Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    ·

    Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген

    инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.

    ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.

    Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді.

    Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде 1 060,20% құрады.

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,21 трлн теңге. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.

    Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады ( https://www.enpf.kz/kz/).

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    a6a4491b040e8372571a2dc8b764f502_original.61813.docx
    DOCX · 60 КБ
    Жүктеу
    28502a87cf196080df36c4c02b49218c_original.64656.docx
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Меморган Жиі қойылатын сұрақ Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Кілт сөздер және хештегтер 1 Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты Тұрғын үй кезегі мәселесі Тұрған...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ

    Қазығұрт е.м. 21 шілде 2026 жыл ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ Қатысқандар: 15 адам Жиналыс өткізілген орын: Кәсіпкерлік мектебі,Қонаева 2Д Жиналыс төрағасы: «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК директорының міндетін атқарушы М. Жұманов Хат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ЖЕР УЧАСКЕСІН АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АНЫҚТАМА

    ЖЕР УЧАСКЕСІН АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АНЫҚТАМА Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін мемлекеттен тегін жер учаскесін алуға құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасыны...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жәнетөлеу қағидаларына2- қосымша Нысан «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК

    «Қазығұрт су шаруашылығы» МКК «Қазығұрт су шаруашылығы» ШЖҚ МКК 2026 жылы 3000 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді. “Қазығұрт су шаруашылығы” МКҚ-ның балансындағы Үлкен Келес магистралды ка...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазығұрт ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесу өткізу орындары туралы АҚПАРАТ

    Қазығұрт ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесу өткізу орындары туралы АҚПАРАТ № Әкімшілік атауы Кездесу орны 1 Алты...

    Жарияланды: