ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты

    Қазығұрт е.м. 21 шілде 2026 жыл

    ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ

    Қатысқандар: 15 адам

    Жиналыс өткізілген орын: Кәсіпкерлік мектебі,Қонаева 2Д

    Жиналыс төрағасы: «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК директорының міндетін атқарушы М. Жұманов

    Хатшы: М. Тойшыбай, «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК кадр маманы

    Күн тәртібі

    «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК-ның 2026 жылғы I жарты жылдық арналар арқылы су беру қызметінің тарифтік сметасының орындалуы туралы.

    Тыңдалды

    М. Жұманов, кәсіпорын директорының міндетін атқарушы: 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кәсіпорынның су пайдаланушыларына сәуір–маусым айларында жеткізілген ағын судың көлемі 26,7 млн м³ болды. Жоспар бойынша 50,1 млн м³ көзделген, яғни жоспардың орындалуы 53,2%. Бұл көрсеткіштің төмен болуына сәуір–мамыр айларындағы жауын-шашынның мол болуы әсер етті.

    Көрсетілген қызметтен түскен табыс: 26 700 мың м³ × 546 теңге = 14 578,0 мың теңге.

    Түскен қаражат төмендегі шығындарға жұмсалды: Материалдар – 2 810,0 мың теңге; Еңбекақы – 9 856,0 мың теңге; Салықтар – 916,0 мың теңге; Су салығы – 510,0 мың теңге; Басқа шығындар (материалдық қорлар сатып алу, банк қызметтері және т.б.) – 486,0 мың теңге.

    Су пайдаланушылармен жасалған келісімшарттардың саны – 212, суармалы жер көлемі – 2 130 гектар.

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің бұйрығына сәйкес алдағы уақытта су пайдаланушылармен келісімшарттарды электрондық форматта жасау жоспарлануда. Осыған байланысты су пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Н. Әбдібаев, «Қарқын 2030» ЖШС директоры: Су беру қызметінің тарифіне қатысты мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

    А. Полатова, есепші: Кәсіпорынның 2026–2030 жылдарға арналған ағын суды каналдар арқылы жеткізу қызметінің тарифтік сметасын бекіту мақсатында «База Монополист» ақпараттық жүйесі арқылы өтінім берілгенін хабарлады.

    Н. Аширов, «Шарбұлақ» ӨК төрағасы:

    Кәсіпорынның тарифтік сметасының орындалуына қатысты пікірін білдіріп, ұсыныстарын енгізді.

    ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    1. Ағын суды жеткізу қызметінің тарифін қайта қарау және арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті органына 2026–2030 жылдарға арналған толықтырулармен өтінім ұсынылсын.
    2. «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК-ның 2026 жылғы I жарты жылдық арналар арқылы су беру қызметінің тарифтік сметасының орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.

    Жиналыс төрағасы: ____________________ М. Жұманов

    Хатшы: ____________________ М. Тойшыбай

    Жүктеу
    721ea35eae23cf437d7a5497a5081ce2_original.116699.jpeg
    JPEG · 114 КБ
    Жүктеу
    45e397b648672b80a88cd26d9a439370_original.15145.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу
    0a4c188534c5f359b21f3cce244cfab5_original.96947.jpeg
    JPEG · 95 КБ
    Жүктеу
    6051840b46c1a36a48c840086f900c18_original.89805.jpeg
    JPEG · 88 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Жою жоспар

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    Хабарландыру (ҮЕҰ-на арналған сыйлықақы ұсыну конкурсына қатысты) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйл...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Меморган Жиі қойылатын сұрақ Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Кілт сөздер және хештегтер 1 Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты Тұрғын үй кезегі мәселесі Тұрған...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспары

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖЕР УЧАСКЕСІН АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АНЫҚТАМА

    ЖЕР УЧАСКЕСІН АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АНЫҚТАМА Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін мемлекеттен тегін жер учаскесін алуға құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасыны...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жәнетөлеу қағидаларына2- қосымша Нысан «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атау...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК

    «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК «Қазығұрт су шаруашылығы» ШЖҚ МКК 2026 жылы 3000 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді. “Қазығұрт су шаруашылығы” МКҚ-ның балансындағы Үлкен Келес магистралды ка...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: