Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихаттың «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2708875,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1241901,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 9907,0мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 5315,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 1451752,7 мың теңге;
2) шығындар – 2242887,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 13654,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 75688,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 62034,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 452333,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -452333,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Мусапирова |