Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Аппарат акима района Аксуат

    Жоба

    Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Ақсуат ауданы мәслихатының «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсуат ауданы

    мәслихатының төрағасы Ж. Оразғалиев

    Шешіміне қосымша

    Ақсуат аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 23 мамырдағы

    № 4/14-VIIIшешіміне

    қосымша

    Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері

    1.Жалпы ережелер

    1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және Абай облысы Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына ( бұдан әрі-мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

    1) ағымдағы шот- банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;

    2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер-тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкелтуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.

    1. Әлеуметтік қолдауды тағайындауға уәкілетті орган – «Абай облысы Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- ММ) жүзеге асырылады.

    2.Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

    1. Мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімдер (ары қарай-тізім) негізінде, ақшалай нысанда, мамандардың ағымдағы счеттарына аудару арқылы екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Казпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы көрсетіледі.

    2. Әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсуат ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

    3. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      7. Мамандарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

    4. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

    5. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптары сәйкес мемлекееттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдаудан бас тарту туралы, сондай-ақ алдын-ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны тәсілі туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.

    Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандардың ағымдағы шоттарына әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.

    Жүктеу
    dbcd97939a8498f294d4f2acf8b14087_original.16526.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында аудан әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдаулары туралы мәлімет

    2026 жылдың 6 айында аудан әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдаулары туралы мәлімет р/с Қабылдау жүргізген лауазымды тұлғаның аты-жөні Лауазымы Қабылдау саны Адам саны Қанағаттандырылды Түсінд...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы тамыз айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама

    2026 жылғы тамыз айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама 1 " Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат "блогы Қаз...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Кіндікті ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ (сайлау 2026 жылы 27 қыркүйек) 2026 жылғы 5 қыреүйек сағат 18.00-дегі жағдай бойынша №...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

    Абай облысыАқсуатауданыКіндіктіауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралықорытындыақпарат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты жұмыс істейтін учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты жұмыс істейтін учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы № 195УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ Орналасқан жері:Кіндікті...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Төрағасы Закариянов Ганимурат Кыдырханович Төрағаның орынбасары Нурбаев Кайртай Кенжешович Хатшы Ахметова Назипа Бокешовна Комиссия мүшелері: Абдилбаев Нуртас Турыс...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы « 19 » тамыздағы № 01-03/22 қаулысымен бекітілген 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округінің әкімін сайлауды әзі...

    abay-aksuatЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық с...

    abay-aksuatЖарияланды: