
Әмірғалиев Ермек Еркенұлы
Басқарма басшысы
1981 жылы туған. Білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Басқарма басшысы
1981 жылы туған. Білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімі
Алимбеков Алмас Халимулдаевич - 22.05.1988 жылы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы Халықаралық білім беру корпорациясының Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын "Құрылыс" мамандығы бойынша, 2012 жылы О. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген

Тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Сүлейменова Замзагүл Омарқызы - 22.07.1976 ж., Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
Бекішев Алмаз Асқарұлы 1987 жылы 1 мамырда Жетісу облысы Ескелді ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Талдықорған қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясын бітірген.