Ақсуат ауданының Кіндікті
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау
туралы
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 27 қыркүйегіне тағайындалсын.
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін .
- Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Тарбағатай» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Закариянов
Сайлау комиссиясының хатшысы Н.Ахметова
Ақсуат ауылы
2026 жылғы 19 тамыз
№01-03/22