Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және
төлеу қағидаларына
2- қосымша
Нысан
«Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – «портал»), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы; |
3 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
Мансап орталығына жүгінген кезде мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні |
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні | ||
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні | ||
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады | ||
2) мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – | ||
3) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут | ||
4 |
Көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде/проактивті |
5 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
мансап орталығы немесе әкім арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы тағайындау туралы, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар ету. Қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда – тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында |
6 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Мансап орталығы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін; |
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. | ||
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі. | ||
3) «порталда» – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). | ||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мансап орталығына Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай: |
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін); | ||
2) қандас мәртебесі туралы; | ||
3) босқын мәртебесі туралы; | ||
4) шетелдік мәртебесі туралы; | ||
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; | ||
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; | ||
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; | ||
8) мүгедектікті белгілеу туралы; | ||
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; | ||
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; | ||
11) бала асырап алу туралы; | ||
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; | ||
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы; | ||
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); | ||
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы; | ||
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; | ||
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; | ||
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); | ||
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; | ||
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы; | ||
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; | ||
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; | ||
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; | ||
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады. | ||
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе мансап орталығы тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. | ||
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы. | ||
Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі. | ||
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. | ||
Порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш; көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандастың мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдіктің мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер; жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы; мүгедектікті белгілеу туралы; баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; бала асырап алу туралы; некені (ерлі-зайыптылықты) одан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы; егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар), дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, еңбек қызметі (бар болса) туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; алименттер және (немесе) оларды алмастыратын адамдар туралы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы үш ай қатарынан олар бойынша берешектің болуы туралы; өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; меншігінде тұрғын үйдің, Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. | ||
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде: мемлекеттік қызметті көрсету үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну. Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдік мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, баланың тууын (қайтыс болуын) (барлық балаларға) тіркеу туралы, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы, бала асырап алу туралы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу жағдайларын қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды (бұзуды) тіркеу туралы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы, табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде алимент және (немесе) олар бойынша берешегінің болуы туралы, бас бостандығынан айыру орындарында болуы немесе өтініш берушінің отбасы мүшелерін мәжбүрлеп емдеу туралы, меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтерді, электрондық өтініште көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу арқылы пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады. | ||
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға: |
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы; | ||
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы; | ||
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы; | ||
4) Кодекстің 123-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы; | ||
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде; | ||
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады. | ||
10 |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. |
Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. | ||
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. | ||
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |