«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ

    Бөлім туралы

    «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    «Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны туралы хабарландыру

    «Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ 2026 жылғы 27 шілде мен 26 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлайды. Ішкі талдау жүргізу барысында ішкі ұйымдастырушылық-басқарушылық процестерге бағалау жүргізіліп, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенді, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалды. Ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама әзірленіп, анықталған себептер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шараларды іске асыру және ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру, Бөлім қызметінің тиімділігін арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жүргізілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының ТКШ бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАТТАМА «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Сәтбаев қаласы 2026 жылғы 26 тамыз «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 26 шілдедегі № 118 бұйрығы негізінде мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: 1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі: 2026 жылғы 27 шілдеден 26 тамызға дейін. Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жыл. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 2025 жылға жүргізілген талдау нәтижесінде ТКШ бөлімі басшысының барлығы 353 бұйрығы әзірленгені анықталды. Оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 251, еңбек демалысын беру, іссапарларға жіберу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша – 69, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату мәселелері бойынша – 33 бұйрық. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 1. Персоналды басқару. «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің штаттық саны 5 әкімшілік мемлекеттік қызметші бірлігін және еңбек шарты негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын 18 қызметкерді құрайды. Қызметкерлердің нақты саны – 23 адам. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын барлық азаматтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өтеді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдау фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген шектеулерді қабылдайды. Кандидаттарды іріктеу және лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдауға жол берілмейді. Бос лауазымдардың болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ конкурстық іріктеудің тиісті кезеңдеріне жіберілген кандидаттар туралы ақпарат «Е-қызмет» (ЕПИРГО) порталында орналастырылады. Әңгімелесуді өткізуге арналған сұрақтарды персоналды басқару қызметі қалыптастырады. Конкурстық іріктеуге қатысатын барлық кандидаттар үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері дауыс беру жүргізіп, кандидаттарға бағалар қояды. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеуді өткізбей жоғары лауазымға жоғарылату және басқа лауазымдарға ауыстыру «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын шектеуге немесе өзге де құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылық шаралары қолданылады. Алынбаған тәртіптік жазасы бар қызметкерлерді көтермелеуге жол берілмейді. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, қызметтік әдеп нормаларын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізіліп тұрады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізілді. Бағалаудан «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің 5 мемлекеттік қызметшісі өтті. Бағалау нәтижелері бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерге «тиімді» деген баға берілді. Оқыту мен біліктілікті арттырудан өтудің мерзімдері мен тәртібі сақталады. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің 100 %-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру және оқыту іс-шаралары өткізіледі. Сонымен қатар, қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейімен байланысты мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еңбек тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу, сондай-ақ бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдау фактілері тіркелген жоқ. Ұсыным: «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-де бар бос лауазымдар туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда уақтылы орналастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруы (жұмыс істеуі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелерін қоспағанда) өздерінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-де жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқару (жұмыс істеу) фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ. Өкілеттіктерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін нормаларды талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын факторлар анықталған жоқ. Есепті кезеңде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында: - 2026 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытымен көзделген іс-шараларды іске асыруды жалғастыру; - тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту сабақтарын өткізу; - ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жалғастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі eGov.kz және eLicense.kz порталдары арқылы көрсетіледі. Талдау барысында 2025 жылғы 29 тамызда «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу туралы өтініштің келіп түскені анықталды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың белгіленген мерзімі бұзылып, өтініш кешіктіріліп қаралып, 2025 жылғы 21 қазанда аяқталған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімін бұзу фактісі бойынша бөлім басшысы А. Мухамбетали әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды. Аталған факт мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталмау тәуекелінің бар екенін және осы саладағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді. 4 Жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Жекелеген жобаларды іске асыру барысында конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылуына, олардың нәтижелеріне шағым жасалуына, сондай-ақ қосымша жұмыс көлемдерін орындау қажеттілігіне байланысты жұмыстарды уақтылы орындамау тәуекелдері туындауы мүмкін. Талдау барысында бес балалар ойын алаңын орнату жұмыстарын уақтылы орындамау тәуекелінің болғаны анықталды. 2025 жылғы 9 мамырда шығарылған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Нар берген» Мүгедектер қоғамдық бірлестігі танылды. Алайда конкурсқа қатысқан өзге қатысушылардың шағымы қаралып, оның нәтижелері бойынша жеңімпаз болып «Жуалы Қамқор» Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі танылды. Впоследствии указанное решение было обжаловано в судебном порядке. Согласно вступившему в законную силу судебному решению победителем конкурса было признано ООИ «Асыл арна». Шағымдарды ұзақ уақыт қарауға және сот талқылауларына байланысты мердігер ұйым жұмыстарды орындауға тек қазан айының соңында ғана кірісті. 2025 жылғы 10 қазанда 65 444 мың теңге сомасына № 228 шарт жасалып, жұмыстарды орындау мерзімі 2025 жылғы 30 қарашаға дейін болып белгіленді. Жұмыстар белгіленген мерзім бұзылып аяқталды. Міндеттемелерді орындауды 15 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін мердігер 306 149 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төледі. «Оқушылар» аллеясын абаттандыру жұмыстарын орындау барысында да жобаны уақтылы іске асырмау тәуекелі туындады. Әлеуетті өнім берушілерден өтінімдердің түспеуіне байланысты конкурстық рәсімдер бірнеше рет қайта өткізілді. Сонымен қатар, конкурстардың бірі Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің шешімімен күші жойылды. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «ИЛДАС» ЖШС айқындалып, онымен 2025 жылғы 4 қыркүйекте жалпы сомасы 206 244 861,76 теңгеге № 191 шарт жасалды. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 2025 жылғы 15 қарашаға дейін болып белгіленді. Жобаны іске асыру барысында қосымша жұмыстарды орындау қажеттілігі туындауына байланысты жұмыстарды орындау мерзімін 2025 жылғы 25 қарашаға дейін ұзарту туралы қосымша келісім жасалды. Сонымен қатар, мердігер ұйым жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтап, оларды 2025 жылғы 11 қарашада орындады. Жобаны уақтылы іске асырмау тәуекелі Сәтбаев қаласының орталық алаңында жаяу жүргіншілер субұрқағын салу жұмыстарын орындау барысында да туындады. Конкурстық рәсімдер бір рет Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің шешімімен күші жойылды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерден өтінімдердің түспеуіне байланысты екі рет өтпеді деп танылды. Бұл жағдай жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін туындатты. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «Жуалы Қамқор» мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі айқындалып, онымен 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 207 шарт жасалды. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 2025 жылғы 30 қарашаға дейін болып белгіленді. Фактически работы были завершены в декабре 2025 года. Шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуына байланысты мердігер мемлекеттік бюджет кірісіне 1 566 421,50 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төледі. Мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер тротуарлары мен автотұрақтарды абаттандыру жұмыстарын орындау барысында да жобаны уақтылы іске асырмау тәуекелі туындады. Конкурстық рәсімдер бірнеше рет кейінге қалдырылды: бастапқыда конкурс біліктілік талаптарының негізсіз жоғары белгіленуіне байланысты прокуратураның шешімімен күші жойылды, кейін жұмыстарды орындау мерзімінің жеткіліксіз болуына байланысты Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің шешімімен күші жойылды. Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты конкурс төрт рет өтпеді деп танылды Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша 2025 жылғы 6 қазанда «Аслан Құрылыс KZ» ЖШС-мен № 229 шарт жасалды. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі шарттың күшіне енген күннен бастап 45 күнтізбелік күн болып белгіленді. 2025 жылғы 24 қазанда қосымша жұмыстарды орындау қажеттілігіне байланысты қосымша келісім жасалып, онымен де жұмыстарды орындау мерзімі шарттың күшіне енген күннен бастап 45 күнтізбелік күн болып белгіленді. Қосымша келісімді ескере отырып, шарттың жалпы құны 30 981 991,67 теңгені құрады. Конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылғанына қарамастан, мердігер ұйым жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтап, оларды 2025 жылғы 6 қарашада орындады. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру тәртібінің нормативтік реттелмеуі немесе толық реттелмеуі (қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижелері, бас тарту негіздері және өзге де талаптар) анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асырудың нақты рәсімдерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан оларды іске асырудың белгіленген тәртібінің бұзылу фактілері анықталған жоқ. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысының бұйрығымен бланкілерді сақтау мен есепке алу үшін жауапты тұлға тағайындалған. Бланкілер мен нұсқамаларды сақтау тәртібін бұзу, оның ішінде оларды белгіленбеген орындарда сақтау фактілері анықталған жоқ. Бақылау іс-шараларын өткізу мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларын жүргізу процестеріне өзгерістер енгізу («қолмен» түзету) мүмкіндігі жоқ. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар 2025 жылғы 29 шілде мен 29 тамыз аралығында Ұлытау облысының автомобиль жолдарын дамытуға (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша) бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит (сәйкестік аудиті) жүргізілді. Аудитпен 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезең қамтылды. Мемлекеттік аудит барысында келесі жобалар қаралды: 1) Өнеркәсіп аймағына дейінгі (Тәуелсіздік даңғылынан қалалық қазандыққа дейін) автомобиль жолын және Үшінші сорғы станциясына дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеу. Жұмыстарды орындауға арналған шарт 2024 жылғы 13 маусымда «Дорожник» ӨК-мен 111 114,7 мың теңге сомасына жасалып, жұмыстарды аяқтау мерзімі 2024 жылғы 15 қазанға дейін, ал кепілдік пайдалану мерзімі 3 жыл болып белгіленді. Мердігердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты шарт Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 20 қарашада біржақты тәртіппен бұзылды. 2) Болман көшесі бойынша автомобиль жолын орташа жөндеу. Жұмыстарды орындауға арналған шарт 2024 жылғы 21 маусымда «Дорожник» ӨК-мен 16 824,4 мың теңге сомасына жасалды. Мердігердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты шарт Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 20 желтоқсанда біржақты тәртіппен бұзылды. Мемлекеттік аудит қорытындысына сәйкес, 2024 жылы аталған автомобиль жолдарын орташа жөндеу жобалары техникалық қадағалаусыз іске асырылған. Техникалық қадағалаудың және Бөлімнің лауазымды тұлғалары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің негізсіз ұлғайтылуына алып келген. Мемлекеттік аудит барысында мамандардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және құрылыс саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарын жеткілікті деңгейде білмеуі, сондай-ақ Бөлім басшылығы тарапынан олардың қызметіне ішкі бақылаудың жеткіліксіз жүзеге асырылуы және жауапты тұлғалардың лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан 3 786,3 мың теңге сомасындағы жекелеген жұмыс түрлері негізсіз қабылданып, 293,3 мың теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбы өндірілмегені анықталды. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық бұзушылықтар толық көлемде жойылды. Келтірілген залалды өтеу, ішкі бақылауды күшейту, құрылыс объектілерін іске асыру кезінде техникалық қадағалауды міндетті түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандардың құқықтық және кәсіби даярлық деңгейін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданды. Жауапты лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасы талаптарын қатаң сақтау, орындалған жұмыстарды қабылдау және шарттық міндеттемелерді орындау кезінде дербес жауапкершілікті күшейту қажеттігі жөнінде тапсырмалар берілді. 2025 жылғы 13–20 қазан аралығында облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын «Шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудитпен 2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығындағы кезең қамтылды. Мемлекеттік аудит барысында төмендегі жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу дұрыстығы тексерілді: 1) «Шаталюк көшесі – Оразбаев көшесі аралығындағы орамішілік жылу желісі учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізу»; 2) «№1 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау»; 3) «№2 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау». Тексерілген бюджет қаражатының жалпы көлемі 561 798,0 мың теңгені құрады. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері дұрыс айқындалмаған, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. Сонымен қатар, жобаларды іске асыру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталды. Олар орындалған жұмыстардың көлемі мен құнының жалпы сомасы 2 532,4 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылуынан көрініс тапты. Аталған бұзушылықтар тапсырыс беруші мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит барысында «№1 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» және «№2 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобалары бойынша мемлекеттік сараптаманы жүргізуге, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың тиісінше жіктелмегені анықталды. Бұдан бөлек, «№2 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған шығындар қате түрде ағымдағы шығыстарға жатқызылып, күрделі салымдарды есепке алу шоттарында көрсетілмеген. Бұл аяқталмаған құрылыс объектілерін есепке алу бөлігінде Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. Бұл ретте «№1 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» және «№2 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобалары үш жылдық шарт шеңберінде іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2026 жылғы желтоқсанға дейін белгіленген. Жобаларды іске асыру жұмыстарының жалғасуына байланысты аталған объектілер бойынша шығындар 2026 жылдың балансына ауыстырылды. Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 17 қазандағы №1 бухгалтерлік анықтама негізінде «№2 магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған 14 166,8 мың теңге көлеміндегі шығындар бухгалтерлік есепте қалпына келтірілді. Ұқсас бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы мен бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарының сақталуына, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында бақылауды жүзеге асыруға ішкі бақылау күшейтілді. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу. 2025 жылға 9 496 021,0 мың теңге сомасында жылдық қаржыландыру жоспары бекітілді. Көрсетілген соманың ішінде еңбекақы төлеуге 62 110,0 мың теңге, әлеуметтік салықты, өтемақы төлемдерін, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналарды төлеуге және іссапар шығыстарына 21 769,0 мың теңге көзделген. Аталған шығыстар бойынша бюджет қаражатын игеру 100 %-ды құрады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. 2025 жылы жасалған шарттардың жалпы сомасы 9 355 002,3 мың теңгені құрады, оның ішінде: тауарларды сатып алу – 1 306,0 мың теңге; жұмыстарды орындау және қызметтер корсету – на сумму 9 355 002,3 мың теңге. Ұсынылады: - шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамайтын өнім берушілерге қатысты уақтылы ден қою шараларын қабылдау; - өнім берушілер шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда заңнамада және шарт талаптарында көзделген жауапкершілік шараларын қолдану; -Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес адал бәсекелестік, бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге бақылауды күшейту. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы Бөлімде компьютерлік техника (бағдарламалар) жөніндегі оператор арқылы қамтамасыз етіледі. Оның құзыретіне операциялық жүйелер мен қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және баптау, компьютерлік техниканы жергілікті желіге және Интернет желісіне қосу және баптау, компьютерлік техника мен серверлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ шығыс материалдарын ауыстыру кіреді. Бөлімнің қызметінде келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі» (БЭҚАЖ), eQyzmet АЖ, eOtinish сервисі, Enbek АЖ, eAkimat 365 АЖ, Мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП), «е-Минифин» интеграцияланған ақпараттық-талдау жүйесі (ИАТЖ), «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (АИИАЖ), «Қазынашылық–клиент» ақпараттық жүйесі, сондай-ақ 1С платформасындағы «К2.Бюджет» бағдарламалық өнімі. Аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруды, рәсімдердің ашықтығын, пайдаланушылардың іс-әрекеттерін тіркеуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мүдделер қақтығысының алдын алуға ықпал етеді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Қорытынды: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін функцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болуы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне бағалау жүргізілді. Талдау жүргізілген кезеңнің қорытындысы бойынша 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, олардың барлығы расталды және есепке алынуға жатады. Тәуекелдердің туындау ықтималдығын, көрініс беру жиілігін және ықтимал әсер ету дәрежесін ескере отырып, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің іске асу ықтималдығы төмен екені және оларды тиісті ұйымдастырушылық әрі бақылау шараларын қабылдау арқылы барынша азайтуға болатыны айқындалды. Қажет: - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар туғызбай қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз ету; - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуына ішкі бақылауды күшейту; - заңнама талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспары мен қорытынды аналитикалық анықтаманы ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту; - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуына бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету. «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы А.Мухамбетали

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы туралы анонс

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ТКШ бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша жария талқылау өткізу жоспарлануда. Күні: 2026 жылғы 27 тамыз Уақыты: 12:00 Өтетін орны: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев данғылы, 108, 105-кабинет

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Сәтбаев қаласының ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлыс жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы

    Жарияланды: