АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ 12 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА

    ·

    АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ 12 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА

    І. АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйек 2023 жылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудағы көрсетілген міндеттер мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт - бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжаттар ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

    Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Президент Жолдауына байланысты аудандағы «Аманат» партиясының филиалында мекеме, бөлім басшыларының қатысуымен талдау өткізілді. Онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа – жоспарлары аудан әкімімен бекітіліп, аудандық мекеме бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді.

    Жоспарда Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттар туралы сала басшылары аудандық «Тарбағатай» гезетіне, әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстары туралы жариялап келеді. Жолдауда көрсетілген 6 бағытта ақпараттық 3 топ құрылып, 15 адам жұмыс істеуде. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.

    Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа - жоспарына сәйкес, аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Жолдаудың толық мәтіні аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.

    Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Олар аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді. Ауданның саяси ахуалын бағалауда Жастар орталығының жанынан құрылған SMM тобы аудандағы қоғамдық пікірлерге мориторинг жүргізіп отырады. Атап айтқанда, 2023 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап әлеуметтік желіге жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, аудан әкіміне ұсынылып келеді. Аудан бойынша бүгінгі күні ауданның әлеуметтік желілерінде 16697 адам тіркеліп, жарияланған мақалаларды 4530 адам оқып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасалған. Көтерілген мәселелерге байланысты қадағалау жұмыстарын жүргізіліп, тиісті аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, сала басшылары, ауыл әкімдері дер кезінде жауап беріп отырады. Сонымен қатар, ауданымыздағы 9 ауылдық округ тұрғындары арасында, ауданның қоғамдық-саяси ахуалына талдаулар жасалып, тоқсан сайын қорытындысы шығарылып отырады. Алайда, қоғамдық ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру, халыққа қызмет көрсету саласының жұмыстарын зерделеуде кемшіліктер бар.

    Қоғамдық пікірді жеткізуде негізінен дәстүрлі бағыт яғни, мерзімді басылымдар арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық кезеңде әлеуметтік желілердің ықпал арта түскен. Осыған сәйкес, аудан тұрғындарының арасында әлеуметтік желілерде белсенді азаматтар да бар. Әртүрлі бағытта аудан әкмдігінің әлеуметтік желілерінде жазылған коментарийлер мен посттарға алгоритм бойынша екі сағат ішінде кері байланыс орнатылып, тиісті бөлім, мекеме тарапынан жауаптар қайтарылады. Аудандағы уатсап топтары, әлеуметтік желілер аудандық ішкі саясат бөлімінің назарында. Қоғамға кереғар пікірлер қалыптастырып, тұрақсыздық тудыруды көздейтін іс-әрекеттерге қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимылда жауап беріліп, тиісті жұмыстар атқарылып отырады.

    ІІ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

    Аудандағы қоғамдық - саяси үрдістер мен тұрғын халықтықтың көңіл күйіне үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Осы мақсатта 2023 жылы ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жасау үшін әр ауылдық округтерден мамандар бекітіліп, сараптамалар жүгізіліп отырады. Сараптамалар негізінен аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың жайы, үкіметтік емес ұйымдардың даму болашағы, аудан жастардың өзекті мәселелері сияқты бағыттар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілуде.

    Жалпы жүргізілген сауалнамалар қорытындылары бойынша тұрғындар тарапынан ешқандай наразылықтар мен келіспеушіліктер байқалмады. Аудан халқының басым бөлігі елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытты қолдайтындығы анықталды.

    Абай облыстық өңірілік коммункациялық орталығына аудан әкімі 2023 жылы Асхат Сайдахметұлы Смаилов 2 рет журналисттерге брифинг өткізіп, сұхбат берді.

    Сондай-ақ, өңірілік коммункациялық орталығына апта сайын аудан жаңалықтары мен ақпараттары жолданып, күнделікті мәліметтер беріліп отырады.

    Сонымен қатар, апта сайын облыс әкімдігінің әлеуметтік желілеріне ауданда атқарылған жұмыстар облыс әкімдігінің Фейсбук, Телеграм парақшаларында шығарылып келеді.

    Ауданның тыныс-тіршілігі туралы облыстық «Семей ТВ» телеарнасына-12, республикалық «Қазақстан» телеарнасына - 4, «Хабар» телеарнасына -10 ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы сюджет шығарылса, «Егемен Қазақстан» газетіне аудан туралы көлемді мақала, облыстық «Семей таңы» газетінің «Аймақ тынысы» рубрикасында апта сайын аудан ақпараттары шығарылды.

    Ал, аудандық «Тарбағатай» газетінде «Жолдауға –қолдау», «Қоғамдық пікір», «Тәуелсіздік толғаулары», «Әділетті Қазақстан», «Әлеумет, «Саясат», «Заң» «Аймақ тынысы», «Ауыл шаруашылығы», «Кәсіпкерлік», «Еңбек адамы», «Білім мен тәртіп», «Сақтаңсаң – сақтайды», «Бала тәрбиесі - ортақ іс», «Ауыл- түлік қауіпсіздігі», «Отбасы мен мектеп», «Сырт - көз сыншы», «Мәселенің мәнісі», «Ардагерлерді - ардақтайды», «Ұлағат», «Әкім әңгімелейді», «Қамқорлық», «Еңбек- елге танытады», «Мерейлі мезет» сияқты тағы басқа да айдарлар ашылып, апта сайын түрлі көлемдегі мақалалар жариялануда.

    Ауданда 2024 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны аяқталды.

    Атап айтсақ, республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне -223 данаға жазылып, 59,5 пайыз, облыстық «Семей таңы» газетіне 741 данаға жазылып, 49,4 пайыз, аудандық «Тарбағатай» газетіне 1560 данаға жазылып, 57,03 пайызға орындалды.

    ІІІ.АУДАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

    Ақсуат ауданында 1 конфессияны білдіретін 7 діни бірлестік тіркелген : 1 - исламдық,

    7 діни ғимарат тіркелді анықтама: 7 – мешіт

    4 намазхана, ( 1 мешіт Ақсуат ауданы , Екпін ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында салынып жатыр).

    Ақсуат аудан аумағында миссионерлер жоқ, 1 конфессияны білдіретін 7 діни бірлестік тіркелген.

    Ақсуат ауданы бойынша диструктивті діни ағымын ұстанғандар жоқ.

    Діни эктремизмнің алдын алу, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын насихаттау және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

    Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, ауданда құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 10 адам бар 1 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары кешендi жұмыстарды жүргізуде.

    Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы материал анықталған жоқ.

    Ағымдағы жылдың 2023 жылы Ақсуат аудан әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

    Жалпы, Ақсуат ауданында діни ахуал тұрақты. Діни негізде қақтығыстар байқалмады. Өңірде діни қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік ахуалды тұрақтандыруға, толерантты сананы қалыптастыруға, діни төзімділік негіздерін нығайтуға, әртүрлі ұлттар мен түрлі діндердегі адамдардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді.

    Тыныштық атмосферасын сақтауда мемлекеттік органдардың дін саласындағы біріктіруші рөлі, діни бірлестіктер басшыларының дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сындарлы ұстанымы басты рөл атқарды.

    ІV .САЯСИ ЖОСПАРЛАУ

    Жалпы жыл көлемінде өткізілген мемлекеттік мерекелер Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңіс күндері, Республика күні мерекелерін өткізуге байланысты арнайы жоспарлар жасалып, жоғарғы танымдық дәрежеде ұйымдастырылды.

    Наурыз айының 19 - 22 күндері аралығында барлық ауылдық округтерде Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты мәдени - көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық салт - дәстүрімізді насихатау мақсатында арнайы киіз үйлер құрылып, ұлттық тағамдар халыққа ұсынылды. Театрландырылған арнайы көріністер қойылды.

    Ұлттық спорт ойындары бойынша ат жарыстары, арқан тарту, күрес, тоғыз құмалақ, қаражорға биінен жарыстар ұйымдастырылды.

    Аудандағы барлық мектептерде «ҚР Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері», «Тәуелсіздіктің дара жолы», «Жаңа технологиялар -Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі», «Жаңа және озық технологиялар» атты тақырыптарда апталықтар жарияланып, түрлі шаралар өткізілді. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған көрмелер ұйымдастырылды.

    1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамына байланысты барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында мерекелік шаралар өткізілді. Әр ұлттың үздік әндері шырқалды. Мереке кезінде мерекелік сауда-саттық, арзандатылған ауылшаруашылық тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекеге байланысты арнайы спорттық жарыстар, жастардың би кештері ұйымдастырылды.

    Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңда әскерге шақырылушы жас сарбаздар арасында әскери бессайыс және патриоттық әндерден конурс ұйымдастырылды.

    Ұлы Жеңіс мерекесіне байланысты салтанатты шара «Белгісіз солдат» ескерткішінің басына аудандық мекеме, бөлімдердің гүл шоқтарын қоюынан басталды. Сондай-ақ, ескерткіш басында соғыста қаза тапқандарды еске алу рәсімі болып өтті. Салтанатты жиын түрлі патриоттық әндердің шырқалуымен және би қойылымдарымен жалғасты. Мерекеге байланысты мектеп оқушыларының қатысуымен театрландырылған көріністер болды. Мереке қарсаңында әр ауылдық округтердегі тыл ардагерлері мен қария адамдарға аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы силықтар тапсырылды.

    Барлық ауылдық округтерде тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға «Қайырымдылық көмектер» көрсету шаралары ұйымдастырылды.

    Аудандағы барлық мешіттерде саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналып құран қатым түсіріледі. Сонымен қоса, аудан мектептерінде саяси қуғын - сүргін құрбандары ұрпақтарының өскелең ұрпақтарымен кездесулері өткізілді. Аудандық орталық кітапханада қуғын - сүргін құрбандарын еске алуға байланысты «Тарихтағы бұла күн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кеш аясында қуғын - сүргін тақырыбына арналған «Ұмытуға болмайтын қасірет»-атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

    Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, барлық ауылдық округтерде концерттік бағдарламалар, балалар арасындағы спорттық жарыстар, өнер байқаулары ұйымдастырылды.

    Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында аудан әкімінің жүлдесі үшін спорт ойындары кең көлемде аталып өткізілді.

    Барлық мерекелерге байланысты аудандық «Тарбағатай» газетіне аудан әкімі атынан мерекелік құттықтаулар және өткізілетін салтанатты жиындарда құттықтау сөздері дайындалып отырылды.

    Ауданда өткізілген түрлі мемлекеттік мерекелер мен айтулы оқиғаларға байланысты өткізілетін шараларда видеороликтер көрсету, баяндамаларды слайдтар арқылы жасау сияқты ақпараттық жаңа формалары кеңінен пайдаланылды.

    1. МӘДЕНИ – КӨПШІЛІК ШАРАЛАР БОЙЫНША

    «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-на қарасты мәдениет үйлері мен клубтар Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын негізге ала отырып, биылғы жылдың айшықты оқиғалары Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы, Халық қаһарманы, партизан Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына мерейтойларына бағытталған мәдени шаралар жоспарлы түрде өткізіліп отыр.

    Қазіргі уақытта Ақсуат өңірі бойынша 5 мәдениет үйі және 5 клуб үйі /жиыны 10 мәдениет мекемесі/ бар.

    Халық шығармашылығын дамытуда «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-на қарасты 3-халық театры, 1-үлгілі балалар театры (Ақсуат, Көкжыра, Қызылкесік халық театрлары, «Тамшы» балалар театры), Б.Саятүлеков атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрі, «Сұлу саз» халықтық фольклорлық ансамблі, «Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі, «Тоғызтарау» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі, «Томирис» үлгілі би ансамблі, жиыны 9 өнер ұжымы бар.

    «Ақсуат мәдениет үйі» шығармашылық орталығы мәдениет пен өнердің түрлі саласындағы проблемалармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол, кәсіби өнер ұжымы саналады. Бүгінде аталған мәдениет үйі аудан өнерін алға сүйрейтін шығармашылық ұжымға айналды. Өңірдегі әртүрлі өнер жанрлары түрімен айналысатын 72 үйірмеге, 1252 адам тартылған. Мұның ішінде көркем ойлай алатын, рухани діңгегі берік орта қалыптастыруда «Темірқазық» ақындар отауы, суретшілер мен ақындар қауымдастығы, «Айналайын» балалар хоры, он ауылдық округте құрамында 120 мүшесі бар әжелер ансамбльдері, жастар мен жасөспірімдердің 14 КТК қызығушылық командасы жұмыс істейді. Аталған шығармашылық топтарға 1552-ге жуық көркемөнерпаздар тартылған.

    Ауылдық округтер бойынша тұрғындар арасында отандық музыкалық өнімдерді насихаттау, түрлі тәрбиелік бағытта жыл басынан 800 мәдени-көпшілік шара өтіп, 133000 көрермен қамтылды. Оның ішінде 45 шара ауыл жастарының қатысуымен өтіп, оған 1200 ауыл жастары қамтылды. Шығармашылық қызметтің түрлі салалары ұлттық, тілдік-ділдік, тарихи-танымдық, әдеби, театралдық өнер, дара орындаушылық өнерді дамытуда ауылдық округ көрермендерімен 10-концерт, 2-спектакль, жасөспірімдерге арналған 1-ертегі, 3-театрландырылған көрініс көрермен назарына ұсынылды. Ауылдық округтегі шығармашылық топтары арасында 5 түрлі өнер байқауы өтті.

    Көпшілік тұрғындарды бұқаралық мәдениетке тарту, ішкі тұрақтылықты нығайту, эстетикалық тәрбие беру мақсатында өңірдегі Құмгөл, Сәтбаев, Ойшілік, Қызылкесік, Көкжыра, Кіндікті, Екпін, Жәнтікей, Ақсуат ауылдық округтері көркемөнерпаздары қатысқан шығармашылық байқау биылғы жылы «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» деген тақырыппен өтті. Аталған бұқаралық шараға 1100-ден аса өнерпаз қатысып, 6700 көрермен тамашалады. Байқауға ауылдық әкімдіктер қолдау көрсетіп, ауылдық ардагерлер, әйелдер кеңестері, әжелер ансамбльдері, мектеп-мекеме ұжымдары, ауыл жастары белсене қатысты.

    Аудан таланттары үстіміздегі жылы республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар мен конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленді. Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «ТЕАТР-ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ КӨШІ» атты Республикалық халықтық театрлар фестиваліне «Ақсуат» халық театры қатысып ІІ-орын алса, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ес-Аймақ» республикалық халықтық театрлар фестивалінде І-орын, Зайсан ауданының 95 жылдығына арналған, ҚР Мәдениет қайраткері Ораз Кәкеевті еске алуға арналған «Ой-хой, дүние, дәрен-ай» атты аймақтық театрлар фестивалінде ІІ-орын иеленді. Аягөз ауданында өткен «Қозы көрпеш - Баян сұлу» отбасылық байқауына ауданнан жас отбасы Мейрамбековтар отбасы Бас жүлде иеленді. Зайсан қаласында өткен «Күміс көмей» облыстық байқауына жас әнші А.Баяхметова қатысып, жүлделі ІІІ-орынды қанжығасына байлады. «Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі 03-09 шілде күндері аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Перопавл қаласына өткен «QYZYLJAR - MUSICFEST» халықаралық фестиваліне қатысып қайтса, Ақсуат мәдениет үйінің өнерпаздары тамыз айының 3-5 күндері Алакөл жағалауындағы демалушыларға арналған «Алакөл – Alazone» алаңында концерт берді.

    Ауылдардағы мәдениет жұмысын ұйымдастырушыларды мәдени іс- шаралар өткізу әдістемесіне үйрету, олардың календарлық жұмысына бақылау жүргізу, көрермендері мен қоғамдық ұйымдары белсенді деген ауылдарға тәрбиелік бағыттағы ауқымды іс-шараларды бірлесе өткізу тәжірибесі қолға алынды. Соның дәлелі «Ауғанның асуында от кешкендер» атты 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 33 жыл толуына арналған дәстүрлі патриоттық жоба биыл Ойшілік ауылдық клубында, Қазақстан Халықтарының Тілдер күні мерекесіне арналған «Әуелейді асқақ ән» аудандық дәстүрлі ән байқауы Қызыл кесік мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

    Белгілі өнер тарланы, сазгер, күйші, дирижер марқұм Әлихан Мағзұмұлының 75 жасқа толуына арналған «Өнері өшпес өнеге...» атты еске алу кеші, Қасиетті Рамазан айына арналған «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш, барлық ауылдық округтерде түрлі әлеуметтік топтардың қатысуымен, тұрғындардың мәдени қажеттілігін арттыратын бұқаралық мәдениеттің негізін құрайтын Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер бұқаралық, халықтық сипатта өтуі дәстүрге айналған. Ұлттық Наурыз мерекесі аясындағы бірнеше мәдени-спорттық мерекелік бағдарламалар, «Үздік қазақ үйі» киіз үйлер байқауы, театрландырылған қойылымдар сайысы, Қазақстан Халықтары бірлігі күніне «Қазақстан – алтын бесік» концерт, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Хабарасу шекаралық аймағына концерттік гастроль, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған театрландырылған концерт-спектакль мыңдаған көрермендер мен көркемөнерпаздарды қамтитын бұқаралық іс-шаралар болып өтті.

    Көрермендерімізді әдебиет әлемінің озық үлгілерімен сусындату мақсатында жыл сайын қазақ поэзиясы алыптарының бірі М.Мақатаевтың туған күніне арналған мәдени шара өткізу дәстүрге айналған. Ақынның шығармашылығына арналған «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...» поэзия- вернисажы, поэтикалық-сазды кештер, ақынның сөзіне жазылған әндерден орындаушылар сайыстары Ақсуат, Көкжыра мәдениет үйлері мен Құмкөл, Ойшілік, Сәтбаев клуб үйлерінде өтті.

    Жыл сайын аталып өтетін 1 наурыз - Алғыс айту күніне «Жылы жүрек-жомарт қол» қайырымдылық акциясы, қоғамда әлеуметтік мәселе болып табылатын әйел, қыз тәрбиесіне арналған тәрбиелік, құқықтық мәндегі жаңа жобалар көрерменнің қатысуымен мәнді шараларға айналды. Биылғы аудандық мәдениет үйінде өткен «Аяулы жас келін» аудандық келіндер сайысы, Жәнтікей ауылындағы «Әже өнегесі» танымдық-өнержай кеші, Ойшіліктегі «Қыз-қызғалдақ» қыз сыны, Үштөбедегі «Әлемнің шуағы аналар» атты танымдық кеш, Құмкөл мәдениет ошағындағы «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» мерекелік концерт мазмұны мен мәні келіскен көпшілік жұмыстары болды.

    Ақжар ауылында «Жастар» вокалды-аспаптық эстрадалық ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертке Ақсуат мәдениет үйінен «Көктем» вокалды-аспаптық эстрадалық ансамблі қатысып, үздік өнерлері үшін Тарбағатай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    21 мамыр - Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Рухани қазына» атты фестиваль-концерт өтіп, бірқатар мәдениет қызметкерлеріне, атап айтқанда 1 мәдениет саласының ардагерлеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 4 адамға, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» «Еңбек даңқы» төсбелгісі 1 адамға, «Құрмет грамотасы» 1 адамға, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Алғыс хаты 4 адамға, Ақсуат ауданы әкімінің Алғыс хаты 9 адамға, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының Алғыс хаты 5 адамға табыс етілді.

    31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудандық мәдениет үйінде кітапхана ұжымымен бірлескен «Азалы жылдар ақиқаты» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі Отыншы Әлжановтың ұрпағы Д.Заманбекұлы, алаш қозғалысының қайраткері Биахмет Сәрсеновтың ұрпағы П.Қанағатқызы, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылар, мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар қатысты. Ақсуат халық театры «Ахмет Байтұрсыновтың абақтыда анасына жазған хаты» қойылымын сахналады.

    Аудан халқының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылы «Субұрқақ» алаңында «Ашық микрофон» мерекелік думаны әр апта сайын ұйымдастырылды.

    Абай күні мерекесіне орай аудан орталығындағы Абай ескерткішінің жанында «Әнді сүйсең, менше сүй» мерекелік концерт, «Абайдың өшпес мұрасы» атты аудандық байқау, «Абайды сүй, адам бол» әдеби-сазды кеш Сәтбаев клуб үйінде, «Абай дана, Абай дара қазақта» мерекелік концерт Құмкөл клуб үйінде, Абайдың қара сөздерінен мектеп оқушылары арасында сайыс Қызыл кесік мәдениет үйінде өтті.

    Еліне еңбегі сіңген тұлғаларды есте қалдыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында жерлесіміз, дәстүрлі әнші Мейрамбек Ахметовты еске алуға арналып Семей қалалық мәдениет сарайында өткен облыстық «Сары бидай» атты еске алу кешіне ауданнан өнер адамдары қатысты.

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» республикалық байқауына қатысып, байқаудың 2-ші кезеңіне жолдама алған Ақсуат мәдениет үйінің қызметкерлері Қ.Ахметов, А.Тілеуленова, Қ.Жакилин, С.Орынбековалардың мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үздік деп танылып, Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде» өткен конференцияда «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің бұйрығымен Астана қаласында 27 қараша – 01 желтоқсан аралығында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2023» республикалық конкурсына «Аудандық мәдениет үйінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша Ақсуат мәдениет үйі директорының орынбасары Қ.Орынбекова қатысып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Жүдебаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

    Аудандағы халық театрларының шығармашылығын дамыту, көрермендерді театр өнеріне тарту іс шаралары тұрақты жүргізіледі. Ақсуат халық театры биыл 10-шы рет Халықаралық «Тұғыры биік - Тарбағатай» спорт және өнер фестивалі, Әлем спортындағы бірегей өнер, ұлтымыздың ұлы спорты Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлемдік Гран-При бәсекесінің ашылу салтанатында «Әулие Ырғызбай» атты көрінісін, аудандық спорт фестивалінің ашылуына «Қабанбай батыр мен Би Боранбай батыр» көрінісі, С.Жұматовтың «Вампир күйеу» комедиясы, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы көрермен қауым тарапынан жоғары баға алған, құнды дүниелер болды.

    Өңірдегі жеке шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, ақын Серік Жұматовтың 70 жас мерейтойына арналған «Өзім.Өзгелер.Өлеңдер» атты шығармашылық кеші, Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің өкілі, майталман күйші-композитор Айтқали Нұрмоллаұлының «Киелі мекен Ақсуат» атты шығармашылық кеші өтті. Еңбек ардагері, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Ж.Жұманбаевтың «Ырғызбай баба және қазақ күресі» кітабының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист, баспагер, «Балалар кітабы» қоғамдық қорының директоры Қанат Қайымның «Патшалар алқабына саяхат» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

    Еліне еңбегі сіңген тұлғаларды есте қалдыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында жерлесіміз, дәстүрлі әнші Мейрамбек Ахметовты есте қалдыру мақсатында «Сары бидай» атты кеші, облыс, аудан өнер тарландарының қатысуымен аудан орталығында өтті.

    12 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатындағы республикалық акциясына үн қосу барысында «Зорлық-зомбылыққа 16 күн белсенділік» акциясының қорытындысы аясында Ақсуат халық театрының әртістері шағын қойылым сахналап, концерт берілді.

    21-23 желтоқсан күндері А.Салбановтың балаларға арналған «Ойыншықтар» ертегісімен Ақсуат халық театры ауылдық округтерге гастрольдік сапар ұйымдастырды. 28-29 желтоқсан күндері мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған «Сиқырланған ұры» атты балалар шыршасы өтті.

    30 желтоқсан күні Жаңа жылдық «Шырқал ән, төрлет Жаңа жыл!» атты жанды дауыста концерт берілді.

    1. АҚСУАТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША

    2023 жылы Ақсуат ауданында тұрғындарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсететін 11 көпшілік кітапхана жұмыс атқарып отыр. Аудандағы 6 кітапхана бейімделген ғимаратта, 5 кітапхана өзге ғимараттарда орналасқан. Оның ішінде 4 кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында, 3 кітапхана әкімдік ғимаратында, 2 кітапхана мектеп ғимаратында, 1 кітапхана өзге ғимарат ішінде, 1 кітапхана /Үштөбе/ өз ғимаратында орналасқан. 11 кітапхананың 10 кітапханасы толық штаттық бірлікте, 2 кітапхана 0,5 шаттық бірлікте жұмыс жасайды / Тана-мырза, Үштөбе /. Жаңадан ашылған , жабылған кітапханалар жоқ.

    Ақсуат аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы, Қ.Р. Үкіметінің Мемлекеттік бағдарламалары, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары», «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру және биылғы жылдың айшықты оқиғалары Түркі мемлекеттер ұйымы 2023 жылды Түркі өркениетін дамыту жылы бойынша, Қазақтың ақыны, ойшылы Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165 жылдығы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жылдығы, Ұлы Мысыр елінің Сұлтан-Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығы, Ақын, Алаш арысы Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығы,Қазақтың әншісі – Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығы, «Бір ел- бір кітап-2022» акциясы бойынша таңдап алынған Т.Әбдіктің шығармаларын насихаттау аясында атқарылды.

    Аудан бойынша кітапхананың негізгі көрсеткіштері бойынша

    Аудан кітапханаларында тіркелген оқырмандардың жалпы саны 9460 адамды құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда +2ге артқан. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кітапханаларға келушілер саны 104668 адамды құрады, 2022 жылмен салыстырғанда +5 ке артқан. Ол оқырмандарға өткізілген көпшілік жұмыстардың нәтижесі. Кітапхананың жеке сайты жоқ боғандықтан, виртуалды пайдаланушылар жоқ. Аудан халқын кітаппен қамту 54,2% % пайызды құрайды.

    Еспеті жылы барлығы 243 іс -шара өткізілді, оның 221 офлайн, 22 онлайн форматында. Мәдени демалыс іс- шаралар көрсеткіші 2022ж.салыстырғанда + 5 ке өсті.

    Мерзімді басылымдар бойынша 2022 жыл 550 мың теңгенің 18түрлі газет - журналдары алынды, 2023 жылы 835 000 теңгенің 65 түрлі газет журналдары алынды, 2022 жылмен салыстырғанда +285 000 теңгеге өсіп, +19 түрліге өсті.

    ИРБИС электронды каталогына 2022 жылы - 9302 жазба, 2023 жылы 9453 жазба еңгізілді, өткен жылмен салыстырғанда + 151 ге өсті. Кітап 7312, мақалалар 2141 . Корпорация бойынша жергілікті «Тарбағатай» газеті бойынша жіберілген мақалалар саны 2023жылы 60.

    Аудан бойынша 9460 оқырман қамтылып, қатысушы 104668, берілген кітап 207898 Оқылым 21,9 құрап отыр. 2022 жылмен салыстырғанда оқырмандар +2 бірлікке өсті.

    2022 жылы 238 көпшілік іс-шара өткізіліп,қатысушы-4891, соның ішінде 192 офлайн, 46 онлайн. 243 көпшілік іс-шаралары өткізілді, қатысушы – 4900, соның ішінде 221 офлайн (қатысушысы-4569) , онлайн ( қатысушысы 331). 2022 жылмен салыстырғанда көпшілік іс-шара +5 ке өскен, қатысушысы + 9 ға өскен.

    Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету шаралары

    Оқырман сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқырман сұранысын газет-журналдардан, интернет арқылы қаралып тауып беріліп, анықтамалық – библиографиялық дәптер жүргізіліп аудан бойынша 2011 анықтамалар орындалды, барлық орындалған анықтамалар мемлекеттік тілде. Тақырыптық 836, факторграфиялық535, адрестік 473 , нақтылаушылық 167. Тақырып бойынша өлкетану мазмұнындағы сұраныстар басым.

    Орындалған анықтамалар оқырмандар сұраныстарына байланысты әр алуан. Мектеп оқушылары мектепте ұйымдастырылған әр түрлі тақырыптағы шараларға қажетті материалдарды сұрауына байланысты көптеген тақырыптық анықтамалар интернеттен ,мерзімді басылымдардан, кітаптардан жинақтау арқылы орындалды. Мектеп мұғалімдері берген тапсырмаларға байланысты оқушыларға рефераттар ғаламтор беттерінен алынып ,жинақталып,өнделініп ұсынылды. Сонымен қатар өлке тарихына,жалпы тарихи оқиғаларға байланысты оқырмандар сұраныстары көптеп орындалды.

    Өлкетану бағытындағы материалдарды жинақтап облыстық кітапханаға цифрлау жүйесіне өткізіліп 286 дана құжат цифрланды , соның ішінде : кітап 64 , брошюра 12 , газет-журнал мақалалар 210 . Цифрланып, дискіге көшірілді. Бұл – қолдағы құны бөлек деген материалдарды келешек ұрпаққа жеткізу жолында жасалып жатқан игі шара. Бұл ең біріншіден қажетті ақпаратты тез табу, қол жеткізу, екіншінден бұл кітапханалық қорды цифрлаудағы ең бірінші қадамы және жаңа ақпараттық технологиялар арқылы сақтандыру жұмыстарының бастамасы. Бұл кітапты кез келген оқырманның компьютерден оқуға болады.

    Каз неб электрондық кітапханасына еңгізуге өлкетану кітаптарынан 6 кітап ұсынылды.

    Барлық ауылдық кітапханаларда өткізілетін іс- шараларға байланысты жасалатын кітап көрмелеріне библиографиялық шолулар өткізілді. Аудан бойынша кітапханаларда 167 библиографиялық шолу өткізілді.

    Есепті жылы электронды құжаттарды жеткізу қызметін (ҚЗЖ) 15 абонент пайдаланды. Соның ішінде : мамандар 7, оқушылар 12 .

    VII. ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

    • Ақсуат ауданы тұрғындарының саны 19906 ны құрайды, соның ішінде қазақ ұлтының саны 19756, өзге ұлт өкілдерінің саны 150 ді құрайды.
    • Ақсуат ауданы халқының басым көпшілігі қазақ ұлты болғандықтан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі 99/9%, орыс тілінде 70/5%, ағылшын тілінде 25/3%, аудан тұрғындарын оқытатын тіл оқыту курсы орталығы ашылмаған.
    • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жоспарлы жұмыс жүргізілді.

    Ақсуат аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Тіл- халық қазынасы пікіралмасу кеші өткізілді.

    Ақсуат ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өскелең ұрпаққа тіліміздің баға жетпес байлығын, ата-бабамыздан қалған асыл сөз өнерін, шешендік өнерін насихаттау, жастардың ана тілін құрметтеу және әдеби мұралары мен маржан сөздің мағынасын танып білумен танымын кеңейту мақсатында «Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Кітап көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты А.Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы, А.Байтұрсынұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері», О.Сүлейменов «Таңбалар тілі», «Аталы сөз-ақылға көз», А.Шәріп «Сөз өнері және ұлттық рух», Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас», А.Жылқыбаева «Туған тіл-тұғырым», Ө.Айтбайұлы "Қазақ тілі білімінің терминологиялық мәселелелері", О.М Әбутәліп «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу», А.Таңат «Қазақ тілі», М.Бұралқыұлы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Ә.Тұрсынов «Ана тілің, жан арың» атты кітаптарына қызығушылық танытты. Өткізілген шара қазақ тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға атсалысуда, жастарға патриоттық тәрбие беруде және кітапқұмарлыққа баулуда маңызды шара болды. Ақын Қалқаман Сариннің туған күніне арналған «Жібек сезім, жүрек сезім» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. «Аттанып бара жатыр аққу қаздар » М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби кеш өткізілді.«Жыр жүйрігі Мұқағали» жыр мүшәйрасы өткізілді «Шетел фильмдері арқылы қазақ тілін дамыту» пікірсайыс өткізілді. «Әдемі алғыс сөздер» танымдық кеш өткізілді.

    Анықтама сөздік жасау ісінің саңлағы, тілтану ғылымының тарланы Әсет Болғанбаевтың туғанына 94 жыл толуына орай «Тілтанудағы ірі тұлға» дәріс өткізілді.

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының 21-бабы негізінде деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiн біріздендіру мақсатында, 2023 жылғы 13 наурыздан 13 сәуір аралығында «Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» атты айлық шеңберінде бөлім маманы, SMM мамандары, Жастар ресурстық орталығының маманы «Тарбағатай» газетінің тілшісі, Ақсуат ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары Ақсуат ауылындағы қоғамдық тамақтану және сауда орындарын, қызмет көрсету нысандарын аралады. 80 тан астам сауда орталықтары, тамақтану орындары, шаштараз қызмет көрсету орталықтарына акпараттық материалдар таратып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айлық аясында атқарылған жұмыстар Ақсуат ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасына сонымен қатар аудандық Тарбағатай газетіне /N 15 саны 08.04.2023/ жарияланды.

    Сонымен қатар аталмыш айлық10 тамыз - 10 қыркүйекаралығында да өткізілді. «Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» атты айлық шеңберінде бөлім маманы, SMM мамандары, Жастар ресурстық орталығының маманы «Тарбағатай» газетінің тілшісі, Ақсуат ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, Салық маманы Ақсуат ауылындағы қоғамдық тамақтану және сауда орындарын, қызмет көрсету нысандарын аралады. 80 тан астам сауда орталықтары, тамақтану орындары, шаштараз қызмет көрсету орталықтарына акпараттық материалдар таратып, сауда және қызмет көрсету орындарында бақылау касса машиналарының чекті мемлекеттік тілде басып шығаруы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Айлық аясында атқарылған жұмыстар Ақсуат ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасына жарияланды.

    VIII.АУДАНДА ОНОМАСТИКА саласы бойынша «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы басшылыққа алынып, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуда.

    Ақсуат ауданы бойынша 9 ауылдық округ, 29 елді мекен, 141 көше бар.

    Бүгінде мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан бері халқымыздың өткен тарихы, ұмыт бола бастаған тарихи тұлғаларды қайтадан танылып, ел ішінде кеңінен насихатталуда. Ауданда көшелер мен алаңдарға , объектілерге республиканың тарихына, ғылымына, мәдениеті мен әдебиетіне және өлкеге тікелей қатысы бар адамдардың, сонымен қатар қазақ елінің азаттығы жолында күрескен тұлғалардың есімдері берілу қалыптасқан. Объектілердің аттарын өзгерту мәселесінде тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, яғни оларға тарихи атауын қайтару талабы бірінші кезекте жүзеге асырылып келеді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысында атап көрсетілгендей, қалаларға , қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға бір есімнің көп дүркін қайталануына және көбейіп кетуіне жол бермеу мақсатында және олардың қайтыс болған күнінен бастап бес жыл өткен жағдайда ғана беріледі. Ең алдымен ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлері ескеріледі.

    Бүгінгі күні аудан көлеміндегі 9 ауылдық округтердегі елді мекендер атауы, мәдениет, денсаулық, білім беру нысандарының атаулары жаңа қазақстандық мемлекетімізге сай аталып отыр.

    Ономастика (ауыстыруы жоспарланған атаулар)- Қызыл жұлдыз елдімекенінің атауын Аңдамас атауына ауыстыру, Екпін ауылындағы 1-квартал көшесін Райымжанұлы Тастекей көшесіне ауыстыру. Ақсуат ауданынан палуан Тұрсын Қалмақбаев атынан көше беру.

    Ономастика бойынша жыл басынан бері 4 өтініш келіп түсті.

    1.Қызыл кесік ауылдық окрігінің атауын Би Боранбай атауына ауыстыру бойынша ауыл тұрғындарынан.

    2.Алаш арыстары Бияхмет Сәрсенов, Отыншы Әлжанов және Ережеп Ақсуат ауылынан көше беру бойынша аудандық ардагерлер төрағасы Д.Итбаевтан.

    3.Тұрсын Қалмақбаев есімін туып өскен ауылы «Қарғыба» ауылына палуанның атын беру немесе Ақсуат ауылынан көше беру бойынша әнші М.Ильясовадан өтініш.

    4.Тыл ардагері Нұрғалиев Төлеуғазының атынан Ақсуат ауылынан көше беру туралы өтініш Ақсуат ауылы тұрғындарынан.

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру бойынша 2020 – 2025 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарланған жұмыстар бұдан әрі де өз жалғасын табатын болады.

    1. IX. ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР БОЙЫНША

    «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі аудан аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, есепке алу, оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 35-бабының (ауылдық округ әкімінің құзіреті) 1-тармағының 11) – тармақшасында «тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады» деп көрсетілген.

    Бүгінгі күні аудан бойынша Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 58 қаулысы негізінде Ақсуат ауданы бойынша95 ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған.

    Тәуелсіздік жылдары аралығында 10 монументтік өнер құрылыстары орнатылған.

    2023 жылы Екпін ауылының тұрғыны Ж.Төлеуовтен Тұяқ ата қорымына реставрациялау, абаттандыру жүргізу бойынша арыз түсті. Осы мәселе бойынша облыстық Абай облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» КМҚК –ң директоры М.Құсайнов Тұяқ ата қорымына реставрациялау, абаттандыру жүргізу үшін қажетті жасалатын жұмыстардың алгоритмі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    1. X. ЖАСТАР САЯСАТЫ

    Бүгінгі күні- 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 4330 адам құрады олармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

    Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

    Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде аудан бойынша 18 жас 77 млн 798 мың теңгеден несие алды. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында : Ақсуат ауданына 2023 ж– 12 жас маманнан үй алып, көтерме жәрдемақы алуға өтініш түсіп, 60 адам 20 млн.700 мың көтермеақы алды.

    «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарлама аясында 40 адам жұмыспен қамтылды. Алғашқы жұмыс орындарына 2 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жұмыспен қамтылды.

    Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау бағытында ауданда Ауданда NEET санатына кіретін 58 жас анықталды.

    Аудандағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың 16-29 жас аралығындағы балалары, Neet санатындағы жастар және студенттер, жоғары сынып оқушылары арасынан тамыз айында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2023 жылға 30 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Жоспар бойынша «Мәңгілік ел», «Мұрын ана», «Орталық стадион», «Ырғызбай ата кесенесі» «Қоскөл» маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді.

    2023 жылы аудан бойынша маңызды 2500 жасты қамтитын 56 іс-шара, 7 семинарлар өткізілді. Аталған іс-шараларда жастар саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік саясат, бос уақытты ұйымдастыру, шығармашылықты дамыту туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қаңтар айынан бері 3 рет Жастар кеңесі өткізілді. Кеңесте қайтарымсыз грант алу жолдары, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу мәселелері қаралды.

    Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен тұрғындардан сауалнамалар алынып,тиісті жұмыстар жүргізілді. Ақсуат ауданының Жастар ресурстық орталығында жыл басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Стоп қылмыс» акциясы өтті. Акцияға ауылдың жастары, орталықтың мамандары қатысты, оған 20 жас қамтылды.

    2023 жылдың наурыз айында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

    Сонымен қатар 2023 жылдың шілде айында «Пара берме, пара алма» атты тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында слайд материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы студенттер өз ойларын ортаға салды.

    Волонтерлермен, волонтерлік ұйымдармен жұмыс;

    Жыл басынан бері Ақсуат ауданында ерікті жастардың ұйымдастыруымен 42 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 9 ауылдық округ бойынша Еріктілер тобы құралған. Әр топ мүшесінде 5 (бес) адамнан және мектептерден «Қолғанат» тобы құралған. Қазіргі таңда еріктілердің көмегі әр санаттағы қария –қарттарымызға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созуда. Атап айтсақ, еріктілер «Ардагерлерді ардақтайық», «Жүректен жүрекке», «Жақсылық жасап жарысайық» акцияларына белсене ат салысты.

    Мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жастар арасында жайдарман ойындары, ашық микрофон, жастарға арналған би кештері тұрақты турде ұйымдастырылып отырылды. Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығында апта сайын «Jastarǵa–kenes», «Jastarǵa– bilim», «Jastarǵa– qyzmet», «Jastarǵa– jumys жобалары аясында іс-шаралары өткізіліп тұрды.

    Биылғы жылы аудандық жайдарман ойындары, келіндер байқауы, жігіт сұлтаны байқауы өткізілді. Облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар байқауында ауданымыздан қатысқан жас отбасы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ «Қазақстан-достық шаңырағы» облыстық жастар этнофестивалінда жастарымыз қолөнер туындыларын көрмеге ұсынып, спорттық ойындарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.Сондай-ақ ауданымыздың аяулы жас келіні Үржар ауданында болған облыстық келіндер байқауына қатысып ауданымыздың намысын қорғады.

    Жыл қорытындысы бойынша Ақсуат мәдениет үйінде «Jana belestegi jastar» атты Жастар форумы өткізілді.

    ХI.СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    2023 жылы ауданымызда халықтың саны 19470 адам. Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 8180 адам ол жалпы халық санының 42% құрайды. Бүгінгі күні 61 спорт нысаны бар, оның ішінде білім беру мекемелерінде 14, БЖСМ-де 3, Тарбағатай колледжі – 1, Ы.Досханаұлы атындағы орталық стадион – 1, дене шынықтыру –сауықтыру бағытында 42.

    Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы 42 нысанның ішінде: 1 ипподром (Екпін ауылы), 1 – жасанды жабыны бар футбол алаңы, жасанды жабыны бар 12 балалар алаңы, 15 шағын футбол алаңы, 2 «Воркаут» көше алаңы, 10 хоккей қорабы бар.

    «Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 108 спорт маманы қызмет атқарады. Олар жалпы білім беретін мектептерде 64 мұғалім, балалар жас өсіпірімдер спорт мектебінде 45 жаттықтырушы, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы (Ақсуат колледж) – 1 мұғалім, спорт бойынша әдіскерлер саны 4, спорт бойынша нұсқаушы 5, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде 1 маман қызмет атқарады.

    Бүгінгі таңда М.Имашев атындағы БЖСМ –де 918 оқушы спорттың 10 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, жүзу, жекпе-жек, футбол, қазақ күресі, қол күресі, гір спорты және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, барлық тоғыз ауылдық округтерде спорт мектебінің бөлімшелері жұмыс істейді.

    Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жоспарына сәйкес 60-қа жуық спорттық іс-шаралар жасалған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айына дейін ересектер мен жасөспірімдер және ардагерлер арасында аудандық деңгейдегі 55-спорттық іс-шаралар өткізілді. Ы.Досханаұлы атындағы қазақ күресінен әлемдік гран при жарысы.

    Мемлкеттік қызметшілер арасында асық атудан облыстық жарыс, бокстан Ә.Ілиясовты еске алуға арналған респуликалық турнир дзюдо және қазақ күресінен, волейболдан облыстық жарыстар өткізілді.

    2022 – 2023 жылдары жалпы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары облыстық жарыстарда 142 орын (оның ішінде 43 –алтын, 51 – күміс, 48 – қола) медальға қол жеткізді.

    Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде биылғы жылы 20 бала спорт шеберлігіне үміткер, 13 қоғамдық жаттықтырушылар мен төрешілер дайындалды.

    ХII. ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ

    Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне жыл ішінде келіп 397 құжаттар түсті. Құжат айналымы бойынша кіріс 376, шығыс 67 аудан басқарма және әкімдігі тарапынан уақытылы жауап берілді. Жыл басында барлық өтініш саны 21 барлық өтініш иелеріне уақытында жауаптар беріліп, мерзімінен кешітірілген құжаттар болған жоқ.

    Сондай-ақ, вацап желілері арқылы облыстық қоғамдық даму басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту, архив істері басқармасы, спорт басқармалары арқылы күнделікті жедел түрде орындалатын 600 ге тарта тапсырмалар беріліп, барлығына уақытында жауаптар беріліп отырылды.

    Жүктеу
    ca4480a39a6e359cebc5578d26f5f797_original.113502.docx
    DOCX · 111 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарлама

    2026 жылғы 19 шілдеде өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған Ырғызбай ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлік табыс етілді.

    Жарияланды:
    Басқа

    №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» жобасын Ақсуат ауданының дербес бөлімдерінде және ауылдық округтері әкімдіктерінде жүзеге асыру кестесі

    Ақсуат ауданы әкімінің 2026 жылғы «__» _______ №__ өкіміне №4-қосымша №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасын орындау шеңберінде, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне і...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 19 шілдеде Ақсуат ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімі сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, Ақсуат аудандық ау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат.

    Ақсуат ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы сақтауға байланысты аққарылған жұмыстар бойынша ақпарат. Бүгінгі күні Ақсуат ауданы бойынша жергілікті...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жоба Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,...

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жоба Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/11-VIII « Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама

    2026 жылғы маусым айындағы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне талдамалық анықтама 1 " Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат "блогы Қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2-қосымша

    Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы «__» _____ №__ бұйрығына №2-қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» жобалық тобыныңлауазымдық құрамы Персоналды басқару қызметі бөлімінің б...

    Жарияланды: