Қызметкерлер — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппараты

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Сатыбалдиев Бағдат Әшімханұлы
    Әкім

    Сатыбалдиев Бағдат Әшімханұлы

    Қарабөгет ауылдық округі әкімі

    1973 жылы 11 маусымда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Құмөзек ауылы Ы.Алтынсарин атыындағы орта мектептің 1-сыныбына барған. 1991 жылы қазіргі Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті аяқтаған. Алматы қаласындағы Ауылшаруашылық институтына 1991 жылы түскен, кейін денсаулық жағдайына байланысты сыртқы бөлімге ауысқан.Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Орталық Қазақстан технология және менеджмент институты АҚ колледжінде «пайдалы қазбаларды байыту», 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.