Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің
тоқтатылғаны туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 3, 7-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына және 2026 жылғы 01 шілдедегі аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің №01-09/74 санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі «Усенов Талгат Жапсарбаевичке ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №97 қаулысының негізінде басталған мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
- Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етілсін.
- Қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органның интернет-ресурсын қоса алғанда, тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
Енгізуші:
Аудан әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі басшысы Д.Нурпеисов