Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы

    Басқарма туралы

    "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — басқарма) дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті орган болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Картограмма

    Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ Картограмманың мақсаты Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының 2026 жылғы 15 – 19 маусымы аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылуы туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі негізінде әзірленді. Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Басқармабойынша негізгі тәуекел картасы № Тәуекел аймағы Негізгі тәуекел Негізгі салалар 1 Басқарушылық шешімдер қабылдау Жеке мүдделілікке байланысты қызметтік өкілеттіктерді пайдалану Басшы, бөлім басшысы 2 Мемлекеттік сатып алу Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, мердігерлермен жұмыс, шарттардың орындалуын бақылау Қаржы-шаруашылық қызметі 3 Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іріктеу, қаржыландыру, игеру Қаржы-шаруашылық қызметі 4 Мүдделер қақтығысы Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу Басқарманың барлық мамандары 5 Әкімшілік рәсімдер және азаматтарды қабылдау Өтініштерді қарау, жеке қабылдау және рәсімдік талаптарды сақтау Басқарманың барлық мамандары Тәуекелге шалдыққан лауазымдар Лауазым Тәуекелді өкілеттіктер Басшы Басқарушылық шешімдер, қаржы, экономикалық және шаруашылық қызмет Басмаман– бас бухгалтер Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, жұмыстарды қабылдау, еңбекақы және ТМҚ есебі, бюджет қаражатын игеру 4. Тәуекелдерді төмендетудің басым шаралары - Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету. - Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша тұрақты түсіндіру және ішкі бақылау жүргізу. - Құжат айналымын, номенклатуралық істерді, кіріс-шығыс журналдарын және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін біріздендіру. - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі 2026 жылғы жоспардың әрбір тармағы бойынша орындалу мониторингін тұрақты жүргізу. 5. Қорытынды 2026 жылғы ішкі талдау материалдары негізінде Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі шоғырлану аймақтары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, мүдделер қақтығысы, құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану процестері болып айқындалады. Картограммадағы тәуекелдер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жасалғанын білдірмейді, ол тиісті функциялар мен лауазымдардың сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырау дәрежесін сипаттайды. Сондықтан негізгі міндет – анықталған себептер мен жағдайларды жою, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және ішкі бақылауды күшейту.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 2026-ға қорытындысы

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негезінде жүргізілген "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған подкасттардың сценарийін әзірлеу және түсіру бойынша қызметтер» бойынша қызметтер" тақырыбындағы іс шараны қалыптастыру және оны іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары 5 қосымша.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2026 жылы өткен іс-шараның эксперттік қорытындысы

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негезінде жүргізілген "Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу" тақырыбындағы іс шараны қалыптастыру және оны іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары 6-7 қосымша

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2026 жылы өткен іс-шараның эксперттік қорытындысы

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негезінде жүргізілген «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған подкасттардың сценарийін әзірлеу және түсіру бойынша қызметтер" тақырыбындағы іс шараны қалыптастыру және оны іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары 6-7 қосымша

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 2026-ға қорытындысы

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негезінде жүргізілген "Жамбыл облысы, Тараз қаласы және аудандарындағы діни ахуалдың жайы туралы зерделеу жұмыстарын жүргізу" тақырыбындағы іс шараны қалыптастыру және оны іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары 5 қосымша.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық картограммасы

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалғансыбайлас жемқорлық тәуекелдерінешалдыққанлауазымдар тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі № р/с Сыбайлас жемқорлық тәуекелінешалдыққанлауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 Басшы Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржылыққызмет, кадрлық іріктеу) Кадрларды іріктеу, қызмет бойынша жоғарылату және мемлекеттік қызметтен босату, қызметкерлерге тәртіптік шаралар мен көтермелеу шараларын қолдану, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру 2 Бас маман-бас бухгалтер Облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімі негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу кезінде мүдделі тұлғалармен тікелей байланыста болу мүмкіндігі

    Жарияланды: