Халықты әлеуметтік қорғау бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы хабарлама

    ·

    Аудандағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай күйі, әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы туралы хабарлама

    2026 жылдың 5 айында Ақсуат ауданы бойынша 275 отбасының 1467 адамына 85476,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

    Оның ішінде көп балалы отбасы 117, аз қамтылған 158 отбасын құрайды.

    Сонымен қатар 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға арналған қосымша төлем бойынша 181 отбасының 301 баласына 6264,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

    Ағымдағы жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындап төлеу үшін облыстық бюджет есебінен 328891,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 95861,0 мың теңге жиыны 424752,0 мың теңге қаржы қарастырылып отыр.

    Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 23 сәуірдегі Әлеуметтік кодексі негізінде мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жыл басынан әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіліп келеді.

    2025 жылдың 5 айында мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп тұруы қиын 1 топтағы 1 адам жеке көмекші қызметімен қамтылса, протез-ортопедиялық құралдармен 18 мүгедектігі бар адамдар қамтылды. Сондай-ақ сурдо-тифлотехникалық құралдармен 2 адам қамтылса, 10 адам курорттық-сауықтыру шипажайларына жолданды.

    Міндетті гигиеналық құралдармен 67 мүгедектігі бар адамдар қамтылды.

    Жыл басынан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына 1-ші топтағы 3 адам жолданды.

    Биылғы жылға мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және жеке оңалту бағдарламасы бойынша техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 7603,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 103896,0 мың теңге жиыны 111499,0 мың теңге бөлініп, 300-ден астам мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

    Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфроқұрылым обьектілерін бейімдеу және инфроқұрылымды жақсарту жөніндегі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 10 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда: 4 нысан денсаулық сақтау саласы, 1 нысан білім саласы, 5 нысан жеке меншік нысандарын бейімдеуден өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге 3 нысан бейімдеуден өтті, жылдық жоспар 30 % орындалды.

    Мүгедек балаларды үйден оқытуға жұмысалған шығындарын өтеу бойынша 2026 жылдың 5 айында 19 баланың ата-анасына (10 АЕК-тен, оқу жылы кезеңінде) 2205,8 мың теңге тағайындалып, төленді. Аталған бағдарламаға 6920,0 мың теңге қаржы қарасырылып отыр.

    Мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық және әлеуметтік қолдау шаралары үнемі бақылауда.

    Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, әлеуметтік-жекеменшік әріптестік аясында ауданның мұқтаж заматтарының жекелеген санаттарын «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес «Қарағайлы» шипажайына 18 адам жолданып, ем алды.

    Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасы бойынша 2026 жылдың 5 айына коммуналдық өтемақылар үшін ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оған теңестірілген 42 адамға коммуналдық қызметтер үшін 9082,5 мың теңге, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы орденімен» бұрынғы «Батыр ана» атағын алған 639 анаға 13818,3 мың тенге, кәмелетке жасы толмаған 4 және одан да көп баласы бар 717 анаға 15505,1 мың теңге біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.

    Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 5 адамға 7 АЕК (27524теңге) 333,0 мың теңгеден материалдық көмек төленді.

    Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасына сәйкес аса мұқтаж 31 адамға 5576,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.Аталған бағдарламаға 7785,0 мың теңге қаржы қарастырылып отыр.

    Марапатталған 2 тыл ардагерлеріне 432,5 мың теңге, марапатталмаған 14 тыл ардагерлеріне 1816,5 мың теңге төленеді.

    Облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда Өңірлерді жұмыспен қамту картасы бойынша 2026 жылға 886 жұмыс орындарын ашуға жоспар бекітілген болатын. Бүгінгі күнге 310 жаңа жұмыс орындары құрылып, жоспар 35,0 % орындалды. Оның ішінде он мың адамға 100 жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасы бойынша 129 жоспар беріліп, 26 жаңа жұмыс орындары ашылып, бұл көрсеткіш 20 % орындалды.

    Облыстық бақылау басқармасының (Еңбек инспекциясының) тапсырмасымен жыл басынан 37 электронды еңбек келісім шарттарын «Enbek-kz» порталына енгізу тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге электронды еңбек келісім шарттарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Ауданда еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту, кері қайтарып алу жұмыстары бойынша жыл басынан 35 Өзбекстан азаматтары өтінім беріп, рұқсат қағаздарын алды.

    Сонымен қатар «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 87 мүгедектігі бар адамдар мен 112 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметкерлер стандартқа сәйкес қызмет көрсетіп отыр. Және «Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 25 мүгедектігі бар адамдарға қызметтер көрсетіліп отыр.

    Ақсуат ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздардыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетуге жергілікті бюджет есебінен 91604,0 мың теңге қарастырылды. Бұл қаржы аудан бойынша осы салада жұмыс істейтін 1765 адамға төлеу жоспарлануда.

    Мүгедектігі бар адамдарды қорғау күніне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған 101 адамға 3269,7 мың теңге және 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі бар 333 адамға 10142,1 мың теңге төлену жоспарлануда.

    16 желтоқсан күніне орай, саяси қуғын сүргін құрбаны болған 1 адамға 2038,0 мың теңге төлеу жоспарлануда.

    Әлеуметтік саладағы жүйелі жұмыстар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Аталған бағытта сапалы қызмет көрсету жұмыстары жалғаса беретін болады.

    Жүктеу
    64ca0db810908b9772a2566ee3eb9f32_original.79543.docx
    DOCX · 78 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарлама

    2026 жылғы 19 шілдеде өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған Ырғызбай ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлік табыс етілді.

    Жарияланды:
    Басқа

    №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» жобасын Ақсуат ауданының дербес бөлімдерінде және ауылдық округтері әкімдіктерінде жүзеге асыру кестесі

    Ақсуат ауданы әкімінің 2026 жылғы «__» _______ №__ өкіміне №4-қосымша №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне і...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 19 шілдеде Ақсуат ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімі сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, Ақсуат аудандық ау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат.

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат. Бүгінгі күні Ақсуат ауданы бойынша жергілікті...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жоба Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жоба Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама 1 " Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат "блогы Қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2-қосымша

    Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «__» _____ №__ бұйрығына №2-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» жобалық тобыныңлауазымдық құрамы Персоналды басқару қызметі бөлімінің б...

    Жарияланды: