Отбасы – қоғамның тірегі

    ·

    Қазіргі қоғамда отбасы институтына әсер етіп отырған бірнеше өзекті мәселе бар. Олар әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және тәрбиелік факторлармен тығыз байланысты. Солардың ішінде отбасылық құндылықтардың әлсіреуі – ұлттық салт-дәстүрді, үлкенді құрметтеу, ата-ананың жауапкершілігі сияқты құндылықтардың төмендеуі отбасы тұрақтылығына ықпал етуде. Жас отбасылар арасында өзара түсіністіктің төмендеуі, жауапкершіліктің жеткіліксіздігі және тұрмыстық қиындықтар отбасының ыдырауына себеп болуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, лудомания және интернетке, нашақорлық пен алкогольге тәуелділік, әлеуметтік -экономикалық жағдай, ақпараттық кеңістіктің салдары ажырасу фактілері артуына себеп болып отыр.

    Әйелдерге, балаларға және кей жағдайда қарттарға қатысты зорлық-зомбылық отбасының тұрақтылығына және қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етіп отыр.Соның ішінде ұрпақ тәрбиесін уысымыздан шығарып алудамыз. Ата-аналардың жұмысбастылығы, гаджеттерге тәуелділік және тәрбиелік уақыттың азаюы балалардың мінез-құлқы мен құндылықтарының қалыптасуына ықпал етуде. Құмар ойындар мен әлеуметтік желілерге шектен тыс әуестік отбасылық қарым-қатынастың әлсіреуіне, қаржылық қиындықтарға және психологиялық мәселелерге әкелуде. Оған қоса әлеуметтік желілер мен интернеттегі теріс контенттің отбасы мүшелерінің дүниетанымы мен қарым-қатынасына әсері күшейіп келеді. Жас отбасылар ғана емес жағдайы төмен отбасылар үшін тұрғын үй мәселесі, жұмыссыздық, инфляция және қаржылық тұрақсыздықта шешімін таппаған мәселе.

    Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Сондықтан отбасы институтын нығайту, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жауапты ата-аналық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, тәуелділіктің және басқа да әлеуметтік кеселдердің алдын алу – қазіргі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның бірлескен жұмысы ғана берік, тәрбиелі әрі жауапты отбасылар санын арттыруға мүмкіндік береді.

    Жақсыгүл Шахзадақызы

    Ұқсас материалдар

    Хабарлама

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    Құрметті сайлаушылар! 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сайлаушылар дауыс беруді...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қарақия ауданы аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу ) құқығын беру жөнінде конкурстың қорытынды ХАТТАМАСЫ

    Жарияланды:
    Қаулы

    Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарақияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жиыны өтті

    2026 жылғы 31 шілдеде Қарақия ауданы әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жобасын іске асыру шеңберінде Қарақия ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдерде, сондай-...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 7 маусымнан бастап Қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отбасын құру және неке

    Адамзат баласы дүниеге келген сәттен бастап ең алдымен отбасының ортасында тәрбиеленеді. Отбасы — бұл жай ғана бір шаңырақ астында тұратын адамдар емес, бұл рухани мектеп, тәрбиенің алтын бесігі. Сондықтан әрбір қоғамның...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрылтай депутаттарының сайлауында Қарақия ауданы бойынша Қазақстан Республикасының саяси партияларына сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Жарияланды: