Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі №119 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында 2026 жылдың 21 тамызда Қазығұрт аудандық әкімдігі аппаратының Бас инспекторы Н.Ерназаровтың қатысуымен арнайы семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу, ішкі бақылауды ұйымдастыру және есептілікті ұсыну тәртібіне енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда, бақылау жартыжылдық графикке сәйкес және жоспардан тыс негіздер бойынша жүргізілетіні, бақылаудың жартыжылдық графигі уәкілетті органмен бекітілетіні, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу кезінде олардың маусымдылығы, жаппай көрсетілуі, проблемалылығы және әлеуметтік маңыздылығы ескерілетіні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жоспардан тыс бақылау жүргізудің негіздері, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік жазбаларының маңыздылығы түсіндірілді.
Семинар қорытындысында қатысушыларға енгізілген өзгерістерді күнделікті қызмет барысында басшылыққа алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және ішкі бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.