
Өмірбаян
1973 жылы 11 маусымда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Құмөзек ауылы Ы.Алтынсарин атыындағы орта мектептің 1-сыныбына барған. 1991 жылы қазіргі Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті аяқтаған. Алматы қаласындағы Ауылшаруашылық институтына 1991 жылы түскен, кейін денсаулық жағдайына байланысты сыртқы бөлімге ауысқан.Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Орталық Қазақстан технология және менеджмент институты АҚ колледжінде «пайдалы қазбаларды байыту», 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Мойынқұм ауданында Құмөзек савхозында жұмысшы болып бастаған. 1993-1996 жылдары Мойынқұм ауданы Құмөзек савхозында слесарь, 1996-1998 жылдары Мойынқұм ауданы Құмөзек савхозы №2 бөлімшесінде жұмысшы, 2000-2001 жылдары Мойынқұм ауданы Ақбақай кен байыту фабрикасында жұмысшы, 2001-2007 жылдары Мойынқұм ауданы Ақбақай кен байыту фабрикасында үңгілеуші, 2007-2010 жылдары Мойынқұм ауданы Ақбақай кен байыту фабрикасының "Доре" зауытының диірменшісі, 2010-2015 жылдары Мойынқұм ауданы "Сұлу" шаруа қожалығының жетекшісі, 2015-2016 жылдары Мойынқұм ауданы "Мөлдір" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының аға шебері болып жұмыс атқарған. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мойынқұм ауданы Қарабогет ауылдық округінің әкімі.