2026 жылдың 6 айы ішінде Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдарында 856 өтініш тіркелді (2025 ж. – 601 өтініш, өсім 42%), оның ішінде: өтініштер – 528, шағымдар – 56, басқалары (ұсыныстар, хабарламалар, сұратулар) – 272.
Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша өтініштерге жасалған талдау келесі мәселелер тобын көрсетеді:
- инфрақұрылымдық мәселелер (жолдарды, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу);
- жер заңнамасын сақтау мәселелері;
- абаттандыру мәселелері..
Аталған кезеңде ауданның мемлекеттік органдары барлығы 651 өтінішті қарады, құзыреттілігі бойынша 159 өтініш қайта бағытталды. Өтініштерді қарау және қайта бағыттау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
2026 жылдың есепті кезеңінде аудан әкімі, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары 311 жеке қабылдау өткізіп, 333 тұрғынды қабылдады.