«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Шу ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Теріскей мемлекеттік жер қорының 5223,1829 гектар жайылым жерін Шу ауданының Өндіріс ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Шу ауданының Өндіріс ауылдық округінің шекарасы жалпы көлемі 107912,9829 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін.
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Жамбыл облысы мәслихатының агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.