Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалғансыбайлас жемқорлық тәуекелдерінешалдыққанлауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
"Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінешалдыққанлауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 |
Басшы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржылыққызмет, кадрлық іріктеу) |
Кадрларды іріктеу, қызмет бойынша жоғарылату және мемлекеттік қызметтен босату, қызметкерлерге тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру |
2 |
Бас маман-бас бухгалтер |
Облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу кезінде мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі |