Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың талдамалық анықтамасы

    ·

    Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қазандағы №21 бұйрығына және Басқарма басшысының 2026 жылғы 25 мамырдағы №24 бұйрығына сәйкес, Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімінің бас маманы А.Карибаевамен Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының қызметіне 2026 жылдың 15 - 19 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Талдау жүргізу кезеңі – 2026 жылдың 6 айы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған, олар:

    1. Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
    2. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
    3. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
    4. Қаржы саласы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласы;
    5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы;
    6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

    1. Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

    Басқарма Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) және «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №172 Қаулысының негізінде өз қызметін жүзеге асырады.

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі №37 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) Басқарманың Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Аталған Ереже ҚР «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заң талаптарына сәйкес әзірленіп, Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен.

    1. Персоналды басқару саласындағы орын алатын тәуекелдер.

    Мемлекеттік мекемеде штат бойынша 7 қызметкер. Оның ішінде: басшы, бөлім басшысы, 4 бас маман, 1 бас маман-бас есепші.

    2026 жылдың қаңтар айында басқарма басшысы өз еркімен жұмыстан босатылды. А.ж. наурыз айында Басқарманың бөлім басшысы лауазымындағы қызметкер ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен Жамбыл облысы әкімінің №4-Ж/Қ өкімімен басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.

    Бүгінгі күнге басқармада 1 бос орын бар, ол басқарманың бөлім басшысының лауазымы.

    Талдау кезеңінде теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босату немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылу фактілері жоқ. Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

    1. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

    ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.

    Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

    Басқарманың қызмет атқарып отырған мемлекеттік қызметшілері арасында 2026 жылдың 1 маусымы жағдайына мүдделер қақтығысы фактілері орын алмаған.

    1. Қаржы саласы, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында орын алатын тәуекелдер.

    Басқармамен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

    Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 5-бабы 2 тармағына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспары 2025 жылдың 25 желтоқсанында бекітіліп, www.goszakup.gov.kz электронды веб порталына орналастырылды.

    Оның ішінде 2026 жылдың 1 маусымы жағдайына 21 келісім шарт жасалды, оның ішінде 7 дана шарт «Бағалы ұсыныныстарға сұраным», 1 дана шарт «Электронды дүкен», 4 дана шарт «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», 6 дана шарт «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден» мемлекеттік сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылды.

    Аталған шарттарда мемлекеттік сатып алу заң нормалары сақталынған, өнім берушілер арасында тауарлар және жұмыстар мен қызметтер Шартта көрсетілген міндеттер орындалған. Сондай-ақ, аталған шарттар облыстық терроризмге қарсы комиссиясымен қаралып отырады және бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа тәуекел факторлары анықталмаған.

    Сонымен бірге, басқарма тарапынан бюджеттік қаражат шығындарының ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджеттер» электронды порталына Басқарманың 2019 жылғы аудиторлық есептері, қорытындылары салынған.

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру барысында орын алатын тәуекелдер.

    Басқарма Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес заңды және жеке тұлғаларға «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру», жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметтерін көрсетеді.

    2026 жылдың 6 айы ішінде басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей:

    - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 1 қызмет көрсетілді.

    - «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардан өтініш түспеуіне байланысты бұл қызмет түрі көрсетілмеді.

    Көрсетілген мерзімдер ішінде ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қарау мерзімдері бұзылмаған және қызмет алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

    1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында орын алатын тәуекелдер.

    2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы тіркеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

    Аталған «е-Өтініш» платформасы арқылы 2026 жылдың 6 айы ішінде Басқармаға 17 жеке тұлғадан, 8 заңды тұлғадан өтініштер түсіп, мерзімінде орындалып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен бірге, өтініш иелерінен берілген жауаптарына шағымдар түспеген. Басқармаға келіп түскен жолданымдардың барлығына ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңнамасына сәйкес жауап берілді.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

    Жалпы, басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шараларды жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері мен облыс аумағында қызмет атқаратын діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтарда іс-шаралар өткізуді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің атқарып отырған жұмыстары жайлы ақпараттарды әлеуметтік желілерге және Басқарманың ресми сайтында тұрақты түрде жарияланып отыруын қамтамасыз ету жұмыстары басқарма тарапынан қадағаланып, жүргізілетін болады.

    Сонымен қатар, Басқармамен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспардың орындалуы

    Басқарманың дін саласындағы

    мемлекеттік саясатты іске

    асыру жөніндегі бөлімі

    басшысының м.а. А.Қалмырзаев

    Жүктеу
    73797782a08000c10113dd5608f3dcb2_original.2988603.pdf
    PDF · 2,9 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының 2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

    Облыс әкімдігі дін істері басқармасының 2026 жылдың ІІ тоқсаны бойынша діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтері бойынша есебі Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және...

    Жарияланды:
    Есеп

    Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының 2026 жылдың І тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

    Облыс әкімдігі дін істері басқармасының 2026 жылдың І тоқсаны бойынша діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтері бойынша қысқаша есебі Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпар...

    Жарияланды:
    Жоспар

    Іс-шаралар жоспары

    Жарияланды: