Үкімет отырысынан кейінгі
аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің
ХАТТАМАСЫ
Шиелі кенті 2026 жылғы 7 шілде
сағат: 10:00
Төрағалық еткен: |
Аудан әкімі - А. Жандарбеков |
Қатысқандар: |
Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері |
І.«Газ саласын дамыту туралы»
(А. Жандарбеков, А. Алдабергенов, А. Дүйсенбаев)
1.1. Аудан әкімінің орынбасары(А. Алдабергенов): Табиғи газ желісі жүргізілген елді-мекендердегі мемлекеттік мекемелердің әкімшілік ғимараттарының бу қазандықтарын газды отынға ауыстыру бойынша әзірленген жоба-сметалық құжаттарының сараптамадан уақытылы өтуін бақылауда ұстасын (мерзімі: тұрақты).
1.2. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі (Е. Райымбек к/б): Аудан көлеміндегі газ құю бекеттеріндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, кемшіліктер анықталған жағдайда Заң аясында шара көру жұмыстарын жүргізсін (мерзімі: тұрақты).
1.3. Осы тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.
***
ІІ.«Қосымша мәселелер»
(А. Жандарбеков, Б. Ысмағұлов, А. Алдабергенов, А. Дүйсенбаев)
2.1. Дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері бірлесіп, тұрғындарға «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығын және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабының тармақтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізсін (мерзімі: 14.07.2026 жылға дейін).
2.2. Кент және ауылдық округ әкімдері: Кент және ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының (сауда орталықтары, ойын-сауық орындары, кафе, асхана, т.б.) ауласының санитарлық тазалығына рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабының тармақтарына сәйкес, жазбаша түрде ескертулер беріп, талаптарды орындамаған тұлғаларға заң аясында айыппұлдар салу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізсін. (мерзімі: тұрақты);
2.3. Аудан әкімі аппараты басшысы(м.а. Б. Шәкіртаев): 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмаған, сондай-ақ бекітілген межені орындамаған ауылдық округ әкімдерінің түсінігін алып, Заң аясында шара көру жұмыстарын жүргізсін (мерзімі: 09.07.2026 жыл).
2.4. Осы тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау және үйлестіру аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.
Аудан әкімі А. Жандарбеков