2026 жылы Рудный қаласының азаматтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асыруға 2 478,0 млн. теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 073,2 млн. теңге немесе 43,3 % пайдаланылды.
2026 жылы аз қамтылған халыққа әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлерін тағайындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 345,8 млн. теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша игеру 156,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
- табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар қатарындағы 498 адамға 46,0 млн теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;
- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 1111 алушыға 86,4 млн теңге сомасында көрсетілді;
- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек 77 кәмелетке толмаған балаға жалпы сомасы 13,0 млн теңгеге төленді;
- тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5%-дан асатын отбасыларға көрсетілетін тұрғын үй көмегі 239 отбасыға 11,0 млн теңге сомасында төленді.
Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шараларға 2026 жылға жергілікті және облыстық бюджет қаражатынан 776,7 млн. теңге бөлінді, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 379,6 млн. теңге игерілді, оның ішінде:
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар 25 адамға 19,2 млн теңге сомасына жеке көмекшінің қызметі көрсетілді;
- есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар 35 адамға 6,3 млн теңге сомасына ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді;
- Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 728 адам 235,1 млн теңге сомасына міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді;
- мүгедектігі бар 32 адам 12,6 млн теңге сомасына сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді;
- мүгедектігі бар 75 адам 22,9 млн теңге сомасына тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді;
- мүгедектігі бар 161 адам 54,2 млн теңге сомасына санаторлық-курорттық ем алды;
- мүгедектігі бар 28 адам 8,3 млн теңге сомасына кресло-арба алды;
- мүгедектігі бар 255 адам 21,0 млн теңге сомасына протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
2026 жылы инватакси қызметіне 116,8 млн.теңге бөлінді, қызметті тиісті ұсынымы бар мүгедектігі бар 151 адам пайдаланды, осы мақсаттарға 38,5млн.теңге жұмсалды.
Сондай-ақ «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда, бөлінген қаражат сомасы 1,6млн.теңгені құрайды, 0,9млн.теңге пайдаланылды.
Рудный қаласында мүгедектігі бар адамдар мен жалғыз тұратын қарт азаматтар үшін «Рудный әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ (бұдан әрі – аумақтық орталық) қызмет етеді. Аумақтық орталықтың жұмысы алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған, оның ішінде:
- үйде күтім жасау бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді 404 қарт және бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 55 адам алды;
- үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді мүгедектігі бар 34 бала және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар 63 адам алды;
- жартылай стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған 74 бала алды;
- жартылай стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар 20 адам алды.
Аумақтық орталықты ұстауға 2026 жылға 717,1млн.теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 280,3млн.теңге игерілді.
Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін Рудный қаласында жобалық қуаты 120 орындық «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ ( бұдан әрі –әлеуметтендіруорталығы) жұмыс істейді, оның ішінде тәулік бойы болу үшін 87 орын, түнгі бөлімшеде 13 орын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп танылған адамдар үшін 20 орын бар.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қайта әлеуметтендіру орталығына 2 330 адам жүгінді, оның ішінде түнгі бөлімшеге – 2 146 адам, тәулік бойы болу бөлімшесіне – 157 адам, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне – 27 адам (оның ішінде 16-сы кәмелетке толмағандар) жүгінді.
Есепті кезеңде қызмет алушыларға келесі көмек көрсетілді:
- ҚР жеке куәлігін алды – 17 адам;
- тұрақты жұмысқа орналастырылды – 16 адам;
- зейнетақы мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек көрсетілді – 21 қызмет алушыға;
- Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тұрақты тұру үшін ресімделді – 14 адам;
- мүгедектік тобын ресімдеуге көмек көрсетілді – 13 қызмет алушыға.
Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығын ұстауға 2026 жылы 378,5млн.теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 157,0млн.теңге игерілді.
Сондай-ақ Рудный қаласында Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды. Бұл мекеме жұмысының мақсаты отбасы институттарын әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Орталықта зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан күрделі жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсетіледі, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2026 жылғы 1 шілдеге өмірлік ауыр жағдайда қалған 6 отбасына (тұлғаға) алты айдан аспайтын мерзімге тәулік бойы тұрумен уақытша болу мүмкіндігі берілді – 23 адам (оның ішінде 15 кәмелетке толмағандар).
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топ 42 отбасын сүйемелдеуге алды, барлығы 210 адам, оның ішінде 116 кәмелетке толмағандар.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша FSM Social мобильді қосымшасы арқылы 394 өтініш тіркелді:
- 208 адам Орталыққа өз бетінше жүгінді;
- 114 жағдай бойынша ақпаратты мемлекеттік органдар Орталыққа берді.
2026 жылғы 1 шілдеге белсенді ұзақ өмір сүру бағытында зейнеткерлік жастағы 826 адам тіркелген. Орталық 111 іс-шара өткізді, оған 4 518 адам қатысты.
Орталықты ұстауға 2026 жылға 141,5 млн теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 60,5 млн теңге игерілді .
Әлеуметтік қолдау көрсету шараларынан бөлек, Рудный қаласында азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, оны «Қостанай облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Рудный қаласының мансап орталығы» филиалы жүзеге асырады. 2026 жылдың алты айында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 2 848 адам жүгінді, оның ішінде 1 233 жұмыссыз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, соның ішінде:
- бос жұмыс орындарына 346 адам орналастырылды;
- әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адам жіберілді;
- жастар практикасына 5 адам жіберілді;
- қоғамдық жұмыстарға 122 адам жіберілді;
- «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасуға 41 адам жіберілді;
- жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқуға 30 адам жіберілді;
- жұмыс орнында оқуға 24 адам жіберілді;
- «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 228 адам оқытылды;
- электрондық еңбек биржасы порталында Skills онлайн оқытуға 377 адам жіберілді.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар қаламыздың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді және жүгінген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады .