Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы
«Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Жаңалықтар
Бекітілген Түркістан облысының аумағының қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы
Эскиздік жобаны тапсыру бойынша нұсқаулық
Жеке қабылдау 4 тоқсан 2026 жыл
Тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға жол бермеу
АшуТүркістан облысының бас жоспарлары
Жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау .
Құжаттар
Кітап оқыйтын ұлт
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды. «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді. «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады. Қазіргі таңда Сіздерге «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты аталған жобаға қатысушыларды тіркеу жұмысы басталды. https://reading-nation.kz/ сайтына өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз!
Жеке қабылдау 4 тоқсан 2026 жыл
ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асанов Қуаныш Қабылбекұлы Түркістан қаласында, Жаңа қала шағын ауданында облыстық басқармалар үйінде орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау өткізетінін хабарлаймыз. Ағымдағы жылдың қазан айының 21 күні сағат 16:00-17:00 дейін қараша айының 24 күні сағат 16:00-17:00 дейін желтоқсан айының 22 күні сағат 16:00-17:00 дейін
Сәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің лауазымдық нұсқаулық
Лауазымдық нұсқаулық қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру бөлімі
Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2026 жылғы «___» сәуірдегі №________ бұйрығына 1-қосымша Лауазымдық нұсқаулық Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі басшысының Жалпы ережелер 1.1. Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі-Басқарма)бөлім басшысы (бұдан әрі-Бөлім басшысы)«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады. 1.2. Бөлім басшысы өзінің қызметі мен өкілеттіліктерін нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, Түркістан облысы әкімдігінің қаулылары, Түркістан облысы әкімінің шешімдері, өкімдері, Басқарма туралы ереже, Басқарманың бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық нұсқаулық негізінде жүзеге асырады. 1.3. Бөлім басшысы – басқарма басшысынан жұмыс бабында тапсырма, бұйрықтар алады және бағынады. 1.4. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы бөлімнің бас мамандарының бірі уақытша атқарады. 1.5. Бөлім басшысына бағынатын лауазымдар: 3 бас маман. Қалақұрылыстық кадастырының жұмысыны ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі басшысының құқықтары 2.1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлім басшысы: 1) Аталмыш лауазымдық нұсқаулықтар қарастырылған міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға; 3) Функционалдық міндеттерді атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарынан және басқармаға бағынысты мекемелерден сұратып алуға; 4) Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға; 5) Жеке басын құрметтетуге, басшылардан және өзге лауазымды тұлғалар мен азаматтар тарапынан әділ де сыйластық қарым-қатынастың болуына; 6) Әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға; 7) Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге; 8) Еңбек, денсаулық жағдайын қорғауға қауіпсіз және жоғарғы еңбек өнімділігіне қажетті еңбек шарты болуына. Қалақұрылыстық кадастырының жұмысын ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі басшысының міндеттері 3.1. Бөлім басшысының міндеттеріне: 1) Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасайды; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен ҚР Үкіметінің Қаулылары, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің шешімдері және өкімдері, басқарма басшысының бұйрықтары, бөлімге айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуын ұйымдастырады; 3) Бөлімнің жұмысын басқарады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, олардың тиісті дәрежеде орындалуымен еңбек тәртібі сақталуын қамтамасыз етеді; 4) Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарын әзірлейді және орындалуын бақылайды; 5) Мемлекеттік қалақұрылысы кадастырының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және мәліметтер беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 6) Қалақұрылысы кадастрының дерекқорына ақпараттар мен мәліметтерді беру мәселелері бойынша аудан мен қалалық сәулет бөлімдерімен жұмыстарды үйлестіру; 7) Басқармамен әзірленетін қалақұрылыстық құжаттамалары, елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжей жоспарлау жобаларына өткізілетін мемлекеттік сараптама жұмыстарын мемлекеттік сатып алу порталына енгізуді ұйымдастыру; 8) Қалақұрылысы кадастрына мәліметтерді жинақтау мақсатында аудан мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен атқарылған жұмыстары бойынша мониторинг жүргізу; 9) Аудан және қалалардың топотүсірілім жұмыстарын, бас жоспарлар мен егжей-тегжей жобалау жұмыстарын әзірлеу бойынша өтінімдерді жинақтап, бюджеттік өтінімдерді ережеге сәйкес рәсімдеу; 10) Облыс бойынша елді мекендердің құрылыс салынған аумақтарына жерасты және жерүсті инженерлік жүйелерді түгендеу бойынша шығындар сметасы әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру; 11) Басқармадағы жалпы құжат айналымының электрондық құжат айналымы Ережесіне сәйкес жүргізуілуін үйлестіру және бақылау; 12) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың хаттарын белгіленген тәртіппен қаралып, орындалуын ұйымдастыру; 13) Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету; 14) Басқармаға тиісінше сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, өтініштерін заң талабына сәйкес қарау; 15) Басқармадағы компьютерлерді қажетті бөлшектермен қамтамасыз ету үшін бөлімдерден ұсыныс жинап, қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу; 16) Бюджетті құрастыруда апаратты ұстау бойынша ұсыныстарды жасау және есептерді әзірлеу; 17) Басқарманың қажеттілігіне қарай бюджеттік өтінімдерді әзірлеу; 18) Басқармада еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру; 19) Басқарманың кадр мониторингі жеке кадрлық іс жүргізу жұмыстарының орындалуын ұйымдастыру; 20) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың жұмыстары мен құқықтық білім сабақтарын ұйымдастыру; 21) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуына қамтамасыз ету; 22) Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым. Қалақұрылыстық кадастырының жұмысыны ұйымдастыру және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі басшысының жауаптылығы 4.1. Бөлім басшысы: 1) функционалдық міндеттерді бұлжытпай орындауға. 2) өз іс-әрекетіңіздің заңдылығына. 3) лауазымдық міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға. 4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкін. 5) Қызметтік нұсқаулықты бұлжытпай орындауға жауапты. 6) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет актілерінің және облыс шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының дер кезінде және толық орындалуын бақылайды. 7) Әдеп Кодексінің нормаларын бұзбауға, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер мен заңнамалардың талаптарын орындауға. Нұсқаулықпен таныстым және көшірмесін алдым: Қалымбетова Жанна Әшімқызы ___________ «___»____ 2026 жыл (қолы, күні)
Бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің Лауазымдық нұсқаулықтары
Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 2026 жылғы «___» сәуірдегі №_______бұйрығына 9-қосымша Лауазымдық нұсқаулық Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімі басшысының Жалпы ережелер 1.1. Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі-Басқарма)бөлім басшысы (бұдан әрі-Бөлім басшысы)«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады. 1.2. Бөлім басшысы өзінің қызметі мен өкілеттіліктерін нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, Түркістан облысы әкімдігінің қаулылары, Түркістан облысы әкімінің шешімдері, өкімдері, Басқарма туралы ереже, Басқарманың бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық нұсқаулық негізінде жүзеге асырады. 1.3. Бөлім басшысы – басқарма басшысынан жұмыс бабында тапсырма, бұйрықтар алады және бағынады. 1.4. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы бөлімнің бас мамандарының бірі уақытша атқарады; 1.5. Басқарма басшысы уақытша болмаған кезінде (еңбек демалысы, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздығы және басқа да негіздері) оның өкілеттіктерін осы бөлімнің басшысы атқарады; 1.6. Бөлім басшысына бағынатын лауазымдар: 2 бас маман. Бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысының құқықтары 2.1. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бөлім басшысы: 1) Аталмыш лауазымдық нұсқаулықтар қарастырылған міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға; 3) Функционалдық міндеттерді атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарынан және басқармаға бағынысты мекемелерден сұратып алуға; 4) Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға; 5) Жеке басын құрметтетуге, басшылардан және өзге лауазымды тұлғалар мен азаматтар тарапынан әділ де сыйластық қарым-қатынастың болуына; 6) Әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға; 7) Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге; 8) Еңбек, денсаулық жағдайын қорғауға қауіпсіз және жоғарғы еңбек өнімділігіне қажетті еңбек шарты болуына. Бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысының міндеттері 3.1. Бөлім басшысының міндеттеріне: 1) ҚР Президенті мен облыс әкімінің сәулет және қала құрылысы қызмет саласындағы бағдарламалары мен іс-шараларын жүзеге асыру; 2) Аумақтардың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективті міндеттерін шешуге бағытталған құрылыс кешенді дамуының біріңғай стратегиясын, мемлекеттік сәулет, қала құрылысы саясатын қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныс енгізу; 3) Аумақтарда құрылыс салудың, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін сақтау мен күтіп ұстау ережелерін жасау және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыну жұмыстарын үйлестіру; 4) Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлауды ұйымдастыру; 5) Елді мекендер мен аумақтардағы қала құрылысы мәселелерін реттейтін нормалармен ережелерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу; 6) Аумақтар мен елді мекендердің кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуының ағымды және перспективті мәселелерін шешуге, өмірлік қызмет ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу; 7) Елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжей жобалау жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау, мониторинг жүргізу; 8) Елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қадағалау, мониторинг жүргізу; 9) Халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау; 10) Ведомстволық бағынысты, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу және облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу; 11) Агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну; 12) Өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекенлерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру; 13) "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсi бар құжаттармен белгіленген тәртіпте жұмыс жүргізуді, олардың есепке алу, олардың қолданылуы мен сақталынуын қамтамасыз етілуін қадағалау; 14) Қызмет атқару барысында өзіне белгілі болған мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпиялар қатарына жататын мәліметтермен жұмыс жүргізу және оны жария етпеу; 15) Басқарманың мұрағатын жасау және жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру; 16) Мұрағатқа орындалған құжаттарды, картографиялық материалдарды (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, топографиялық түсiрулер) қабылдау, оларды есепке алуды және сақтау жұмыстарын ұйымдастыру және электронды мұрағат жұмыстарын жүргізу; 17) Құжаттардың және графикалық материалдардың пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру; 18) Басқармаға сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, өтініштерін заң талабына сәйкес қарау; 19) Жоғары органдардан, облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшысының берген тапсырмаларының бөлімге қатысты тармақтарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; 20) Бөлімнің жұмыстары мен тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылау; 21) Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету және жұмысын үйлестіру; 22) Басқарма басшысының баяндамалары мен есептеріне бөлім тарапынан қажетті мәліметті тапсыру; 23) Бөлімге қатысты жылдық және тоқсандық есептерді дайындау, келісім-шарттар жасау және қала құрылыстық ақпараттарды мәліметтер базасына жинау, өндеу мен енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 24) Өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; 25) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуына қамтамасыз ету; 26) Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым. Бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысының жауаптылығы 4.1. Бөлім басшысы: 1) функционалдық міндеттерді бұлжытпай орындауға. 2) Өз іс-әрекетіңіздің заңдылығына. 3) Лауазымдық міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға. 4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкін. 5) Қызметтік нұсқаулықты бұлжытпай орындауға жауапты. 6) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет актілерінің және облыс шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының дер кезінде және толық орындалуын бақылайды. 7) Әдеп Кодексінің нормаларын бұзбауға, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер мен заңнамалардың талаптарын орындауға. Нұсқаулықпен таныстым және көшірмесін алдым: Шораева Сания Асқарқызы ___________ «___»____ 2026 жыл (қолы, күні)
Бюджеттік бағдарламасы бойынша паспорт
272 «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ММ» 272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған түсіндірме жазбасы Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылы 114 423,0 мың теңге бөлініп, оның 114 422,3 мың теңгесі игерілді, жоспар бойынша 100 пайызға орындалды. Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында 12 штатық бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штаттық бірліктерін ұстау және 6 техникалық қызмет көрсететін персоналдарға уақытылы еңбек ақысы төленді, үздіксіз жұмыс атқару үшін қажетті тауарлармен, негізгі құралдармен қамтамасыз етілді. Бюджеттік бағдарламада жоспарланған тікелей нәтижелерге қол жеткізілді. Ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы: 272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылы 116 865,0 мың теңге қаржы қаралып, нақтыланған қаржы көлемі 116 865,0 мың теңге, жыл соңына дейін толық игеріледі. Сонымен қатар, 2026 жылы 272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша басқарма аппаратын күтіп ұстауға және қызметкерлерге мерзімінде еңбек ақы төлеу мақсатында 3 957,0 мың теңге қаржы қаралу жоспарланып отыр. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мақсаттар мен жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланатын бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы: бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы:272 001 «Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2026 жылға бюджеттік өтінімде көзделген шығыстардың көлемі 3 957,0 мың теңгені құрады. Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2026 жылға арналған бюджеттік өтінім «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына сәйкес әзірленді. Оның ішінде: 111 «Еңбек ақы» ерекшелігі бойынша - 1 141,0 мың теңге. 113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша – 285,0 мың теңге. 116 «Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары» ерекшелігі бойынша 45,0 мың теңге. 121 «Әлеуметтік салық» ерекшелігі бойынша – 95,0 мың теңге. 122 «Әлеуметтік мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар» ерекшелігі бойынша – 86,0 мың теңге. 124 ерекшелігі бойынша әлеметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеуге – 105 мың теңге. 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша - 2 200,0 мың теңге. Облыстың инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат: «жоқ». Басқарма басшысы К.Асанов Бөлім басшысы Ж.Қалымбетова Бас маман-есепші М.Мырзабекова