Қызмет алушылардың назарына

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық дамуминистрлігі мәліметі бойынша«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде қазіргі уақытта 1-Қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету процестері бапталып, қолжетімді екенін хабарлайды. Аталған қызметтер бойынша процестер қызметкөрсетушінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, тиісті құжаттар менкелісілген, оның ішінде қызмет алушының өлшем бірліктерін көрсетумәселелері де қамтылған.

    Қазіргі уақытта міндетті өлшем бірлігі және міндетті емес өлшем бірлігі (қызмет алушы көрсетеді) қатар қолданылуда, бұл 2021 жылғы 14 қыркүйектегіNo 80 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне (бұдан әрі –Шешім) қайшы келеді. Аталған Шешімге сәйкес ТН ВЭД коды бойынша нақтықосымша өлшем бірлігі бекітілген.

    Осыған байланысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қазіргіуақытта «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіндекөрсетілетін қызмет процестерін Шешім талаптарына сәйкестендіру бойыншатехникалық жұмыстар жүргізуде.

    Сонымен қатар, «Кеден» ақпараттық жүйесінің іске қосылуынабайланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де Шешім талаптарын бұза отырыпрәсімделген лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары «Кеден» АЖ-деқабылданбайтынын хабарлаймыз, себебі «Кеден» АЖ тарапынан форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) жүзеге асырылады.

    Өз кезегінде, жүргізіліп жатқан жұмыстар кезеңінде «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де құжаттарды рәсімдеу барысында қызмет алушылар үшін келесіақпараттық хабарлама көрсетілетін болады:

    Импорт/экспорт лицензиясын алу үшін өтінім беру кезінде кедендікрәсімдерді жедел жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды кедендіктазартудың мүмкін болмауына байланысты туындайтын қаржылықшығындардың алдын алу мақсатында, тауар саны мен өлшем бірліктері туралы мәліметтерді 2021 жылғы 14 қыркүйектегі No 80 Еуразиялықэкономикалық комиссия Кеңесінің шешімі талаптарына қатаң сәйкестолтыруды сұраймыз.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстардың аяқталуы туралы қосымшахабарланатын болады.

    Осылайша, жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңде «Е-лицензиялау» МДҚАЖ-де құжаттарды тікелей рәсімдейтін қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшелер өлшем бірліктерінің, оның ішінде міндетті қосымша өлшем бірліктерінің дұрыс толтырылуына ерекше назар аударуы қажет. Өлшембірліктері қате көрсетілген жағдайда, қызмет алушы құжатты қайта рәсімдеуге мәжбүр болады.

    1 Қосымша : Тізім

    Жүктеу
    1b2edba25f82a41ff68dbc4b5d5643c5_original.17675.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу
    4721316cc477f34802242a1ab6c3c398_original.13792.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында мүмкін болатын жалған шығу тегінің белгілері бар Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан өндіруші, «Камагра 100, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг», № АСВ 05971 сериясы, жарамдылық мерзімі 01/2029 дәрілік препарат сериясын анықтады.

    Ақпарат

    "Бір терезе" Қағидаты бойынша композиттік мемлекеттік қызмет

    Бұйрық

    № 354-НҚ от 20.08.2026 Дәрілік препараттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

    Ақпарат

    Жаңа синтетикалық бензодиазепин — «ethylbromazolam» анықталған фактілер туралы

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі – қарай Департамент) мынаны хабарлайды. Қазақстан Республи...

    Бұйрық

    № 329-НҚ от 05.08.2026 Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы

    Бұйрық

    № 330-НҚ от 05.08.2026 «Трамадол Ланнахер, қабықпен қапталған ретард таблеткалар 100 мг, 150 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

    Бұйрық

    № 300-НҚ от 09.07.2026 «Декарис, таблеткалар, 50 мг, 150 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

    Тізілім

    Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша тиісті фармацевтикалық практикаларға (GxP) сәйкестік сертификатының иегерлерінің тізілімі.