Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы бойынша жылдық есебін бекіту туралы
Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының «Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы» есеп - қорытындысын және ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдап Алтынсарин аудандық мәслихаты, ауданның ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы бойынша атқарушы органдармен сәйкес жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
2025 жылға ауыл және ауылдық округтердің төртінші дәрежедегі бюджеттері «Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2026-2027 жылғы бюджеттері туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 117 мәслихат сессиясының шешімімен бекітілді.
2025 жылға Большая Чураковка ауылдық округінің бюджетіне 205530,1 мың теңге немесе жоспарлы көрсеткіштерге 104,2%, кіріс түсті оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 38006,8 мың теңгені құрады;
- салықтық емес түсімдер – 40,0 мың теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1131,6 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 166351,7 мың теңге.
Бюджетті атқару барысында 2 нақтылау және 12 түзету енгізілді.
Ауылдық округ бойынша 205688,1 мың теңге жоспардағы шығындар 205685,0 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 51738,4 мың теңге немесе 25,1 %;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 42214,2 мың теңге немесе 20,5 %;
- көлік және байланыс – 97520,7 мың теңге немесе 47,4 %;
Шығындар Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылындағы Амангелді, Бәйтерек, Набережная, Полевая, Тургайская көшелерінің 5 көшесінің жолдарын орташа жөндеуге бағытталған.
2025 жылға Димитров ауылдық округінің бюджетіне 154077,7 мың теңге немесе жоспарлы 102,6 % кіріс түсті оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 12787,4 мың теңгені құрады;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 974,3 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 140316,0 мың теңге.
Бюджетті атқару барысында 4 нақтылау және 8 түзету енгізілді.
Ауылдық округ бойынша жоспар 161598,5 мың теңге шығыстар 161596,9 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 25338,5 мың теңге немесе 15,6 % (2024 жылы 21714,3 мың теңге);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 8403,3 мың теңге немесе 5,2% (2024 жылы 1400,4 мың теңге);
- көлік және байланыс – 127854,8 мың теңге немесе 79,1 % (20285 жылы 5 150,0 мың теңге);
Өткен кезеңмен салыстырғанда шығындар іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарының төмендеуі және көлік пен байланыс шығындарының өсуі байқалады.
2025 жылға Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің бюджетіне 108124,1 мың теңге немесе жоспарлы 111,5 пайызға кіріс түсті оның ішінде:
- салықтық түсімдер 31205,4 мың теңгені құрады;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 59,4 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 76859,4 мың теңге.
Ауылдық округ бойынша 107403,7 мың теңге жоспардағы шығыстар 107399,1 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 36752,7 мың теңге немесе 34,3 %;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 31138,0 мың теңге немесе 29%;
- көлік және байланыс – 34842,0 мың теңге немесе 32,4 %;
- трансферттер түсімі – 4666,4 мың теңге немесе 4,3 %.
Омар Шипин атындағы ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылы 56864,7 мың теңге кіріс түсті немесе жоспарлы көрсеткіштерден 106,6 %, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 11605,5 мың теңге;
- трансферттер түсімдері – 45259,2 мың теңге.
Бюджетті атқару барысында бюджетке 3 нақтылау 9 түзету енгізілді.
Ауылдық округ бойынша 55589,4 мың теңге жоспардағы шығындар 55588,1 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 31140,4 мың теңге немесе 56,0 %;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 20097,6 мың теңге немесе 36,2%;
- көлік және байланыс – 3750,0 мың теңге немесе 6,7 %;
- трансферттер – 600,1 мың теңге немесе 1,1 %.
2024 жылмен салыстырғанда ( 59224,1 мың теңге) шығыстар көлемі 3636,0 мың теңгеге немесе 6,5%-ға өсті.
Бұл ретте жалпы шығыстың 21 пайызы ғана меншікті кіріс есебінен жабылған.
2025 жылы Обаған ауылдық округінің бюджетіне 232050,1 мың теңге немесе жоспарланған көрсеткішке 101,5 % кіріс түсті оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 40903,3 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер – 269,3 мың теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1192,7 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 189684,8 мың теңге.
2025 жылға бюджетті атқару барысында 3 нақтылау және 13 түзету енгізілді.
Ауылдық округ бойынша 250769,6 мың теңге жоспардағы шығыстар 250768,1 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 73903,3 мың теңге немесе 29,5 % (2024 жылы 99262,6 мың теңге);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 123322,0 мың теңге немесе 49,2% (2024 жылы 84171,9 мың теңге);
- көлік және байланыс – 45579,4 мың теңге немесе 18,2 % (2024 жылы 189464,4 мың теңге);
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 2399,7 мың теңге немесе 0,9 % ( 2024 жылы 2679 мың теңге);
- трансферттер – 5563,8 мың теңге немесе 2,2 %.
Өткен кезеңмен салыстырғанда жалпы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын шығындар қысқарды, шығындардың айтарлықтай бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге (тротуарлар салу, топырақ жұмыстары және ауылдық жерлерді абаттандыру) бағытталды.
Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округ бюджетіне 2025 жылы 82148,8 мың теңге көлемінде немесе жоспарлы 104,8% кіріс түсті:
- салықтық түсімдер – 45406,3 мың теңгені құрады;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1110,4 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 35632,0 мың теңге.
2025 жылы бюджетті атқару барысында 2 нақтылау және 12 түзету енгізілді.
Ауылдық округ бойынша 99639,1 мың теңге жоспар бойынша шығындар 99633,6 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 47464,5 мың теңге немесе 47,6 %;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 26352,5 мың теңге немесе 26,4 %;
- көлік және байланыс – 10069,3 мың теңге немесе 10,1 %;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 53,0 мың теңге немесе 0,1%;
- трансферттер – 15694,3 мың теңге немесе 15,8%.
Красный Кордон ауылының 2025 жылға арналған бюджетіне барлығы 35854,6 мың теңге немесе жоспарлы көрсеткіштерден 100,5 % кіріс түсті, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 9057,6 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер – 0,5 мың теңге;
- трансферттердің түсімдері – 26796,5 мың теңге.
2025 жылға бюджетке 3 нақтылау, 10 түзету енгізілді.
Красный Кордон ауылы бойынша жоспар 40347,9 мың теңге шығыстар 40346,3 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 35240,7 мың теңге немесе 87,3 %;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 3130,2 мың теңге немесе 7,7%;
- көлік және байланыс – 1086,4 мың теңге немесе 2,7%;
- трансферттер – 889,0 мың теңге немесе 2,2 %.
2025 жылы Новоалексеевка ауылының бюджетіне 236605,8 мың теңге кіріс түсті, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 6787,4 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер – 82,4 мың теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1172,5 мың теңге;
- трансферттер түсімдері – 228563,4 мың теңге.
Бюджетті атқару барысында 1 рет нақтылау және 6 түзету енгізілді.
Новоалексеевка ауылы бойынша 241843,1 мың теңге жоспардағы шығыстар 241841,6 мың теңгеге немесе 100 % орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 24665,5 мың теңге немесе 10,2 % (2024 жылы 20 704,8 мың теңге);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 20818,5 мың теңге немесе 8,6 % (2024 жылы 1185,2 мың теңге);
- көлік және байланыс – 194357,6 мың теңге немесе 80,4 % (2024 жылы 2050,0 мың теңге );
- трансферттер – 2000,0 мың теңге немесе 0,8 %.
2025 жылға Свердловка ауылы бюджетінің кірісі барлығы 190490,7 мың теңге немесе жоспарлы көрсеткіштерге 100,7 пайызды құрады, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 5163,7 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер – 4,3 мың теңге;
- трансферттердің түсімдері – 185322,7 мың теңге.
Бюджетті атқару барысында 2 рет нақтылау 16 түзету жүргізілді.
Свердловка ауылының шығындары 191684,0 мың теңге жоспармен 191682,5 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды және мыналарға бағытталды:
- жалпы мемлекеттік қызметтер – 27240,7 мың теңге немесе 14,2 % (2024 жылы 25320,2 мың теңге);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 17373,2 мың теңге немесе 9,1 % (2024 жылы 11754,6 мың теңге);
- көлік және байланыс – 146982,5 мың теңге немесе 76,7 % (2024 жылы 138775,2 мың теңге );
Өткен кезеңмен салыстырғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік және байланыс салаларындағы шығындар айтарлықтай өсті.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есебі негізінде, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы бойынша есебі осы шешімнің 1,2,3,4,5,6,7,8 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдеріне келесілер ұсынылсын:
- бюджеттік қаражатты тиімді және нәтижелі қолдану бойынша тұрақты негізде бақылау және мониторинг жүргізу;
- жоғары тұрған бюджеттерге түсетін жүктемені азайту мақсатында, оның ішінде ауылдық округті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру арқылы ауылдық округ бюджетінің өзіндік кірістерін көбейтудің қосымша көздерін табу;
- алдағы жылға арналған өз түсімдерінің жоспарлы көрсеткіштерін алдыңғы жылға қарағанда оң динамиканы ескере отырып және бекітілген болжамды көрсеткіштерді төмендетпей дамыту;
- аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тарту және шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
- Алтынсарин ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерін орындау кезінде Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескеру.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова