2026 жылғы 3 маусымда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Қарағанды облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жаңадан қабылданған бас маманы А.М.Магмуровамен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметшілердің еңбек, атқарушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, лауазымдық міндеттерін атқару кезінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсініктемелер берілді.
