Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ауылдық округтерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

    Талдықорған қаласының әкімдігі

    Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ауылдық округтерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Өтенай және Еркін ауылдық округтеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетіледі.

    Бағдарламаның мақсаты ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын жою болып табылады. Ол жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы (2025 жылға 393 200 теңге) және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - 2000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада (2025 жылға 7 млн. 864 мың теңге)бюджеттік кредит ретінде көрсетіледі.

    Бюджеттік кредит мамандар үшін 15 жылға, жылдық 1 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.

    Бағдарламаның басты шарты маман ауылдық елді мекенде 3 жыл қызмет етуі тиіс.

    Талдықорған қаласына қарасты Өтенай және Еркін ауылдық округтеріне сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі әр тоқсан сайын қалыптастырылып, қала әкімдігінің сайтында және Отбасы банкі Порталында орналастырылады.

    Тізбеде алдағы кезеңде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі (тұрақты жұмыс орны болу қажет).

    Әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бойынша және тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік қолдау шаралары:

    бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешектің, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізу болмағанда;

    өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;

    өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.

    өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда, яғни Еркін және Өтенай ауылдық округі қарайтын Талдықорған қаласында, маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ екендігі туралы анықтама ұсынылады.

    Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер қатарынан кезектілік қалыптастырылады және құжаттарын қайта қарау мерзімі екі жылдан аспайды.

    Әлеуметтік қолдау шараларын алған маманның жұмыс орнынан 3 жыл бойы тоқсан сайын анықтама ұсынылу қажет.

    Бөліммен 2025 жылы Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank арқылы 20 маманға көтерме жәрдемақы және 5 маманға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

    Жүктеу
    64c113f44aa29fc154c2bfa38c505f96_original.14104.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіндегі 2 дана кесілген «Қарағаш» ағаштарын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукцион...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

    Құрметті кәсіпкерлер және өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар! 2026 жылғы 9 қыркүйек күні «Даму» қоры кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік күнін» өткізеді. 📍 Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы,...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіндегі түрғын емес үй-жайларды сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның басталу...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіне түскен құм қиырщық тас қоспасын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның бас...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп 31.08.2026 жылға

    Бюджеттік есептілікті жасаужәне ұсыну қағидаларына10-қосымшаӘкімшілік деректер жинауғажарналған нысан Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп 31.08.2026 жылға Бюджет түрі 701001 - Бюджет города Талдыкорган Жеты...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    МКД ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    1-материал.Ресми жаңалық.Алаңдар: уәкілетті органның сайты, салалық портал, республикалық БАҚ, әкімдіктердің, басқармалардың сайттары Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады.Елдің барлық көппәтерлі үйлері...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    1 жартыжылдықтағы азаматтық бюджеттің орындалуы туралы есеп

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, көлік құралдарын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында көлік құралдарын сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның басталу уақыты: 2026 жылғы 23 қыркүйек Астана қалас...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды: