МКД ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Талдықорған қаласының әкімдігі

    1-материал.
    Ресми жаңалық.
    Алаңдар: уәкілетті органның сайты, салалық портал, республикалық БАҚ, әкімдіктердің, басқармалардың сайттары

    Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады.
    Елдің барлық көппәтерлі үйлері бір тізілімге енгізіледі — мекенжайы, қабаттар саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің жағдайы, лифтілер және есепке алу аспаптары көрсетіледі. Бұл жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ күрделі жөндеу және техникалық тексеру мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау үшін жүргізіліп жатыр.

    Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабындағы көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: бұл кондоминиум объектісінің ортақ мүгілігінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабаттар санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және таңдалған басқару формасына қарамастан барлық үйлер — соның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару формасы әлі анықталмаған үйлер де кіреді.

    Тізілімде әрбір үйдің бірыңғай коды болады — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код арқылы үйге басқа көздерден алынған мәліметтер «жалғанады»: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару формасы мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілерге қосылу және есепке алу аспаптары туралы деректер.

    Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинақтау және сақтау қағидаларымен белгіленген. Сонымен қатар осы қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңбері де анықталған: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік меншігі иелерінің бірлестіктері, пәтер иелері кооперативтері, басқа да басқару субъектілері.

    Меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендірме нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар мен берешек туралы мәліметтер — түгендеу кезінде жиналмайды.

    Тізілімнің беретіні: күрделі жөндеуден өтетін және лифтілері ауыстырылатын үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу аспаптарымен қамтылуының шынайы деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар негізінде емес, нақты деректер негізінде өңірлердің желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектеріндегі есептеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету, ПИК пен МИБ, басқару компанияларының жұмыс пен атқарушы құжаттаманы жүргізу тәртібін арттыру.

    Мәліметтерді жинақтауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік меншігі иелерінің бірлестіктеріне, бірлескен тікелей басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызмет көрсетушілерге жіберіледі.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіндегі 2 дана кесілген «Қарағаш» ағаштарын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукцион...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

    Құрметті кәсіпкерлер және өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар! 2026 жылғы 9 қыркүйек күні «Даму» қоры кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік күнін» өткізеді. 📍 Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы,...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіндегі түрғын емес үй-жайларды сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның басталу...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, қалалық коммуналдық меншігіне түскен құм қиырщық тас қоспасын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында мемлекеттік мүлікті сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның бас...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп 31.08.2026 жылға

    Бюджеттік есептілікті жасаужәне ұсыну қағидаларына10-қосымшаӘкімшілік деректер жинауғажарналған нысан Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп 31.08.2026 жылға Бюджет түрі 701001 - Бюджет города Талдыкорган Жеты...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    1 жартыжылдықтағы азаматтық бюджеттің орындалуы туралы есеп

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Талдықорған қаласының әкімдігі, көлік құралдарын сату бойынша www.e-qazyna.kz веб-порталында көлік құралдарын сату жөнінде аукцион өткізетіндігін хабарлайды. Аукционның басталу уақыты: 2026 жылғы 23 қыркүйек Астана қалас...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы кәсіпкерлерінің назарына!

    Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру Ұйымдастырушы: «Жетісу облысының кәсіпкер...

    Талдықорған қаласының әкімдігіЖарияланды: