Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    ·

    ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.

    Енді ТЖШ мөлшері әрбір салымшының жасына қарай келтірілген құнды есептеудің стандартты формуласы негізінде және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып айқындалады. Нақтыласақ, жаңа әдістеме «Болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақы табысын алу үшін бүгін жеке зейнетақы шотында қандай ең төменгі сома қалуы тиіс?» деген сұраққа жауап береді.

    Формула ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер), қаржылық (табыстылық мөлшерлемелері мен зейнетақы төлемдерін индекстеу) факторларды, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді – жасына байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшерін және ең төменгі жалақыны ескереді. Бұл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, енді ТЖШ есептеу кезінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейін түсетін болашақ міндетті зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Өйткені өмірлік жағдайларға байланысты жарналар толық көлемде аударылмауы немесе белгілі бір кезеңдерде мүлде түспеуі мүмкін. Мұндай тәсіл азаматтардың жинақтарының бір бөлігін пайдаланғаннан кейін болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

    Жүктеу
    759b6f77c837c3b33108dfb4ba9d3d7f_original.14425.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты

    Хаттама Құлсары қаласы 23 шілде 2026 жыл Сағат: 11:00 Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараты Төраға: А.Науаров -Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жән...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    «Ақжол» партиясының сайлаушылармен кездесу кестесі Р/с Қала, аудан, елді-мекен атауы Кездесу орыны Уақыты Күні, айы, сағаты Ескерту 1. Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы «Қосшағыл» мәдениет үйі 6 там...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 29 мамыр 2026 жыл «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік қызмет көрсету саласын және құрылысты дамытудың негізгі бағытт...

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Құлсары қаласы 11 маусым2026 жыл «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жоолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары қызмет көрсету саласы...

    Жарияланды:
    Ереже

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

    «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ!

    ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы кез келген немесе болжамды...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды: