Әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік сатып алу және әдеп нормалары талқыланды

    ·

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімін орындау мақсатында тиісті отырыс өткізілді.

    Күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуы, анықталған бұзушылықтардың себептері және олардың алдын алу шаралары қаралды.

    Қарақия ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ерденбаев өз баяндамасында кеңестің 2026 жылғы 22 мамырдағы шешімінің көшірмесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Бұл ретте рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, заңнама талаптарын қатаң сақтау және ішкі бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Сонымен қатар, жауапты қызметкерлердің құжаттарды зерделеу кезінде мұқияттылық танытуы, ішкі талдау жұмыстарын уақтылы жүргізуі және мемлекеттік сатып алу үдерістерінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері ерекше назарға алынды.

    Отырыста мемлекеттік қызметшілер арасында ойынқұмарлықтың алдын алу, құмар ойындарға және бәс тігу қызметтеріне қатысудан тартыну, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі де айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарына сәйкес ойын мекемелеріне баруына және құмар ойындарға қатысуына жол бермеу, бұл бағыттағы шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 7 маусымнан бастап Қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отбасын құру және неке

    Адамзат баласы дүниеге келген сәттен бастап ең алдымен отбасының ортасында тәрбиеленеді. Отбасы — бұл жай ғана бір шаңырақ астында тұратын адамдар емес, бұл рухани мектеп, тәрбиенің алтын бесігі. Сондықтан әрбір қоғамның...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отбасы – қоғамның тірегі

    Қазіргі қоғамда отбасы институтына әсер етіп отырған бірнеше өзекті мәселе бар. Олар әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және тәрбиелік факторлармен тығыз байланысты. Солардың ішінде отбасылық құндылықтардың әлсіреуі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрылтай депутаттарының сайлауында Қарақия ауданы бойынша Қазақстан Республикасының саяси партияларына сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрылтай депутаттарының сайлауында Қарақия ауданы бойынша Қазақстан Республикасының саяси партияларының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты ақпарат

    Қарақия ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен азаматтардан келіп түскен өтініштерді есепке алу, олардын орындалысын бақылау жұмысына талдау жүргізілді. Талдау жұмысының қорытынды ақпараты бойынша...

    Жарияланды:
    Өкім

    «Қарақия ауданы әкімінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы №1 өкімімен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне қосымша тізбені бекіту туралы»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жарияланды: