Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы хабарлама
2025 жылдың 12 айында Ақсуат ауданы бойынша 645 отбасының 3398 адамына 349515,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Оның ішінде көп балалы отбасы 206, аз қамтылған 439 отбасын құрайды.
Сонымен қатар 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға арналған қосымша төлем бойынша 448 отбасының 765 балаға 33099,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі Әлеуметтік кодексі негізінде мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жыл басынан әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіліп келеді.
2025 жылдың 12 айында мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп тұруы қиын 1 топтағы 2 адам жеке көмекші қызметімен қамтылса, протез-ортопедиялық құралдармен 88 мүмкіндігі шектеулі адамдар қамтылды. Сондай-ақ сурдо-тифлотехникалық құралдармен 15 адам қамтылса, кресло арбалармен 22 адам қамтылып, 31 адам курорттық-сауықтыру шипажайларына жолданды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 103 мүгедектігі бар адамдар қамтылды. Және жыл басынан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына 1-ші топтағы 5 адам жолданды.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфроқұрылым обьектілерін бейімдеу және инфроқұрылымды жақсарту жөніндегі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 12 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланған. 12 нысан бейімдеуден өтті, жылдық жоспар 100 % орындалды.
Мүгедек балаларды үйден оқытуға жұмысалған шығындарын өтеу бойынша 2023 жылдың 12 айында 20 баланың ата-анасына 2614,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық және әлеуметтік қолдау шаралары үнемі бақылауда.
2025 жылдың қараша, желтоқсан айларында Ақсуат ауданнының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемелекеттік денсалық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін 1569 адамға 60618,0 теңге қаржы төленді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасы бойынша 2025 жылдың 12 айына коммуналдық өтемақылар үшін ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оған теңестірілген 30 адамға коммуналдық қызметтер үшін 2875,0 мың теңге, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы орденімен» бұрынғы «Батыр ана» атағын алған 682 анаға 10230,0 мың тенге кәмелетке жасы толмаған 4 және одан да көп баласы бар 639 анаға 9585,0 мың тенге біржолғы ақшалай көмекке көрсетіледі.
Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 8 адамға 10 мың теңгеден 960,0 мың теңге материалдық көмек төленеді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасына сәйкес аса мұқтаж 62 адамға 6408,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.
Марапатталған 1 тыл ардагерлеріне 100,0 мың теңге, Марапатталмаған 54 тыл ардагерлеріне 2700,0 мың теңге төленеді.
Тәжік- ауған, таулы Карабах соғысына қатысқан 18 адамға 1800,0 мың теңге төленеді.
30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға 101 балаға 1515,0 теңге төленді.
16 желтоқсан күніне орай, саяси қуғын сүргін құрбаны болған 1 адамға 100,0 мың теңге төленеді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 2023 жылға жоспар бекітілген болатын. Яғни 1317 жұмыс орындарын ашу. Бүгінгі күнге орындалғаны 1724. Яғни 130,9 %. Оның ішінде он мың адамға 100 жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасы бойынша 291 жоспар беріліп, бұл көрсеткіш 101 % орындалды.
Облыстық бақылау басқармасының (Еңбек инспекциясының) тапсырмасымен жыл басынан 245 кәсіпорынның электронды еңбек келісім шарттарын «Enbek-kz» порталына енгізу тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге 245 орындалып, бұл көрсеткіш 100 % орындалды.
Жыл басынан бері Республикалық «Парыз» конкурсына Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық округінің «Мәуліт» шаруа қожалығы «Жылдың әлеуметтік үздік жобасы» және «Айсұлтан» шаруа қожалығы «Жылдың әлеуметтік үздік кәсіпорыны» номинацияларына құжаттары толығымен жинақталып, облыстық басқармаға жолданған болатын. Аталған шаруа қожалықтарының төрағалары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Ауданда еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту, кері қайтарып алу жұмыстары бойынша 104 Өзбекстан азаматтары өтінім беріп, рұқсат қағаздарын алды.
Сонымен қатар «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 106 ден астам мүгедектігі бар адамдар мен 112 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызметкерлер стандартқа сәйкес қызмет көрсетіп отыр. Және «Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 19 мүгедектігі бар адамдарға қызметтер көрсетіліп отыр.
Ақсуат ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында екі бөлімше жұмыс істейді. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдармен және мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері. Екі бөлімшеде есепте тұрған 225 қызметтер алушыға 41 әлеуметтік жұмыскер көмек көрсетеді.
Әр әлеуметтік жұмыскер оларға кестеге сай аптасына аз дегенде
2 реттен 2 сағатқа барып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес бекітілген стандартқа сай қызмет алушыларға 8 қызметтер түрін көрсетеді.