Жетісу облысы Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты

    Аппарат туралы

    "Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты" (бұдан әрі – Әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық -талдау тұрғысынан, ұйымдық -құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкімнің аппаратында ведомстволары жоқ.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге,сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Халықпен кездесу кестесі

    Халықпен кездесу кестесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

    Жетісу облысы, Ескелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды: Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жергілікті «Жетісу шұғыласы» газет бетіне жарияланған соң күнтізбелік 30 күннен кейін, он бес жұмыс күні ішінде, яғни 2026 жылдың 28- қыркүйектен 16-қазанға дейін қабылданады. (040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оразбеков көшесі, 67), Ескелді ауданының әкімдігі №5 кабинетке табыс етеді. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың 16-қазан айының 18 сағат 30 минутқа дейін.

    Жарияланды: