Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Басқарма жұмысының негізгі бағыттары: Қорғаншылық пен қамқоршылық: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларына орналастыру (асырап алу, қорғаншылық, патронат, қабылдаушы отбасы) және олардың тұрмыс жағдайына жарты жылда кемінде бір рет мониторинг жүргізу. Ерте анықтау және кешенді көмек: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке немесе суицидтік мінез-құлыққа тап болған балаларды ерте анықтап, «кейс-менеджмент» жүйесі арқылы әр балаға жеке педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу көрсету. Үйлестіру жұмыстары:Психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын басқару. Қауіпсіздік пен алдын алу:Мектептердегі қауіпсіздік талаптарын (бейнебақылау, турникеттер, антитеррорлық қорғаныс) және балалардың жазғы демалысын бақылау.