«Сәтпаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ 2026 жылғы 27 шілде мен 26 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлайды.
Ішкі талдау жүргізу барысында ішкі ұйымдастырушылық-басқарушылық процестерге бағалау жүргізіліп, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенді, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалды.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама әзірленіп, анықталған себептер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Іс-шараларды іске асыру және ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру, Бөлім қызметінің тиімділігін арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жүргізілді.