Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Түркістан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
ТОО «Инновационный комплекс "Састобе"»
Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях
АО "Созак Ойл энд Газ"
Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях
АО "КазТрансОйл"
Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях
«Жарас-10» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Орналасқан күні Хабарландыру 24.11.2026 ж. 1.Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округі, 001 квартал, 2297, 2299 учаскелерінде орналасқан қолданыстағы кірпіш зауыты үшін жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасына ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. 2. Тыңдау өткізу күні, уақыты және орны: 24.12.2026 ж. сағат 15:00, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округі, Ұялыжар ауылы, Төле би көшесі, 2-үй, (әкімдік ғимараты). 3. Жоба тапсырыс берушісі: ЖШС «Жарас-10», БСН: 030540008926, мекенжайы: Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Б. Исаxанов ауылы, Қ. Омаров көшесі, 86-үй,телефон: +7 747 287 9097 4. Жобалаушы:«EcoCentre-Consulting» ЖШС, БСН: 180640031908, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі.20 Б., e-mail: [email protected], тел.: +7 /700/ 423-29-82. 5. Жобалық құжаттамамен танысу www.ndbecology.gov.kz порталынан қарауға болады. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: [email protected],тел. +7700 423 29 82. 6. Мүдделі жұртшылық қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша және қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасы бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда " Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, мекенжайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау трассасы, 2, е-mail: [email protected], тел.: 8 (7253) 33-36-59. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының (МИО) ресми сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-tabigi-resurstar?lang=ru. 7. Zoom конференциясына қосылу үшін сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09 Идентификатор конференции: 616 540 8596 Код доступа: 123456 8. Географиялық координаттары: 42°28'55.6"N 69°21'31.1"E.
Хусан Тешабаев қоғамдық тыңдаулар өткізеді
Орналасқан күні Хабарландыру 24.11.2026 ж. 1.Хусан Тешабаев«Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Икан ауылдық округі, 100 орам, 310 учаскесі мекенжайы бойынша жол құрылысына арналған ұсақтау-сұрыптау қондырғысы» жобасы бойынша II санаттағы объектіге әсер етуге рұқсат алу үшін материалдар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 2. Тыңдау 2026 жылғы 23 желтоқсан сағат 15:00-де Түркістан облысы, Түркістан қ. а.., Сауран ауданы, Жаңа Икан ауылы, Ибата ауылы, Ибадулла Ата көшесі, 7А ғимарат мекенжайы бойынша өтеді. 3. Zoom сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/6165408596?pwd=a1o0a3ROUGROYm1xZDZtbXJnTkNRUT09 Конференция идентификаторы: 616 540 8596, Кіру коды: 123456. 4. Әсер ету аумағы: 43°41'49.95"С, 68°72'82.90"В 5. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты жергілікті атқарушы орган – "Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ Тел: 8725-33-5-98-49 . Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық пошта мекенжайы https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tabigi-resurstar/Contacts?lang=ruсондай-ақ ресми сайт https://ndbecology.gov.kz/, электрондық пошта: [email protected]. 6. Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz//. 7. Жоспарланған қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері: Хусан Тешабаев, ЖСН: 820103300229, мекен-жайы: Шымкент қ., Самал ш /а., Тәжібай ата көшесі, 29 үй. 8. Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері: «Каз Гранд Эко Проект» ЖШС, тел, 8(775)3245005 Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 20 б. БСН 111040001588. 9. Қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады: 87753245005, [email protected]
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары; - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері; - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері; - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары; - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар; - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер; - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар. Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді. Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге. Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді. «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз. Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков. Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
