылғы |
10. |
Мәдімар, Бурыл, Сарыкемер ауылдарындағы ауыз су имараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
2026 жылғы 3 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі(жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары |
Мәдімар ауылы бойынша ауыз су жобасын қаржыландыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Бурыл және Сарыкемер ауылдары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады |
11. |
Сарыкемер ауылына берілетін табиғи газ қысымын көтеру мәселесін қарастыру |
2026 жылғы 4 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Газ қысымын арттыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, жобаны қаржыландыру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қыркүйек айында бюджеттік өтінім ұсынылатын болады |
12. |
Түймекент ауылында шағын футбол және балалар ойын алаңшаларын салу мәселесін қарастыру |
2026 жылғы 4 тоқсан |
Байзақ ауданының әкімі (жинақтау) |
Түймекент ауылында 2026 жылдың соңына дейін қосымша 3 спорт алаңшасын салу және пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 1 спорт алаңшасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 1 спорт алаңшасы демеушілердің қолдауымен және 1 спорт алаңшасы облыстық білім басқармасы тарапынан жүзеге асырылатын болады |
13. |
Бурыл ауылына қажеттілігіне қарай қосымша бейнебақылау камераларын орнату мәселесін зерделеп, тиісті шаралар қабылдау |
2026 жылғы 4 тоқсан |
Облыстық полиция депаратменті(келісімі бойынша), Байзақ ауданының әкімдігі (жинақтау) |
Бурыл ауылына қосымша бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қажеттілігіне қарай зерделенді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес бейнебақылау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін 3,9 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді |
14. |
Су саласын дамытудың |
2027 жылғы 4 тоқсан |
«Қазсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы, Байзақ ауданының әкімдігі (жинақтау) |
Су саласын дамытудың |