Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды

    Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

    Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

    - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

    - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

    - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

    - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

    - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

    - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

    - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

    Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

    Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

    Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

    Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

    «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

    «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

    Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

    Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

    Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

    Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    ТОО «Инновационный комплекс "Састобе"»

    Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях

    Хабарландыру

    АО "Созак Ойл энд Газ"

    Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях

    Хабарландыру

    АО "КазТрансОйл"

    Дата размещения Объявление 25.11.2026 г. Отчет о возможных воздействиях

    Хабарландыру

    «Жарас-10» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 24.11.2026 ж. 1.Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округі, 001 квартал, 2297, 2299 учаскелерінде орналасқан қолданыстағы кірпіш зауыты үшін жол берілетін шығарындылар нормативт...

    Хабарландыру

    Хусан Тешабаев қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 24.11.2026 ж. 1.Хусан Тешабаев«Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Икан ауылдық округі, 100 орам, 310 учаскесі мекенжайы бойынша жол құрылысына арналған ұсақтау-сұрыптау қондырғысы» жобасы...

    Хабарландыру

    «DARIA ГРУПП» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 20.11.2026 ж. 1.«DARIA ГРУПП»ЖШС тасты ұсақтау-сұрыптау қондырғысана (ҰСҚ) қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын алу үшін жасалған жобалық құжаттарға ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізі...

    Хабарландыру

    «Aurum Mining» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 18.11.2026 ж. 1.«Aurum Mining»ЖШС "Жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары: 4 (төрт) блок-К-42-57- (10а-5а-2,3,6,7), (Қарағашты) 2026-2027 жылдарға арналған" жобасы бойынша II...

    Хабарландыру

    «Aurum Mining» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 18.11.2026 ж. 1.«Aurum Mining»ЖШС "Жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары: 4 (төрт) блок-К-42-57- (10а-5а-2,3,6,7), (Қарағашты) 2026-2027 жылдарға арналған" жобасы бойынша қор...