Стратегия және жобалау қызметі басқармасы құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Комитеттің мақсаттары: 1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.