Мектеп асханаларына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты

    Мектеп асханаларына қойылатынсанитариялық эпидемиологиялықталаптар

    Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың, оқушылардың денсаулығының мықты болуы кез келген қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал, денсаулық жағдайы көбіне әрбір баланың ұстанатын өмір қағидасымен тамақтанатын асына тікелей байланысты. Сол себепті мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп, оның дұрыс жолға қойылуын қадағалауда ұстауымыз керек. Мектеп асханасы – оқушылардың денсаулығын сақтау мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін маңызды орын. Сондықтан мектеп асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау өте маңызды. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық қағидаларымен реттеледі.

    Ол үшін мектеп асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз болуы тиіс. Жекеменшік мектептерді қоспағанда мемлекеттік білім ұяларының ғимараттарында орналасқан асханалар жеке кәсіпкерлердің меншігінде болып табылады.

    Мектеп асханаларына қойылатын негізгі талаптар:

    -мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы;

    -үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы;

    -кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі;

    -ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы;

    -жылу және ылғал бөлу жабдықтарының үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылуы;

    -технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың жеткілікті болуы;

    - асхананың барлық бөлмелері арнайы мақсатқа бөлінеді: ас дайындайтын орын, қойма, ыдыс жуатын бөлме, қызметкерлер бөлмесі және тамақ ішетін залдың болуы.

    Объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылып, жүргізіледі. Мектеп асханаларының қызметкері жеке бас гигиенасын сақтау үшін таза арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу қажет.

    Мектеп асханасында дайындалатын тағамдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және пайдалы болуы қажет. Тағам мәзірінде ақуыз, май және көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Сонымен қатар газдалған сусындар мен кейбір зиянды тағамдарды сатуға рұқсат етілмейді. Тағам өнімдері арнайы тоңазытқыштарда сақталады және олардың жарамдылық мерзімі міндетті түрде тексеріледі. Ас дайындау кезінде санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.Мектеп асханаларында ас әзірлеуге қажетті негізгі құжаттардың бірі – ас мәзірі. Білім беру объектілерінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді, оның құрамы: медицина қызметкері, бөлімнің жауапты маманы, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады.

    Асхана тазалығына қойылатын талаптар:

    -күнделікті ылғалды тазалау және дезинфекциялаудың жүргізілуі;

    -жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралар атқарылуы;

    -асхана қызметкерлерінің медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы;

    -дене қызуы көтерілген, жарақаттары бар жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнынан шеттету;

    -қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар-жабдықтардың жеткілікті болуы.

    Мектеп асханасында тазалық үнемі сақталуы керек. Едендер, қабырғалар және жұмыс үстелдері күн сайын жуылып, дезинфекцияланады. Асханадағы ыдыс-аяқтар әр қолданғаннан кейін мұқият жуылып, арнайы тәсілмен залалсыздандырылады.

    Бұл талаптардың орындалуы тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Қорыта айтқанда, мектеп асханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау оқушылардың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты болып табылады. Асхананың тазалығы, тағамның сапасы және қызметкерлердің жеке гигиенасы – қауіпсіз әрі дұрыс тамақтанудың негізгі кепілі. Балалардың денсаулығы мықты, ақылды және белсенді болып өсуі үшін дұрыс тамақтануды ұйымдастыру қажет.

    Қазығұрт аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы К.Усипбекова

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шару...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазығұрт ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шар...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шару...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарлама

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі №119 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі №119 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулард...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шару...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Адалдық пен ашықтық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің берік негізі

    Адалдық пен ашықтық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің берік негізі Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне кері әсер ететін және азаматтардың мемлекетке д...

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Жою жоспар

    Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: