Әмірғалиев Ермек Еркенұлы

    Басқарма басшысы

    Әмірғалиев Ермек Еркенұлы
    Руководитель управления

    Әмірғалиев Ермек Еркенұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1981 жылы туған. Білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы болып бастады. Кейін Алматы облысының қаржы басқармасының жетекші маманы, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысы, Жетісу облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2023 жылғы қараша айынан Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.