Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат.

    Аппарат акима района Аксуат

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат.

    Бүгінгі күні Ақсуат ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны штаттық кестеге сәйкес 91 штаттық бірлікті құрайды. Нақты саны-91. Аудан әкімінің аппаратында-18, дербес бөлімдерде-29, ауылдық округ әкімі аппараттарында-44, мемлекеттік қызметші бар. Олардың 50 (55,5 %) еркектер, 40 (44,5 %) әйелдер. Жұмысқа жарамсыздық парағында (босануға байланысты) - 2, 14-35 жас аралығындағы жастар - 18 (20 %), 2026 жылы зейнеткерлік жасқа толып, зейнеткерлікке шыққандар - 1, 1 саяси қызметші бар.

    2026 жылдың басынан бастап, бүгінгі күнге дейін бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу үшін 1 ішкі, 15 жалпы конкурс жарияланып, конкурстық іріктеу арқылы 10 үміткер лауазымға орналасты.

    2026 жылдың 6 айында 7 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлық туралы заңнама талаптарын бұзып және теріс әрекеттері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып немесе қызметінен босатылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес бонус төленді.

    Бүгінгі күні аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар саны 90 штаттық бірлік. Оларды функционалдық блоктарға бөлу бойынша А блогына 64 лауазым (71,1 %), В блогына 26 лауазым (28,9 %), жатқызылған.

    Мемлекеттік органдарда қашықтықтан жұмыс істеуге, аралас қашықтықтан жұмыс істеуге, икемді кесте бойынша жұмыс істеуге мемлекеттік қызметшілер арасында сұраныс болмағандықтан мұндай жұмыс істеу түрлерін ұйымдастыру қажеттілігі туындаған жоқ.

    "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы 1-тармағына сәйкес, тәлімгерліктен 4 мемлекеттік қызметші өтті.

    Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша олардың тағылымдамасы өткізіліп келеді. 2026 жылғы тағлымдама кестесіне сәйкес 5 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінде және облыс әкімі аппаратында сонымен қатар ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері аудан әкімі аппаратында тағылымдамадан өтті.

    Абай облысы бойынша 2026 жылға мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық көрсеткіші 6,2% көлемінде белгіленген. Ақсуат ауданы бойынша 2026 жылы 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтен таза ауысым бойынша мемлекеттік қызметтен босаған қызметші болған жоқ.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдарында бекітілген 2026 жылға арналған жоспар-кестеге сәйкес, жоспарланған 40 мемлекеттік қызметшінің 33 біліктілігін көтерсе, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсына оқуға жоспарланғандар жоқ. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге арналған даярлау курсына 4 мемлекеттік қызметші оқытуға жоспарланып, 4 мемлекеттік қызметші курстан оқыдан өтті. Біліктілікті арттыру семинарларының тақырыптары мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттеріне қарай сараланып таңдалады. Соған сәйкес, биылғы жылы оқытылғандардың ішінде 9 мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында өткен семинарға қатысып біліктіліктерін арттырып қайтты.

    Мемлекеттік органдарға кіруді бақылау және басқару жүйесін (КББЖ) орнату, оны «Е-Қызмет» жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ id-карталарды сатып алу үшін тиісті сметасы жасалып қаржы қарастыру жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныстар берілген. Турникет аудан әкімі аппаратының ғимаратында орнатылған. Бүгінгі күні техникалық сүйемелдеу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

    Барлық мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» мәтіні көрнекі жерлерге орналасқан. Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының және аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдері туралы ақпарат және олардың тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша қабылдау кестелері ілінген.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында аудан әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдаулары туралы мәлімет

    2026 жылдың 6 айында аудан әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдаулары туралы мәлімет р/с Қабылдау жүргізген лауазымды тұлғаның аты-жөні Лауазымы Қабылдау саны Адам саны Қанағаттандырылды Түсінд...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы тамыз айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама

    2026 жылғы тамыз айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама 1 " Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат "блогы Қаз...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Кіндікті ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ (сайлау 2026 жылы 27 қыркүйек) 2026 жылғы 5 қыреүйек сағат 18.00-дегі жағдай бойынша №...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

    Абай облысыАқсуатауданыКіндіктіауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралықорытындыақпарат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты жұмыс істейтін учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты жұмыс істейтін учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы № 195УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ Орналасқан жері:Кіндікті...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Төрағасы Закариянов Ганимурат Кыдырханович Төрағаның орынбасары Нурбаев Кайртай Кенжешович Хатшы Ахметова Назипа Бокешовна Комиссия мүшелері: Абдилбаев Нуртас Турыс...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы « 19 » тамыздағы № 01-03/22 қаулысымен бекітілген 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округінің әкімін сайлауды әзі...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық с...

    abay-aksuatЖарияланды: