Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген және нысаналы трансфертті, сондай-ақ облигациялық қарыздарды пайдалану туралы
(2026жылғы 1 жартыжылдықта)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 500 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын 29-тармағына сәйкес Ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында орналастырылады.
«2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2026 жылғы республикалық бюджетке нысаналы трансферттер көзделмегенін қосымша хабарлаймыз.
Заңның 6-бабында 2026 жылға арналған республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2,77 трлн теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферт көзделген.