Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ-нің 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы

    ·

    Кез келген мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мекепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Ендеше бүгінгі таңда білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отырғаны анық.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да «Білім беру қызметі – білім беру субьектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту, және тәбиелеу міндеттері шешілетін үрдіс» деп қарастырылған. Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақылы мен адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біздің мақсат.

    2024-2025 оқу жылын аяқтағалы отырмыз.

    2024-2025 оқу жылында Ақсуат ауданы бойынша 19 мектеп, оның ішінде 14 орта, 5 бастауыш мектеп, 5 мемлекеттік, 5 жекеменшік балабақшалар және 2 қосымша білім беру орталығы жұмыс жасады.

    Жыл басында 1–11 сыныпта 3958 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 361 тәрбиеленуші қамтылған болатын. Қазіргі уақыттағы талдау бойынша 1–11 сыныпта 3953 оқушы болып 5 балаға азайса, даярлық сыныбында 5 балаға азайып, 356 тәрбиеленуші болды. Жалпы аудан бойынша 10 балаға азайған.

    2 қосымша білім беретін мекемеде 404 оқушы қамтылған. 5 мемлекеттік балабақшада 19 топта 435 бала, 5 жеке меншік балабақшада 13 топта 295 бала тәрбиеленіп отыр. Мектеп жанындағы шағын орталықтар саны 13, ондағы 24 топқа 400 бала қамтылып отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша ауданда 0-6 жас аралығында 2380 бала бар болса, оның 1130-сы яғни 47,4 пайызы мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылған. 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылса, 0-2 жастағы бүлдіршіндердің саны 845, оның 268 баласы балабақшаға жолдама алды. 0 жаста 242 бала бар, 335 бала аудан бойынша 39,6 пайызы қамтылмай отыр. Осы 1–2 жастағы 335 баланы мектептердің жанындағы шағын орталықтарынан, балабақшалардан топтар ашып толықтай қамтуға жетісуіміз қажет.

    Материалдық-техникалық база

    Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базалары жыл сайын жаңаруда. 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген жоқ.

    2025 жылы 7 мектеп, 2 қосымша білім беру бөліміне 16 жоба бойынша 154469,8 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмыстарына қарастырылды. Қазіргі таңда 2 жобаның жұмыстары аяқталды, қалғандары жаңа оқу жылының басына дейін толық аяқталады.

    - «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-і 3 қабат ағымдағы жөндеу жұмыстарына ЖШС "КазКурлыспен" 3326,000 мың теңгеге келісім шарт жасалды, жұмыстар 95 % жүргізілді.

    - «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-і 3 қабат кафель төсеу жұмыстарына ағымдағы жөндеуге жеке кәсіпкер "Мөлдір" 3200,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-і ағымдағы жөндеуге қажетті тауарлар жеке кәсіпкер "Алихан" 1155,000 мың теңгеге USB алынды, жеке кәсіпкер "Ермек" 180,000 мың теңгеге теплорд заттары жеткізілді.

    - Қожагелді батыр атындағы орта мектеп санузел жұмыстарына ағымдағы жөндеуге ЖШС "Tengri" 5000,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «Өкпеті орта мектебі» КММ-і терезелерін айырбастау жұмыстарына ағымдағы жөндеуге жеке кәсіпкер "Галия" 3520,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «Өкпеті орта мектебі» КММ-і ағымдағы жөндеуге 23761,0 мың теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, біріңғай ұйымдастырушы арқылы конкурсқа жариялануға Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында құжаттары тексеруде тұр.

    - «Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-не қауіпсіздік дабылын орнатуға 1427,0 мың теңгеге жеке кәсіпкер «KHAMZA-мен» келісім шарт жасалынып, қазіргі таңда жұмыстар аяқталды.

    - «Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-не ойын алаңы жұмыстарына ЖШС "АҚ ДАМУ" 3265,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-не ағымдағы жөндеу жұмыстарына ЖШС "Build Business KZ" 5264,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің мектеп шатырын жөндеу жұмыстарына 19519,0 мың теңгеге сметалық құжаты әзірленіп біріңғай ұйымдастырушы арқылы конкурсқа жариялануға Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында құжаттары тексеруде тұр.

    - «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің мектеп сыртын қаптау, терезелердің проемдарын айырбастау жөндеу жұмыстарына 16779,0 мың теңгеге сметалық құжаты әзірленіп бағалық сұраныс арқылы жарияланып тұр, 05.05. 2025 жылы, яғни бүгін ашылады.

    - «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-нің мектеп фундаментін жөндеу жұмыстарына 61653,0 мың теңгеге сметалық құжаты әзірленіп біріңғай ұйымдастырушы арқылы конкурсқа жариялануға Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында құжаттары тексеруде тұр.

    - «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-не электр жарығы жұмыстарына жеке кәсіпкері "МАД и К" 6800,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жұмыстар басталуда.

    - «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің жылу қазандығын жұмыстарына 4400,0 мың теңгеге бағалық сұраныспен жеке кәсіпкер "Сервиспен" келісім шарт жасалынып, жұмыстар аяқталуда;

    2 қосымша білім беру бөлімдерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10697,1 мың теңге:

    - «А.Байқыдыров атындағы саз мектебі» КММ сыртын қаптау ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7999,0 мың теңге, бағалық сұраныспен жеке кәсіпкер "Берекемен " келісім шарт жасалынып, жұмыстар басталуда;

    - «А.Байқыдыров атындағы саз мектебі» КММ шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2698,0 мың теңге, бағалық сұраныспен жеке кәсіпкер "Магзумовамен" келісім шарт жасалынып, жұмыстар басталуда;

    - «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-і газель алуға ЖШС "СемАЗ" 18580,000 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды, келісім шарт жасалды, жеткізілуі тосылуда.

    - «Өкпеті орта мектебі» КММ, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Тана мырза атындағы орта мектебі» КММ-не кабинет алуға 18583,0 мың теңге қарастырылды. Конкурс жарияланды. «Тана мырза атындағы орта мектебі» КММ-не Работотехника кабиенті жеткізілді.

    Білім сапасы

    Аудан мектептерінің оқушыларының білім сапасы жыл басымен салыстырғанда өсті.

    Аудан бойынша

    1-тоқсан2-тоқсан3-тоқсанДинамика

    Білім сапасы 57,40% 64,20% 66,88% +9,48%

    Абай облысы бойынша Ақсуат ауданының мектептерінің білім сапасының нәтижесі жоғары орында тұр.

    Алтын белгі иегерлері туралы

    Негізгі орта білім алып шығатын 376 (9-сыныпты) (2024 жылы–406) түлектің 51-сі (2024 жылы–51) үздік және жалпы орта білімді аяқтайтын 257 (2024 жылы–242) түлектен 17-сі (2024 жылы–19) «Алтын белгі» белгісіне, 22-сы (2024 жылы–27) үздікке үміткер болып мектеп бітіргелі отыр. 9, 11 сыныптың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарынан өз білімдерін қорап шығады деген ойдамын.

    Аудан мектептерінің мұғалімдері арасында пәндер бойынша аудандық 32 іс-тәжірибе алмасу семинары және әр пән бойынша сайыстар, «Үздік жас маман», «Үздік сынып жетекші», «Үздік физик» т.б. кәсіби сайыстар, педагогикалық оқулар, дөңгелек столдар, шеберлік сыныптар, коучингтер жоспар негізінде ұйымдастырылды. Мұғалімдер арасында аудандық облыстық республикалық халықаралық сайыстар, байқаулар (іштей және қашықтықтан) өткізіліп, оған 394 мұғалім қатысып, 12 мұғалім республикалық, 25 мұғалім облыстық конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.

    Жыл ішінде өткен «Үздік педагог», «Алтын тұғырым», «Дарынды балаларға-талантты ұстаз», «Үздік психолог», «Үздік ауыл мұғалімі», «Мерейлі ұстаз», «Педагогикалық идеялар» фестивалі, «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз», «Педагогикалық идеялар панорамасы», «Тіл шебері–2025», «Үздік кітапханашы», «Үздік авторлық бағдарлама», «Физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы», «География пәні мұғалімдерінің олимпиадасы» т.б республикалық және облыстық конкурстарға аудан мектеп мұғалімдері қатысып жүлделі орындарға ие болды.

    Дарынды балалармен атқарылған жұмыстар туралы:

    Қызметтің маңызды бағыттарының бірі дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың құзыреттілігін арттыруға, атап айтқанда, олардың олимпиадалық мәселелерді шешу, оқушыларға ғылыми жобалар жазу бойынша кеңес беру дағдыларын дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта оқу жылы ішінде пән мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары», «Зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларды тиімді ұйымдастыру механизімдері» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

    Абай облысы білім басқарамасының «Дарындылық пен қосымша білім берді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының қолдауымен «Би боранбай атындағы орта мектебі» КММ-де бейін алды даярлық сыныбы ашылып 7-8 сынып оқушыларына математика пәні тереңдетіліп оқытылуда. Сонымен қатар әр мектепте олимпиада резервтерін олимпиадаға дайындау кестесі жасалып педагогтардың оқушыларды қосымша олимпиадаға дайындау үрдісі қалыптасқан және де мектептерде аудандық «Зияткер» жобасы аясында олимпиада жеңімпаздары өз мектептерінде тәлімгер болып оқушыларды олимпиадаға дайындауда.

    Ауданымыздың дарынды балаларын анықтау және облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, ауданымыздың олимпиада резерівін қалыптастыру мақсатында аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында арнайы сыйлықтар тағайындалып математика пәнінен Қ.Ожанов атындағы олимпиада, О.Қалиаждаров атындағы олимпиада, биология-химия пәндерінен 9-11 сынып оқушылары арасында «АС-САЙ» компаниясының және Ж.Күшікұлы атындағы қордың қолдауымен Ж.Күшікұлы атындағы химия, биология пәндерінен олимпиада өткізіледі. 5-7 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен А.Жакилина атындағы пәндік олимпиада өткізілді, олимпиада жеңімпаздары А.Жакилинаның ұрпақтары тағайындаған сыйлықтармен марапатталды. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында аудандық 5-11 сынып оқушылары арасында С.Жансақовтың жүлдесіне және жергілікті ақындар айтысы, Дина Нүрпейісова атындағы күйшілер конкурсы өткізілді.

    Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Мәдени күндер» аясында Алматы қаласынан «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан мектеп оқушылары арасында 7 кезеңнен тұратын тағылымды іс -шаралар өткізіліп жеңімпаз оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі және Ы.Кабеков атындағы орта мектебінде «Ел сенімін ақтаған тұлғалар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан депутаты, заң ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Қайрат Құлбайұлы Тастекеев,

    «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Жоғары колледж директоры, Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Маликов Куанышбек Турарбекович және техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, қазіргі таңда жеке кәсіпкер Қойбағаров Самат Хариұлымен мектеп оқушылары арасынада тағылымды кездесу өткізілді.

    Қожагелді батыр атындағы орта мектебі «НЗМ» ДББҰ «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасына еніп жұмыс жасауда. Жоба аясында Қожагелді батыр атындағы орта мектебі мұғалімдері зияткерлік мектептер ұйымдастырған тағылымдамалардан өтті. Сабақтарда қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізді. Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу мұғалімдерімізде тың идеялардың тууына септігін тигізді. Ұстаздар зияткерлік мектептер ұйымдастырған семинарлардан цифрлық технологияның қыр-сырын меңгеріп, оны өз сабақтарында және магниттік мектеп оқушыларына ұйымдастырылған оқу сессияларында жүйелі пайдаланды. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мен практикалық жұмыстарды өткізудің, зерттеу дағдыларын қалыптастырудың қарапайым жолдарын меңгерді. Оқу жылының ішінде үш рет оқу сессиясы өткізілді. Оған магниттік мектептерден Сасан би атындағы мектептен 36 оқушы, Көктүбек орта мектебінен 18 оқушы, Тана мырза атындағы орта мектептен 23 оқушы келіп білімдерін жетілдірді. Оқушылар химия және биология пәндерінде лабораториялық жұмыстар, физика, география, информатика пәндері бойынша практикалық жұмыстар жасап көрді. Қыздар және ұлдар шеберханаларындағы барлық құрал-жабдықтарды, 3д принтерді қолданып үйренді. STEM лабораториясының жұмыстарымен танысты.

     Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданнан 41 оқушы қатысып 21 оқушы орын алды.

    Республикалық кезеңінде М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушысы Майдан Нұрболат физика пәнінен 1 орын алып, алтын медаль иеленді.

     Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға ауданнан 38 оқушы қатысты 16 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.

    Республикалық кезеңінде Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ерболатқызы Мерей математика пәнінен, Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің оқушысы Жанабай Ердос құқық пәнінен қатысты және Сасан би атындағы орта мектебінің оқушысы Оралбекқызы Асылжан Республикалық пәндік олимпиададан тарих пәнінен жүлделі 2 орын мен күміс медаль иеленді.

     Республикалық Зерде зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына 4 оқушы қатысып, республикалық кезеңінде К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Жеңіс Анел, Тоқтарбай Жантөре жүлделі 2 орынды иеленіп күміс медалмен марапатталды.

    Спорт – денсаулық кепілі

    Ауыл балаларына спорттық секцияларды ұйымдастыру, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыстар, турнирлер ұйымдастырылады. Білім беру мекемелерінде 94 спорт секциясы жұмыс жасайды, оған 1500 оқушы қатысады.

    Ұлттық Мектеп Лигасы шеңберінде 9 спорт түрінен облыстық жарыстарға жүйелі түрде қатысып, республикалық кезеңге 49 бала іріктеліп алынды.

     «Ұлттық мектеп лигасы бойынша» Футболдан облыстық жарыста Ақсуат ауданы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары 2-орында жеңіп алды.

     2025 жылдың 09 – 15 сәуір күндері аралығында өткен «Ұлттық мектеп лигасы бойынша» Жеңіл атлетикадан облыстық жарыста Ақсуат ауданы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ, «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары 1-орынды иеленді. Қарағанды қаласында өтетін Республикалық сайысқа жолдама алды.

     2025 жылдың 24 – 30 наурыз күндері аралығында өткен «Ұлттық мектеп лигасы бойынша» Тоғызқұмалақтан облыстық жарыста Ақсуат ауданы «Тана мырза орта мектебі» КММ-нің оқушылары 1-орынды иеленді. Талдықорған қаласында өтетін Республикалық сайысқа жолдама алды.

    Ұлттық ойындардан асық ату және бес асықтан Сасан би атындағы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі және Би Боранбай атындағы орта мектебінің оқушылары облыстық турнирде 2-орын иеленді.

    Ауданымызда 14 әскери-патриоттық клубтар жұмысына 68 оқушы қамтылып отыр. К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы» сыныптары ашылып 115 оқушы білім алуда.

    Мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар

    Аудан мектептерінде жасөспірімдерді құқықбұзушылықтың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, аудан мектептерінде сабақты себепсіз босататын оқушылар болдырмау, сондай-ақ қолайсыз отбасының балаларының жағдайларын, мектепте болатын заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.

    Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бүгінде оқшауланған шаралар кешені ретінде емес, баланың жеке басын әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің жалпы міндеттерін шешуді қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

    Осы нәтижелерге қол жеткізу үшін балаға әсер ететін әлеуметтік факторларды ескере отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды.

    Ақсуат ауданы бойынша балаларды сауықтыру мен демалуды ұйымдастыру туралы

    Аудан мектептерінің 1-10 сынып аралығында 3596 оқушы болса, олардың ішінде жазғы сауықтыру және демалуға 2456 бала, (қамтылуы - 70,4%), жалпы жұмыспен 1008 бала ( қамтылуы 49%), барлығы 3464 бала (қамтылуы 93,7%.) қамтылуы жоспарланып отыр.

    Жалпы балаларды сауықтыруға бөлінетін қаражат қарастырылды. Оқушыларымыз төменде көрсетілген демалыс лагерлеріне барып демалатын болады.

     Қазақстан халқына қоғамдық қорынан облыс және республика көлеміндегі лагерлеріге, оның ішінде Мақаншы ауданында орналасқан «Үржарайым» лагеріне, Алматы қаласында орналасқан республикалық лагерге тегін жолдама беріліп отыр.

     Мектеп жанынан тамақтандырумен 19 мектепте лагерь ұйымдастырылып, оған бастауыш сыныптан – 1714, аз қамтылғын отбасы балаларынан – 934 оқушы, жалпы 2648 қамтылады. Мектеп жанындағы лагерь 3 ауысыммен 10 күннен жүргізілетін болады. Бір реттік тамақтанудың құны бір балаға 650 теңгеден.

     Жаз айларында 1008 бала еңбекке тартылса, түрлі танымдық шараларға тарту – 550 бала, аудандық мәдениет үйі, аудандық спорт бөлімі, А.Байқыдыров атындағы саз мектебі, Ақсуат балалар өнер мектебі арқылы жазғы демалыс кезінде оқушылармен шеберлік сыныптар, спорттық ойындар, қолөнер және бейнелеу, мүсіндеме жасау т.б бағыттар бойынша жұмыстарға 535 бала, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес еңбекақы төленіп, (квотаға сай) балалар үш ай көгалдандыру жұмысына қамтылуы жоспарда. Ал ата-аналарының жеке кәсібіне орай 246 оқушы отбасылық еңбекке араласатын болады.

    Аудан мектептерінде құндылықтарды насихаттау мақсатында мүмкіндігінше «Киіз үй» лагеріне ұйымдастырылады деп жоспарлап отырмыз. Дегенмен болашақта оқушыларды сапалы демалдыру және еңбекпен қамтылуын жетілдіру, жастарға патриоттық тәрбие беру, өлкесін таныту мақсатында туризм бағытындағы жобаларды іске асыру, жаз айларында кәсіпкерлерді тарту арқылы аудандық, облыстың тарихи-мәдени орындарына саяхатқа шығару жоспарымызда бар. Мысалы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Абай ауданында орналасқан тарихи орындаға 350 бала ата-аналарының демеушілігімен баратын болады. Жазғы демалыс кезінде биыл аудандық «Жазғы археологиялық мектеп» жобасы. Жоба мақсаты: Өлкеміздегі тарихи мекендер «Елеке сазы, Төртоба, Бөртостаған, Ырғызбай кесенесі» туралы насихаттау.

    «Болашақ инженерлер» жобасы. Жоба мақсаты: Қазақстанның ауыл мектептері оқушыларының инженерлік құзыреттіліктерін дамыту үшін қосымша білім беруді қолжетімді ортасын жасау. Ауыл оқушылары робототехника мен бағдарламалауды зерттеп, инженериядағы өзге қабілеттерін шыңдай алады.

    Аудан мектептерінде жоғарыда атап өткен жұмыстар, сонымен қатар қаңтар айынан бастап жазғы демалыс лагерлеріне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде соңғы 5 жылда аудан бойынша жазғы демалыс кездерінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтар орын алған жоқ.

    Суға шомылу маусымы, құқықбұзушылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің, полиция бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен аудан мектептептерінің оқушыларымен ата-аналарымен ақпараттандыру түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді, әліде жүргізілетін болады.

    Ауыл балаларын қолдау – бұл тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі ұрпақтың мәселесі. Олар біздің болашағымызды құратын, еліміздің дамуына үлес қосатын азаматтар болып өсетініне сенімді болуымыз қажет. Сондықтан, ел Президентінің «ауыл мен қала мектептерінің білімдегі алшақтығын жою» тапсырмасын орындау - аса маңызды міндетіміз болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарлама

    2026 жылғы 19 шілдеде өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған Ырғызбай ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлік табыс етілді.

    Жарияланды:
    Басқа

    №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» жобасын Ақсуат ауданының дербес бөлімдерінде және ауылдық округтері әкімдіктерінде жүзеге асыру кестесі

    Ақсуат ауданы әкімінің 2026 жылғы «__» _______ №__ өкіміне №4-қосымша №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне і...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 19 шілдеде Ақсуат ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімі сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, Ақсуат аудандық ау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат.

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат. Бүгінгі күні Ақсуат ауданы бойынша жергілікті...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жоба Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жоба Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама 1 " Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат "блогы Қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2-қосымша

    Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «__» _____ №__ бұйрығына №2-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» жобалық тобыныңлауазымдық құрамы Персоналды басқару қызметі бөлімінің б...

    Жарияланды: