Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ·

    Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.Мәслихаттың «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10262-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

    көрсетілген шешім қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Алтынсарин ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидалары»;

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алтынсарин ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайды тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

    кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.».

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

    Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.»;

    көрсетілген шешім қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

    Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».

    1. «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    С. Мусапирова

    Жүктеу
    19312363a8b3bbf4659daffada0390a8_original.96768.docx
    DOCX · 95 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы За...

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алтынсарин аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихаттың 2023 жылғы 2...

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Алтынсарин ауданд...

    Жарияланды:
    Шешім

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы Алтынсарин аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші...

    Жарияланды:
    Шешім

    «Алтынсарин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №171 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

    «Алтынсаринаудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №171 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы...

    Жарияланды:
    Шешім

    Алтынсарин ауданында 2026 жылы спортты дамытудың келешектері және 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы

    Алтынсарин ауданында 2026 жылы спортты дамытудың келешектері және 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының ақпаратын тыңдап, аудандық мәслихат ШЕШІМ...

    Жарияланды:
    Шешім

    Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы бойынша жылдық есебін бекіту туралы

    Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы бойынша жылдық есебін бекіту туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының «Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтері...

    Жарияланды:
    Шешім

    Алтынсарин ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

    Алтынсарин ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Аудандық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекем...

    Жарияланды: