«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру бойынша АҚПАРАТ (2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша)

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

    «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»

    сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша

    Жол картасыніске асыру бойынша

    АҚПАРАТ

    (2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша)

    Шараның атауы

    2026жыл

    Орындалуы

    Жауапты орындаушылар

    5.«Қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономиканы мақтан тұту»

    «5.1. Ішкі өндірісті дамыту»

    115.

    Тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою, бірл.

    10 кем емес

    Орындалуда

    Жойылған кедергілер:

    1. «Отбасы банк» АҚ-ның тұрғын үй жинақ жүйесіндегі ипотека нарығындағы үстемдігіне байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі.

    2021-2022 жылдар аралығындағы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ипотекалық тұрғын үй несиелендіру нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жасалған талдау қорытындысы бойынша, тауар нарықтарының жұмыс істеу жағдайларындағы айырмашылықтарға байланысты тұрғын үй жинақ жүйесі аясындағы ипотека нарығы және мемлекеттік бағдарламалардан тыс ипотека нарығы бөлек көрсетілді.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі ипотека нарығындағы негізгі нарық үлесін (80%) және мемлекеттік бағдарламалардан тыс (60%) «Отбасы Банкі» АҚ алады.

    Осы талдаудың нәтижелерін ескере отырып, Агенттік ҚР ҰБ, «Бәйтерек» ҰИХ, ҚНРДА, ҰЭМ, ӨҚМ бірлесіп, ипотекалық кредиттеу нарығындағы бәсекелестікті дамытудың Жол картасын әзірлеп, бекітті, онда халыққа жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін екінші деңгейдегі барлық банктердің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету іс-шарасы қарастырылған.

    Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Заңмен «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңға өзгерістер енгізілді, онда 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды: «Осы Заңның мақсаттары үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банктері деп Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес алынған банк лицензиясы негізінде Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мәртебесі жоқ екінші деңгейдегі банктер де түсініледі».

    Осылайша, тұтынушылардың таңдау құқығын кеңейту (халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтарын тарту) арқылы екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестік қалыптасты, бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ӘКК арқылы тұрақтандыру шеңберінде жеміс-көкөніс өнімін өткізу нарығындағы бәсекелестікті шектеуге байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі.

    ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетігі бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) шоғырлану деңгейі төмен нарықта картоп пен пияз бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысқаны анықталды.

    Қоғам Сауда және интеграция министрлігі тұлғасында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар заңды тұлға болып табылады.

    Сол арқылы Қоғам ӘКК-ге ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу бойынша нақты қызметті заңды негізсіз жүзеге асырған, өйткені қызметтің бұл түрі монополияға қарсы органмен келісілмеген, Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысында және Қоғам Жарғысында көзделмеген.

    Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының 8-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 27 қаңтарда Агенттік жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы нұсқама шығарды. Нұсқама орындалды.

    3. Қаржылық қызметтерді жеткізушілердің ауыспалылығының болмауына байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі.

    Жабық банктік экожүйелер бәсекелестікті шектейді және инновацияларды тежейді.

    Өз кезегінде, 2022 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және БҚДА бірлесіп, Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023–2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті.

    Жаңа «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңды және «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Заңға өзгерістерді қабылдау аясында Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды және оның компоненттерін (Ұлттық төлем жүйесі, Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы, Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі және т.б.) енгізу көзделген.

    Open API және Open Banking «жабық банктік экожүйелерден» анағұрлым ашық нарыққа өтуді қамтамасыз етеді, клиенттің бір банкке байлануын «үзу» арқылы қаржылық қызметтерді жеткізушіні ауыстыруды жеңілдетеді.

    Қазіргі уақытта бірыңғай QR-ды енгізу Open API мен Open Banking элементтерін қолданудың ең айқын кейстерінің бірі болып табылады, өйткені ол нарықтың әртүрлі қатысушылары арасында төлем инфрақұрылымына стандартталған әрі ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

    Бірыңғай QR — бұл Open API-ді енгізудің және Қазақстанның Open Banking жүйесіне кезең-кезеңімен өтуінің нақты мысалы.

    4. 2026 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан жүк вагондарын теміржол станцияларына тіркеуге арналған өтінімдерді қараудың регламенттелген мерзімдерінің болмауына байланысты кедергі анықталды.

    Астана қаласының Кедергілер жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2023 жылғы 8 қарашадағы № 832-ЦЗ бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желілері бойынша жүктерді тасымалдауға арналған меншікті жүк вагондарын тіркеу қағидаларында (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) жүк вагондарын тіркеуге арналған өтінімдерді қараудың регламенттелген мерзімдерінің болмауынан көрінетін кедергінің бар екендігі анықталды.

    Мұндай мерзімдердің болмауы тіркеу рәсімінің созылуына, өтінімдерді қарау мерзімдеріне субъективті әсер ету үшін жағдайлар жасалуына және тиісті нарықтағы бәсекелестіктің шектелуіне ықпал етті (Кедергілер жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 72 хаттамасы).

    Осы мәселені қарау нәтижелері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2026 жылғы 22 сәуірдегі № ЦДВ-РВ-16-03/2305 хатымен Тіркеу қағидаларына мерзімді регламенттеу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізу арқылы аталған кедергіні жою бойынша шаралар қабылданғаны туралы хабарлады.

    5. Агенттік ғылыми жұмыстарды плагиатқа тексеру жүйелерін сатып алу кезіндегі бәсекелестіктің жүйелі шектеулерінің болуына қатысты кедергіні жойды.

    Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) деректеріне сәйкес, ғылыми жұмыстарды плагиаттың бар-жоғына тексеру бойынша қызметтерді нарықтың 5 субъектісі көрсеткен.

    2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде 223 сатып алу рәсімі өткізілді, алайда барлық сатып алулар бойынша тек екі компания жеңімпаз деп танылды: «Антиплагиат.Казахстан» ЖШС және «PLAGIAT.PL» ЖШҚ филиалы.

    Сатып алудың техникалық құжаттамасын талдау көрсеткендей, мұндай жағдай техникалық ерекшелікке (спецификацияға) нақты кітапханалар мен ғылыми жұмыстардың топтамаларын (коллекцияларын) пайдалануды көздейтін талаптарды енгізу салдарынан қалыптасқан. Бұл талаптар іс жүзінде басқа қатысушылардың сатып алуға қол жеткізуін шектейді.

    ҒЖБМ-нің ақпараты бойынша, жоғары оқу орындары (ЖОО) антиплагиат жүйелерін дербес айқындайды. Әрбір ЖОО-да ғылыми жұмыстарды плагиатқа тексеруге қабылдаудың өзіндік ішкі нормативтік қағидалары қолданылады.

    Өз кезегінде, ғылыми еңбектердегі заимствованиелерді (көшіріп алуларды) анықтау бойынша жүйелердің талаптарына бірыңғай тәсілдің болмауы бәсекелестікті шектеуге және (немесе) осы қызмет көрсету нарығында жекелеген субъектіге/субъектілерге артықшылық беруге әкеп соғады.

    Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Агенттік ҒЖБМ-ге ғылыми жұмыстарды плагиатқа тексеру жүйелерін сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық актіні әзірлеу және қабылдау туралы, оның ішінде ғылыми еңбектердегі заимствованиелерді (көшіріп алуларды) анықтау бойынша жүйелерді пайдалану кезінде қойылатын талаптарды стандарттауға әділ тәсілді көздей отырып, нұсқама шығарды.

    Агенттіктің нұсқамасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 18 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.

    6. Картоптың тауарлық биржа арқылы өткізілетін жеткізілім партиясының 60 тонналық ең төменгі көлеміне байланысты кедергі

    Алматы облысы прокуратурасының ұсынуын қарау аясында тауарлық биржа арқылы өткізілетін картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі көлемі туралы мәселе талданды. Қарау сәтінде ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жеткізілім партиясының ең төменгі көлемі 60 тоннаны құрады.

    Жүргізілген талдау көрсеткендей, белгіленген 60 тонналық көлем биржалық саудаға субъектілердің кең ауқымына қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұсақ өндірушілердің басым бөлігінде мұндай партияларды тұрақты түрде қалыптастыру үшін жеткілікті өндірістік, қоймалық және логистикалық мүмкіндіктер жоқ, соның салдарынан олардың қатысуы үзік-үзік (эпизодтық) сипатқа ие. Бұл биржалық сауданың ұйымдасқан нарық құралы ретіндегі тиімділігін төмендетеді.

    Мәселені қарау қорытындысы бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі көлемін 500 тоннаға дейін және одан да көп ұлғайтуды ұсынды. АШМ және «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБ және ЖК бұл көлемді 1000 тоннаға дейін ұлғайту туралы ұсыныс білдірді.

    ҚР СЖМ Биржа қызметі саласындағы Үйлестіру кеңесі нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

    Нәтижесінде ҚР СЖМ 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-ӨД бұйрығымен тауарлық биржа арқылы өткізілетін картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі көлемі 60 тоннадан 1000 тоннаға дейін ұлғайтылды.

    Қабылданған шешім шағын кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін негізсіз жүктемені азайтуға және экономикалық тұрғыдан тұрақты жеткізушілердің қатысуымен ұйымдасқан биржалық нарықты дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.

    БҚДА

    (келісім бойынша)

    мүдделі орталық мемлекеттік органдар

    116.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы имплементацияланған халықаралық практикалардың саны, бірл.

    1 кем емес

    Орындалуда

    2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Хаттама) туралы шартқа 19-қосымша болып табылатын Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың ережелеріне сәйкес БҚДА Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия), оның ішінде трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы мәселелер бойынша тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.

    Хаттаманың 14-тармағына сәйкес, айыппұл салу туралы Комиссия шешімдері атқару құжаттары болып табылады және органдардың соттың мәжбүрлеп орындату актілерін, аумағында құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі, нарық субъектісі болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым тіркелген немесе аумағында құқық бұзушы жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттердің басқа да органдары мен лауазымды адамдарының актілерін орындауы тиіс.

    Қазақстан Республикасынан басқа ЕАЭО мүше барлық мемлекеттерде Комиссияның шешімдерімен салынған айыппұлдарды өндіріп алушы уәкілетті органдар айқындалды. Қазақстан Республикасында осындай айыппұлдарды өндіріп алу практикасын имплементациялау мәселесі Агенттікті осы айыппұлдарды өндіріп алушы уәкілетті орган айқындау жолымен пысықталады. Агенттікке жаңа заңнамалық құзырет беру ұлттық заңнаманы ЕАЭО құқығымен үйлестіруге, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде қолданылатын айыппұлдарды өндіріп алу практикасын имплементациялауға мүмкіндік береді.

    Анықтама:

    2025 жылғы 2 желтоқсанында атқарушылық іс жүргізу жөніндегі түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының отырысында қаралды, оның нәтижелері бойынша жұмыс тобы түзетулерді қабылдауға дауыс берді.

    Заңның қабылдануы ағымдағы жылы күтілуде.

    БҚДА

    (келісім бойынша)

    Жүктеу
    8acf1ce8d6ebe7c774112dbbf124a51f_original.41348.docx
    Информация по исполнению Дорожной карты по реализации Предвыборной программы партии «AMANAT» на 2023-2027 годы «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»
    DOCX · 40 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІ тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы талдамалық анықтама

    Қосымша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІ тоқсан бойыншамемлекеттік қызметтер көрсету туралыталдамалық анықтама Мемлекеттік қызметтер түрі: Қазақстан Республикасының Бә...

    Ақпарат

    Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 14 шілдедеА.Ж.Бикебаевтың төрағалығымен бейне-конференцбайланыс арқылы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста екінші деңгейдегі...

    Ақпарат

    № 4 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ Астана қаласы № 4

    Бұйрық

    «Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    «Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгі...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    «Бекітемін» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы М. Дәрібаев (қолтаңба бар) 2026 жылғы «3» сәуір Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыба...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелде...

    Хаттама

    № 2 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары 2026 ж

    № 2 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары 2026 ж

    Хаттама

    № 1 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары 2026 ж

    № 1 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары 2026 ж