Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады

    ·

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті.

    2026 жылдың 1 мамырында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%).

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 731,99 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,6%.

    Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 16,4% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 мамырында олардың көлемі – 9,76 млрд теңге.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 мамырына 1023,59 млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 4 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1184,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,6%-ға (немесе 150,79 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 мамырға дейін 914,11 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,2%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 51,04 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 640,89 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 219,19 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 41,61 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 522,73 млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 97,98 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 952 теңге.

    2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 205,62 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 41,25 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 14,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,22 млн теңге, жерлеуге – 3,23 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,62 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,10 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,33 млн - МЗЖ бойынша, 778,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 474,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,33 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,84 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    Информация
    Информация
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары

    Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 шілде № 49/2 шешіміне қосымша Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 40/2 шешімімен бекітілген Шиеліауданының 2026–2030 жылдарға арналғандаму жоспары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ долларытұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға бер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Шиелі ауданы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №2 А (Ж.Таспамбетова көшесі) 3х6 2 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесінің бойында(Аркадан кіргенде Ру-6 беті) №1 Б 3х6 3...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га. Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85400 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35300адам, ауы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі р/н Атауы 2025 жыл 1 шілдеге 2026 жыл 1 шілдеге % I Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге (нақты көлем индексімен) 36631,0 44006,0...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    Жоба Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан...

    Жарияланды: