Стратегия және жобалау қызметі басқармасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім басқармасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті Стратегия және жобалау қызметі басқармасы Қазақстан республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметті қамтамасыз етумен және үйлестірумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне жобалар мен инновацияларды енгізумен айналысады.
Басқарманың қызметіне кіреді:
– Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметті қамтамасыз ету және үйлестіру;
– Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне жобалар мен инновацияларды енгізу.
– ҒЖБМ-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде Стратегиялық және Операциялық жоспар мен жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыруды үйлестіру;
– Академиялық артықшылық орталықтарын құру арқылы өңірлік жоғары оқу орындарында зерттеу экожүйесін қалыптастыру;
– Жаңа меншік нысаны – КЕАҚ көшу аясында ЖОО-ларда эндаумент қорларын құру;
– Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
– Қазақстан Республикасы ҒЖБМ стратегиялық және операциялық жоспары мен жұмыс жоспары, Қазақстан Республикасының «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар шеңберіндегі іс-шаралары, Мемлекет басшысының қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысында берілген тапсырмалары шеңберіндегі іс-шаралары, 2026 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша қорытынды мониторингіті жүргізу;
Басқарманың байланыс телефон нөмірлері: 8 (7172) 74-27-25, 8 (7172) 74-20-38, 8 (7172) 74-24-26.