БЖЗҚ «HalykGlobalMarkets» АҚ-мен зейнетақыактивтерінсенімгерлікбасқарутуралышарттыбұзужоспарланғанынескесалады

    Рудный қаласының әкімдігі

    «Бірыңғай жинақтаушызейнетақықоры» АҚ (бұданәрі– БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж.бастапсалымшыларданзейнетақыактивтерінинвестициялықпортфельдібасқарушы (бұданәрі– ИПБ) «HalykGlobalMarkets» АҚ беру туралыжаңаөтініштердіқабылдаутоқтатылғанынескесалады. Бұлшешім 2025 жылғы 31 желтоқсандааталған ИПБ-ныңбастамасыбойынша 2021 жылғы 18 ақпандағы № 17/6/18-02-21/П Зейнетақыактивтерінсенімгерлікбасқарутуралышартты (бұданәрі–Шарт) 2027 жылғы 1 қаңтарданбастапбұзужоспарланыпотырғанытуралыхабарламаныңалынуынабайланыстықабылданды.

    Бұған дейін ИПБ-ға берілген барлық зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттарға сәйкес «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді. Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, ИПБ Шарт бұзылғанға дейін өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға, соның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны, активтердің сақталуы жөніндегі талаптарды және есептілікті сақтауға міндетті.

    Басқару мерзімі аяқталғаннан кейін БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін ақшалай түрде толық көлемде ҚРҰБ-ға сенімгерлік басқаруға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ оны толық көлемде өтейді. ИПБ-ның теріс айырманы есептеуі мен өтеу мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен регламенттелген.

    Салымшылардың (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң) зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына немесе басқа ИПБ-ға беруді жүзеге асыруға құқылы екенін еске саламыз.

    Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа ИПБ-ларға жалпы сомасы 765,5 млн теңгеге зейнетақы жинақтары бойынша 441 аударым жасалды. Осы кезеңде ҚРҰБ басқаруына жинақтарды қайтару бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 881 аударым жасалды. Бұл ретте ИПБ-ның әрбір салымшысы өзінің зейнетақы жинақтарын басқа ИПБ-ларға немесе ҚРҰБ басқаруына бір реттен көп аударуға құқылы болды.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    5fac48a5ff7b1e6fa9eb8bb1cac4534f_original.66418.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат»

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының 22-тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ет...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанныңжинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтард...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты з...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына28,35 трлн теңгеболды.12 айдағы өсім –3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақ...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы жағдай бойынша кондоминиум объектілерін басқару нысандары туралы мәліметтер

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Инватакси» қызметін көрсететін жеткізушілер

    «Инватакси»қызметін көрсететін жеткізушілер № Қаланың/ауданның атауы Өнім берушінің атауы Байланыс деректері Қостанай облысы 1 Рудный қаласы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Достар 2016» 8(71431) 71935, 8(71431)71...

    Рудный қаласының әкімдігіЖарияланды: